05 Қараша 2018
19

Азаматтар өтініштерін қарау

 

Батыс Қазақстан облысында

2018 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

 

 

  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15 -бабының 10 - тармағына сәйкес облыс әкімі аппараты, басқармалар және қала, аудандар әкімдері аппараттарына (дербес бөлімдер мен ауылдық округтерін қоса) талдау жүргізілді.

 

2018 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратымен, басқармалармен, аудан, қала әкімдіктері және олардың дербес бөлімдерімен, ауылдық округтермен 38 105 (32 503 - жеке, 5 602 - заңды тұлғалардан) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды.

 

(2017 жылдың сәйкес кезеңінде 46 537, оның ішінде 41 208 - жеке, 5 329 - заңды тұлғалардан, яғни 18 % - ға азайды, немесе 8 432).

 

Соның ішінде келіп түскені:

 

  • 17 687 (47%) қала әкімдігіне;
  • 14 780 (39%) - аудан әкімдіктеріне;
  • 3 459 (9%) – облыстық басқармаларға;
    • 2 179 (5%) - облыс әкімі аппаратына келіп түсті

 

            Жалпы 2018 жылдың 9 айында келесідей мәселелер  бойынша өтініштер көптеп келіп түсті:

 

  • 13 602 (35% ) жер қатынастары;
  • 7 209 (18% ) тұрғын үй;
  • 4 384 (11% ) еңбек қатынастары; 
  • 3 963 (10% ) құрылыс;
    • 1 991 (5% ) білім;
    • 1 185 (3% ) кәсіпкерлік; 
    • 805 (2% ) көлік;
  • 775 (2% ) денсаулық сақтау;
  • 522 (1% ) ауыл шаруашылығы.

 (өзге салалар бойынша 522 өтініштен төмен).

 

2018 жылдың 9 айында келіп түскен өтініштерді негізгі түрлеріне сәйкес бөлетін болсақ:

 

  • 35 132 (92% ) - арыз;
  • 1 427 (3,7% ) - сауал;
  • 1 159 (3,5% ) - шағым;
  • 380 (1% ) - ұсыныс;
  • 7 (0,01% ) - үн қосуды құрайды

2018 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысының әкімі, облыс әкімінің бірінші орынбасары және орынбасарлары мен аппарат басшысы 502 азаматты жеке қабылдады (2017 ж. 9 айында – 294).

 

Аудан әкімдері, оның орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері  мен дербес бөлім басшылары 3 096 азаматты жеке қабылдады.

 

Қала әкімі (369), қала әкімінің орынбасарлары (254), қала әкімдігінің ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары (329) 952.

 

Ал, облыстық басқарма басшылары 292 азаматты жеке қабылдады.

 

Аудан, қала әкімі, оның орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлім басшыларының қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша 3 148 түсінік берілді, 405 - оңды шешілді, 22 - қанағаттандырылмады, 473 қарау үшін басқа мекемелерге жолданды.

 

Басқарма басшысы, орынбасарларының қабылдауында болған азаматтардың мәселелері бойынша 17 өтініш оңды шешілді, 1 өтініш қаңағаттандырылмады, 264 өтініш бойынша түсінік берілді, 10  қарау үшін басқа мекемелерге жолданды.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында

 

 

2018 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

 Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына 2 179 (1900 - жеке, 279-заңды тұлғадан) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде 1 233 өтініш, 783 шағым, 60 сұраныс, 97 ұсыныс, 6 үн қосу.

 

2 179 өтініштің 905-і мемлекеттік тілде және 1274-сы орыс тілінде түсті.

 

Түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны - 13, заңға сәйкес түсінік берілгені – 1 390, 9 - тоқтатылды, 3 - назарға алынды, 701 өтініш қарау үшін жолданды, 63 өтініш - қаралуда.

 

2018 жылдың 9 айындағы көрсеткіштерді 2017 жылдың 9 айындағы қорытындысымен салыстырсақ, өтініштер санының 77% - ға немесе 951 ұлғайғаны байқалады (2017 ж. 9 айында – 1 228).

 

Қала, аудандар әкімдері аппараттары және облыстық басқармаларда 2018 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

Аудан, қала әкімдіктеріне 32 467 (28 207 - жеке, 4 260 – заңды тұлғалардан) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде 31 423 өтініш, 199 шағым, 661 сұраныс, 184 ұсыныс.

 

Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны - 6 951 өтініш, заңға сәйкес түсінік берілгені - 16 340, бас тартылғаны - 84, тоқтатылғаны - 56, іске жабылғаны - 4, 8 205 өтініш қарау үшін жолданды, 827 өтініш қаралуда.

 

Облыстық басқармаларға 3 459 (2 397 - жеке, 1 062 - заңды) азаматтардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде 2 476 өтініш,  177 шағым, 706 сұраныс, 99 ұсыныс, 1 үн қосу.

 

Келіп түскен өтініштер санынан қанағаттандырылғаны - 676, заңға сәйкес түсінік берілгені - 1 502, бас тартылғаны - 15, тоқтатылғаны - 400, іске жабылғаны - 2, 787 өтініш қарау үшін жолданды, 77 өтініш қаралуда.