05 Қараша 2018
16

Бөкей ордасы ауданы

 

1. Басшылық

 

Рахымжанов

Нұрлан Сағынтайұлы - аудан әкімі

Зұлқашев

Рүстем Мүлкәйұлы - аудан әкімінің орынбасары

қайырғалиева

Лариса Тельманқызы - аудан әкімінің орынбасары

Айтқалиев

Ержан Жексенұлы - аппарат басшысы

 

2. аудан туралы қысқаша ақпарат

 

Аудан 1972 жылы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде құрылған. Ауданның аумағы 19,2 мың км2 тең. 2018 жылдың 1 сәуіріне ауданның халқы 16 207 адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы  (1 км2 аумақта) 0,8 адамды құрайды.

 

Аудан орталығы Сайқын ауылында орналасқан, аудан орталығынан  Орал қаласына дейінгі қашықтық - 550 км.

 

Аудан құрамына 7 ауылдық округ кіреді: Сайқын, Орда, Мұратсай, Бисен, Темір Масин, Ұялы, Саралжын.

 

3. БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ БАСШЫСЫ ЖӘНЕ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

 

Т.А.Ә

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУДЫҢ КҮНІ ЖӘНЕ УАҚЫТЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАР

РАХЫМЖАНОВ

Нұрлан Сағынтайұлы

Аудан әкімі

Әрбір жұма күні

сағат 15:00-ден бастап 17:00-ге дейін

8(71140)21-100

ЗҰЛҚАШЕВ

Рүстем Мүлкәйұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Әрбір бейсенбі

күні сағат 14:30-дан бастап 17:00-ге дейін

8(71140)21-120

ҚАЙЫРҒАЛИЕВА

Лариса Тельманқызы

Аудан әкімінің орынбасары

Әрбір сәрсенбі

күні сағат 14:30-дан бастап 17:00-ге дейін

8(71140)21-400

АЙТҚАЛИЕВ

Ержан Жексенұлы

Аппарат басшысы

Әрбір сейсенбі

күні сағат 14:30-дан бастап 17:00-ге дейін

8(71140)21-130

 

 

5. НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІМАҚСАТТАРЫЖӘНЕміндеттері:

 

Мақсаттары және міндеттері:

 

1. «Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің миссиясы және мақсаттары – Бөкей ордасы ауданының атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету, ақпараттық қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

 

2. «Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері мыналар болып саналады:

 

1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы, 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің, аудан әкімі және әкімнің орынбасарлары тапсырмаларының орындалуын бақылау және орындалуды ұйымдастыру;

3) аудан әкімдігі мен әкімі актілерін, аудан әкімі және оның орынбасарларының тапсырмаларын пәрменді, мінсіз және дер мерзімінде орындау;

4) аудан әкімін, оның орынбасарларын және аудан әкімдігін Бөкей ордасы ауданы аумағындағы істің жай-күйі туралы дер мерзімінде және толық хабардар ету.

 

Қызметтері:

 

1. «Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің қызметінің нысанасын асыру үшін келесі функциялар болып табылады:

1) өз құзыры шегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының іске асыру жолын  қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын аудан аумағында іске асыруға қатысады; 

2) жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттіктерге сәйкес аудандық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

3) Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда аудан аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды жасақтайды;

4) заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

5) өндіріс, импорт алмастыратын өндірістерді дамыту үшін шетел кредиттерін және инвестицияларын тарту саласында дамудың басымды бағыттарын айқындау,  өңіраралық байланыстарды үйлестіру және қор жүйесін жасақтау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады және енгізеді;

6)  «Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі аппаратымен, жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, жергілікті уәкілетті органдармен, ауылдық округ әкімдерімен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

7) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;

8) аудан әкімі және оның орынбасарлары өткізетін кеңестерді, кездесулерді, сапарларды және басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, аудан әкімін, оның орынбасарлары мен «Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін шаруашылық, қаржылық қызмет көрсету мәселелерін шешеді;

9) «Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

10) аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың арыз-өтініштерін қарауды, азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыруды, келіп түскен азаматтардың хаттары мен өтініштерін, құжат ағынын талдауды, іс жүргізуді, құпия құжаттармен жұмысты жолға қоюды және жетілдіруді, іс жүргізуді мемлекеттік тілінде қолдануды ұйымдастырады;

11) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;

12) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;

13) облыстық, сондай-ақ аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен шұғылданады;

14) ақпараттық технологияларды, электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу;

15) аудан әкімінің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағлымдамадан өтуін, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;

16) бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімдігінің, аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін жарықтандыруды ұйымдастырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді;

17) аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен ауданда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

6. Пошта адресі: 090200, БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 31

7Электрондық пошта адресі: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

8. Анықтамалық қызметтердің телефондары8(71140)21-100

9Ресми интернет-ресурс: www.bokeyorda-bko.gov.kz