05 Қараша 2018
17

Теректі ауданы

 

1.  Аудан басшылығы:

 

Аудан әкімі – Жоламанов Әділ Тауфикұлы

Аудан әкімініңорынбасары –

Аудан әкімінің орынбасары – Уалиев Лауаз Жеңісұлы

Ауданы әкімінің орынбасары – Тоқжанов Алтай Серғазыұлы

Ауданы әкімі аппаратының басшысы – Байгазиев Армат Амангелдіұлы

 

 2. Аудан туралы қысқаша ақпарат 

 

Батыс Қазақстан облысының құрамындағы Теректі ауданы 1933 жылы құрылған болатын. Ауданның әкімшілік орталығы-Федоровка ауылы облыс орталығы Орал қаласынан 45 км шығысқа қарай жатыр. Ауданның аумағы 8,0 мың шаршы км, бұл Батыс Қазақстан облысы аумағының 5,3 пайызы. Аудан Жайық өзенінің солтүстік жағалауында, облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның солтүстік шекарасы - Жайық өзені, батысында - Орал қаласы, шығысында Бөрлі ауданының, оңтүстігінде Сырым және Ақжайық аудандарының жерлерімен шекаралас.

 

Ауданның әкімшілік-аумақтық орналасуы: 15 ауылдық округ, оның ішінде 52 елді мекен. Аудан тұрғындарының саны  37 925 адам. 11 ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

 

Облыс аумағындағы ірі аудандырдың бірі - Теректі ауданы ежелден Еуропа мен Азияны тоғыстырған тарихи аймақ. Бұл жермен Ұлы Жібек жолы өткен. Ғасырлар өтсе де, дәстүрлі жолдан таймаған ауданның жерімен Еуропа мен Азияны байланыстыратын темір жол, республикалық маңыздағы «Самара-Шымкент» және «Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы»  тас жолы өтеді, халықаралық «Ақжол» әуежайы әлемнің қай жеріне болса да, жетуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлерге ауданда инфрақұрылымның барлық түрі қарастырылғандықтан кәсіпті жүргізуіне үлкен мүмкіндіктер бар.

 

Аудан аумағында «Ақжайық Санаториясы» ЖШС шипажайы орналасқан. Бұл жерде облыс және шетелдерден келген қонақтар Жайық өзені жағасында демалып, жүрек-тамыр жүйесі және т.б аурулардан емделеді.

 

Ауданда жалпы білім беру және арнайы оқу орындары жүйесі жақсы дамыған. Барлық мектептер компьютерленген, пәндік және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған. Оқу орындарына мемлекеттік грант бойынша түскен түлектер саны жыл санап өсуде. Ауданымыздағы «Үміт» лингвистикалық гимназиясы - облыс бойынша алдыңғы қатардағы білім беру мекемелерінің бірі.

 

Аудан аумағында тарихи, табиғаты ерекше қорғалатын жерлер бар. «Братановский яр» шатқалында әлемге әйгілі, Нобель сыйлығының лауреаты М.А. Шолоховтың саяжай-мұражайы, Шалқар ауылдық округіндегі Сарыөмір ауылында қазақтың танымал ағартушысы, ойшыл, жазушы Хамза Есенжановтың мұражайы орналасқан.

 

Орал өңірі табиғатының тамаша тарихи ескерткіштерінің бірі, ауданның оңтүстік-батысындағы Қазақстандағы ірі көл - Шалқар көлі. Орал қаласынан 75 км жерде орналасқан. Шалқар көлі балық пен құстарға бай.

