02 Қараша 2018
15

Келушілер үшін ақпарат

 

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ғимаратында интернет модульдермен және фото-, бейнекамералармен жарақтандырылған қондырғыларды (ұялы телефон, планшет, смарт-сағат, ноутбуктерді) алып кіруге және қолдануға тыйым салынады.

 

Ғимарат ішіне алып кіруге және пайдалануға тыйым салынған заттарды күзет бекеті жанында орналасқан сейф жәшіктеріне қалдыру қажет.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің (қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде) фото-, бейнекамералармен жарақтандырылған құрылғыларын алып өтуіне облыс әкімі аппаратының басшылығымен немесе облыс әкімінің баспасөз хатшысымен бекітілген алдын ала өтінім негізінде рұқсат етіледі.

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты