05 Қараша 2018
14

Жәнiбек ауданы

 

1.Басшылық

 

Сафималиев Азамат Сафималиұлы

Аудан әкімі

Менешев Біржан Нұрланұлы

аудан әкімінің орынбасары

Абдолов Жақсылық Кәрімоллаұлы

аудан әкімінің орынбасары

Молдағалиев Асхат Хамитұлы

аудан аппаратының басшысы

 

2.Аудан туралы қысқша ақпарат:

 

Жәнiбек ауданы 1922 жылы құрылған. Облыс орталығынан оңтүстiк-батыс жағында 454 шақырым қашықтықта орналасқан. Аумағы 8,2 мың шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 17405 адам мекендейді. Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымы 9 ауылдық округтен тұрады.Табиғи-климаттық  жағдайы бойынша құрғақ, жартылай шөлейт аймаққа жатады. Автокөлiк жолдары 319 шақырымды құраса, соның ішінде 49 шақырымы қара жол, 188 шақырымы қиыршық тас төселген  жол және 82 шақырым грунттық жол.
Жәнібек ауданы Ресей Федерациясының Волгоград пен Саратов облыстарымен және Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда мен Казталов аудандарымен шекералас

 

 

3.Жәнібек ауданы басшысы және басшысы орынбасарларының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі

 


Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау кезі

Байланыс телефоны

1

Сафималиев Азамат Сафималиұлы

Аудан әкімі

-жұма, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, апта сайын

21-8-89

2

Менешов Біржан Нұрланұлы

Аудан әкімінің орынбасары

- сәрсенбі, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, апта сайын

21-0-35

3

Абдолов Жақсылық Кәрімоллаұлы

Аудан әкімінің орынбасары

- бейсенбі, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, апта сайын

21-8-66

4

Молдағалиев Асхат Хамитұлы

Аудан әкімінің аппарат басшысы

-сәрсенбі, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, апта сайын

21-2-07

 

4. НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ, МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ:

 

Мақсаттары және міндеттері: 


«Жәнібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жәнемақсаттары Жәнібек ауданының атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Жәнібек ауданы әкімі аппаратының негізгі міндеттері мыналар болып саналады:
1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы, 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аудан әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
3) аудан әкімі мен әкімдігі актілерін, аудан әкімі және оның орынбасарларының, аудан әкімдігі тапсырмаларын пәрменді, дер мерзімінде және мінсіз орындау;
4) аудан әкімін, оның орынбасарларын және аудан әкімдігін Жәнібек ауданы аумағындағы істің жай-күйі туралы дер мерзімінде және толық хабардар ету.


Функциялары: 


«Жәнібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің нысанасын асыру үшін келесі функциялар болып табылады:

 

  1. өз құзыры шегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын аудан аумағында іске асыруға қатысады;
  2. орталық атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттіктерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
  3. Жәнібек ауданының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда аудан аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды жасақтайды;
  4. Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылайды;
  5. өндіріс, импорт алмастыратын өндірістерді дамыту үшін шетел кредиттерін және инвестицияларын тарту саласында дамудың басымды бағыттарын айқындау, өңіраралық байланыстарды үйлестіру және қор жүйесін жасақтау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады және енгізеді;
  6. облыс әкімі аппараттарымен, жергілікті уәкілетті органдармен, селолық округ әкімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
  7. заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
  8. аудан әкімі және оның орынбасарлары өткізетін активтерді, кеңестерді,кездесулерді, сапарларды және басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, аудан әкімін, оның орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты қызметкерлерін шаруашылық, қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
  9. Жәнібек ауданы әкімі аппараты жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
  10. аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың арыз-өтініштерін қарауды, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, келіп түсетін азаматтардың хаттары мен өтініштеріне, құжат ағынына талдау жасайды, іс жүргізуді, құпия құжаттармен жұмысты, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қолдануды жолға қояды және жетілдіреді;
  11. аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;
  12. мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;
  13. облыстық және аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен шұғылданады;
  14. ақпараттық технологияларды енгізу, электрондық құжат айналымы жүйесі мәселелерімен шұғылданады;
  15. аудан әкімінің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағлымдамадан өтуін, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;
  16. бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімдігінің қызметін жарықтандыруды жүзеге асырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді;
  17. аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен ауданда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

 

5. Пошта мекен-жайы: 090500. БҚО, Жәнібек ауданы, Ғ.Қараш көшесі 61үй.

6. Электрондық пошта мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

7. Телефоны: 8 (711135) 21-8-89

8. Ресми интернет-ресурсы: zhanibek-bko.gov.kz