 

3. Аудан әкімі және орынбасарлары мен аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі

 

Аты-жөні

Лауазымы

Мекенжайы

Қабылдау кезі

Байланыс телефоны

1

ЖОЛАМАНОВ

Әділ Тауфикұлы

Аудан әкімі

Теректі ауданы

Федоровка ауылы

Юбилейная көшесі 18 үй

2 қабат

Сәрсенбі

Сағат:

10.00-12.00

8-711-32-21-8-65

 

8-711-32-21-3-34

 

2

 

Аудан әкімінің орынбасары

Теректі ауданы

Федоровка ауылы

Юбилейная көшесі 18 үй

2 қабат

Сейсенбі

Сағат:

15.00-18.00

8-711-32-21-8-65

 

8-711-32-21-3-34

 

3

УАЛИЕВ

Лауаз Жеңісұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Теректі ауданы

Федоровка ауылы

Юбилейная көшесі 18 үй 2 қабат

Бейсенбі

Сағат:

15.00-18.00

8-711-32-21-8-65

 

8-711-32-21-3-34

 

4

ТОҚЖАНОВ

Алтай Серғазыұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Теректі ауданы

Федоровка ауылы

Юбилейная көшесі 18 үй 2 қабат

Жұма

Сағат:

15.00-18.00

8-711-32-21-8-65

 

8-711-32-21-3-34

 

5

БАЙГАЗИЕВ

Армат Амангелдіұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

Теректі ауданы

Федоровка ауылы

Юбилейная көшесі 18 үй

2 қабат

Дүйсенбі

Сағат:

10.00-13.00

8-711-32-21-8-65

 

8-711-32-21-3-34

 

 

4. НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ:

 

Мақсаттары және міндеттері:

 

«Теректі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және мақсаттары Теректі ауданының атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

Ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

 

Теректі ауданы әкімі аппаратының негізгі міндеттері мыналар болып саналады:

 

1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы, 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аудан әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

3) аудан әкімі мен әкімдігі актілерін, аудан әкімі және оның орынбасарларының, аудан әкімдігі тапсырмаларын пәрменді, дер мерзімінде және мінсіз орындау;

4) аудан әкімін, оның орынбасарларын және аудан әкімдігін Теректі ауданы аумағындағы істің жай-күйі туралы дер мерзімінде және толық хабардар ету.

 

Функциялары:

 

 «Теректі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің нысанасын асыру үшін келесі функциялар болып табылады:

 

1. өз құзыры шегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын аудан аумағында іске асыруға қатысады;

2. орталық атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттіктерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

3. Теректі ауданының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда аудан аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды жасақтайды;

4. Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылайды;

5. өндіріс, импорт алмастыратын өндірістерді дамыту үшін шетел кредиттерін және инвестицияларын тарту саласында дамудың басымды бағыттарын айқындау, өңіраралық байланыстарды үйлестіру және қор жүйесін жасақтау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады және енгізеді;

6.облыс әкімі аппараттарымен, жергілікті уәкілетті органдармен, селолық округ әкімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

7. заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;

8. аудан әкімі және оның орынбасарлары өткізетін активтерді, кеңестерді, кездесулерді, сапарларды және басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, аудан әкімін, оның орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты қызметкерлерін шаруашылық, қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;

9. Теректі ауданы әкімі аппараты жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

10. аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың арыз-өтініштерін қарауды, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, келіп түсетін азаматтардың хаттары мен өтініштеріне, құжат ағынына талдау жасайды, іс жүргізуді, құпия құжаттармен жұмысты, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қолдануды жолға қояды және жетілдіреді;

11. аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;

12. мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;

13. облыстық және аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен шұғылданады;

14. ақпараттық технологияларды енгізу, электрондық құжат айналымы жүйесі мәселелерімен шұғылданады;

15. аудан әкімінің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағлымдамадан өтуін, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;

16. бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімдігінің қызметін жарықтандыруды жүзеге асырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді;

17. аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен ауданда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

 

5. Мекен-жайы: БҚО, Теректі ауданы, Федоровка а, Юбилейная к. 18

6. Электронды пошта мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

7. Байланыс мәліметтері: 8-711-32-21-2-02, 8-711-32-23-1-88

8. Ресми интернет ресурска сілтемеwww.terekta-bko.gov.kz