10 Қантар 2019
89

Биыл Қазталов пен Чапаевтағы апатты деп танылған мектептерді қайта салу жоспарланған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

 

 

- Облыста 5 мектеп апаттық жағдайда деп танылған. Олар – Орал қаласындағы №31, №33 мектептер, Ақжайық ауданындағы Абай атындағы гимназия және М.Өтемісов атындағы орта мектеп, Қазталов ауданындағы А.Оразбаева атындағы орта мектеп.

Бұл мәселені шешу үшін 2 мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген. Биыл Қазталов ауылында 600 орындық А.Оразбаева атындағы орта мектеп пен Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталмақ, - деді Шолпан Маратқызы.

Осы оқу жылының басында үш ауысымды 5 мектеп болды. Желтоқсан айында Зашаған кентіндегі Сарытау шағынауданында 900 орындық №50 мектеп пайдалануға беріліп, үш ауысымды мектептер саны біреуге азайды. Қазір Орал қаласындағы №18, 20, 47, МСЭҚ мектептер үш ауысымда жұмыс жасауда.                                                      

Еске сала кетсек, қазір білім беру саласының бюджеті 60,5 млрд. теңгені құрайды.  

 

© zhaikpress.kz

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location