05 Қараша 2018
13

Жаңақала ауданы

 

1. Аудан басшылығы

 

Қарағойшин Науырызбай Қадырбайұлы

Аудан әкімі

Мұқамбетжанов Асқар Жомартұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Нұрғожин Жасұлан Сәкенұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Карменов Азамат Габдрашитұлы

Аудан әкімі аппаратының басшысы

 

2. Аудан туралы

 

Аудан 1930 жылы құрылған. Жаңақала ауданы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданның аумағы 20,8 мың шаршы км тең. 2017 жылдың 1 қаңтарына  ауданның халқы 24311 адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы (1 шаршы км аумақта) 1,2 адамды құрайды. Ауданнан бірнеше өзен ағып өтеді, олар: Үлкен Өзен - ұзындығы 70 км, Кіші Өзен - ұзындығы 60 км, Көшім - жалпы ұзындығы - 90 км, Мұқыр -ұзындығы 25 км.
Аудан орталығы 1972 жылы құрылған Жаңақала кентінде орналасқан, аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық - 252 км.
Аудан құрамына 9 әкімшілік-аумақтық бөлініс кіреді: Жаңақазан, Мәстексай, Жаңажол, Көпжасар, Меңдешев, Пятимар, Бірлік, Қызылоба және Жаңақала ауылдық округтері. Аудан орталығы – Жаңақала ауылы.

 

3. Жаңақала ауданы әкімі аппаратында азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаудың кестесі      

 


Аты-жөні, әкесінің аты

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Байланыс телефоны

Қарағойшин Науырызбай Қадырбайұлы

Аудан әкімі

Апта сайын, жұма күні сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін

21-9-45

Мұқамбетжанов Асқар Жомартович

Аудан әкімінің орынбасары

Апта сайын, сәрсенбі күні сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін

21-9-45

Нұрғожин Жасұлан Сәкенұлы

Аудан әкімінің орынбасары

Апта сайын, бейсенбі күні сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін

21-8-36

Карменов Азамат Габдрашитұлы

 Аудан әкімі аппаратының басшысы

Апта сайын, сейсенбі күні сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін

21-8-45

 

4.НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ,МІНДЕТТЕРІ:

Мақсаттары және міндеттері:
«Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және мақсаттары Жаңақала ауданының атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.
Ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Жаңақала ауданы әкімі аппаратының негізгі міндеттері мыналар болып саналады:
1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы, 1-тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аудан әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
3) аудан әкімі мен әкімдігі актілерін, аудан әкімі және оның орынбасарларының, аудан әкімдігі тапсырмаларын пәрменді, дер мерзімінде және мінсіз орындау;
4) аудан әкімін, оның орынбасарларын және аудан әкімдігін Жаңақала ауданы аумағындағы істің жай-күйі туралы дер мерзімінде және толық хабардар ету.


Функциялары: 


 «Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің нысанасын асыру үшін келесі функциялар болып табылады:

 

  1. өз құзыры шегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын аудан аумағында іске асыруға қатысады;
  2. орталық атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттіктерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
  3. Жаңақала ауданының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда аудан аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар мен болжамдарды жасақтайды;
  4. Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылайды;
  5. өндіріс, импорт алмастыратын өндірістерді дамыту үшін шетел кредиттерін және инвестицияларын тарту саласында дамудың басымды бағыттарын айқындау, өңіраралық байланыстарды үйлестіру және қор жүйесін жасақтау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады және енгізеді;
  6. облыс әкімі аппараттарымен, жергілікті уәкілетті органдармен, селолық округ әкімдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
  7. заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
  8. аудан әкімі және оның орынбасарлары өткізетін активтерді, кеңестерді, кездесулерді, сапарларды және басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, аудан әкімін, оның орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты қызметкерлерін шаруашылық, қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
  9. Жаңақала ауданы әкімі аппараты жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
  10. аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың арыз-өтініштерін қарауды, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, келіп түсетін азаматтардың хаттары мен өтініштеріне, құжат ағынына талдау жасайды, іс жүргізуді, құпия құжаттармен жұмысты, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қолдануды жолға қояды және жетілдіреді;
  11. аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;
  12. мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;
  13. облыстық және аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен шұғылданады;
  14. ақпараттық технологияларды енгізу, электрондық құжат айналымы жүйесі мәселелерімен шұғылданады;
  15. аудан әкімінің номенклатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағлымдамадан өтуін, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;
  16. бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімдігінің қызметін жарықтандыруды жүзеге асырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіреді;
  17. аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарымен ауданда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

 

5. Пошталық мекен-жайы: «Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» ММ, БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі № 44-үй

6. Электронды пошта мекен-жайы:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

7. Байланыс мәліметтері: 87114121945

8. Ресми интернет ресурска сілтеме: www.zhanakala-bko.gov.kz