05 Қараша 2018
12

Бөрлі ауданы

 

1. Аудан басшылығы

 

 

Әлиев Санжар Жұматайұлы

 

Аудан әкімі

Ихсанов Еркебұлан Нұретдинұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Каналин Жаңабай Нәбиұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Көшкінбаев Алпамыс Жаңабайұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Агедилов Дархан Мүтиғоллаұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

 

2. Аудан туралы

 

Бөрлі ауданы 1935 жылдың 30 маусымында құрылған, қазіргі шекаралар бойынша аудан 1965 жылы қалыптасты. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Облыстың үш ауданымен және солтүстікте Жайық өзені бойымен Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектеседі. Аудан аумағы 5556 мың шаршы м. құрайды. 2016 жылдың 01 желтоқсандағы жағдайға  қарағанда ауданда халық саны  55393 адам, соның ішінде – Ақсай қаласында – 38388 адам. Халықтың орташа тығыздығы (1 шаршы км аумақта) 9,8 адамды құрайды. Аудан аумағында 31  елді мекен бар, соның ішінде 14 әкімшілік-аумақтық бөлініс кіреді: Ақбұлақ, Александровка, Ақсу, Бөрлі, Бумакөл, Березов, Жарсуат, Кентүбек, Қанай, Қарағанды, Пугачев, Приурал, Успен ауылдық округтері және Ақсай қаласы. Аудан орталығы Ақсай қаласында орналасқан. Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық 140 км.

 

3. Бөрлі ауданы әкімі аппаратында азаматтарды қабылдау кестесі

 

Т.А.Ә

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Байланыс телефоны

Әлиев Санжар Жұматайұлы

Аудан әкімі

апта сайын
дүйсенбі күні
сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін

8(71133)

20-4-72

Ихсанов Еркебұлан Нұретдинұлы

Аудан әкімінің орынбасары

апта сайын
жұма күні
сағат 10.00-нан 12.00-ге дейін

8(71133)

20-4-10

Каналин Жаңабай Нәбиұлы

Аудан әкімінің орынбасары

апта сайын
жұма күні
сағат 10.00-нан 12.00-ге дейін

8(71133)

20-5-06

Көшкінбаев Алпамыс Жаңабайұлы

Аудан әкімінің орынбасары

апта сайын
жұма күні
сағат 10.00-нан 12.00-ге дейін

8(71133)

20-4-10

Агедилов Дархан Мүтиғоллаұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

апта сайын
жұма күні
сағат 10.00-нан 12.00-ге дейін

8(71133)

20-8-09

 

4.Негізгі функциялары, мақсаттары және міндеттері:

 

1. «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттің егемендігін қорғау және нығайту бойынша саясатын өмірге енгізу;

2. «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріаудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық тұрғысынан қамтамасыз ету болып табылады

 

Функциялары:

 

1) әкім аппаратының жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

2) экономикалық реформаларды жүзеге асыру,оны жүзеге асырудыңтактикасы мен тетіктерін айқындау,өнеркәсіпперспективаларының, ауданныңауыл шаруашылығы кешендерінің, әлеуметтік-мәдени саланың, сыртқы экономикалық байланыстардың дамуынжәнежай-күйін талдау.Тиісті болжамдар әзірлеу, маңызды проблемаларды табу және оларды шешу жөнінде ұсыныстарды даярлау;

3) заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, басқару органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайтубойыншашараларды әзірлеу, халықты әлеуметтік және құқықтық қорғаудың тиімді тетігін әзірлеу;

4) Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратымен, сондай-ақ аудандық мәслихатпен өзара тығыз жұмыс жасау;

5) барлық деңгейдегі атқарушы органдардан аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын бағдарламалар, концепциялар мен болжамдарды сапалы даярлауға қажетті ақпаратты дер кезінде алу, осы құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысу;

6) Қазақстан Республикасының заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, әкімдік қаулыларының, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің бөлімдермен, жергілікті билік органдарымен және басқа да ұйымдармен орындалуын бақылау, ұйымдастыру және қамтамасыз ету,

7) ауданныңаймақаралық сыртқы экономикалық байланыстарынкеңейту мәселелері бойыншаұсыныстар дайындау, бұл байланысты практикалық іске асырубойынша шараларды әзірлеужәне олардың орындалуын бақылау, көршілес облыстардың шекаралас аймақтарыменынтымақтастықбойынша жұмыстарды үйлестіру;

8) аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшінмәселелерді зерттеу және материалдар дайындау;

9) әкімдік отырыстарын, әкім және оның орынбасарлары жүргізетін басқа да шараларды ақпараттық-талдау, құқықтық-ұйымдастыру және материалдық- техникалық қамтамасыз ету;

10) әкім аппаратының жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, жұмыс бабындағы құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, іс жүргізуді жетілдіру, мемлекеттік және орыс тілдерінің қолданылуын қамтамасыз ету;

11) ауданның мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарыныңтұрақтылық, ұлтаралық келісім және қоғамның топтасуын қамтамасыз ету бойыншақызметін үйлестіру;

12) аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ төмен тұрған әкімдердің мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды орындауы бойынша істер жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

13) аудан әкімі аппаратының жұмысын әкім аппаратының ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жәнеолармен өзара қатынасты ұйымдастыру, Президент пен Үкімет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;

14) аудан әкімі тағайындаған лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлардың сапалық құрамына және қозғалысына талдау жасау, олардың оқуын және қайта дайындығын ұйымдастыру.

 

5. Пошталық мекен-жайы: БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесі №99

6. Электрондық мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

7.Анықтамалық қызмет телефондары: 8 (71133) 20-3-68, 20-4-75, 20-9-31

8. Ресми интернет-ресурсы: http://aksai-bko.gov.kz