Казталовта саз мектебі ашылды

 

Казталов ауданының орталығындат саз мектебі ашылды. Мектеп құрылысына 87 млн. теңге бөлінді. 24 балаға арналған саз мектебінде музыкалық аспаптар сыныбымен қатар би, концерт залдары бар.

Тайпақтың түлектері ойын алаңын салып берді

 

Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Шыңғырлауда жүгіру клубы ашылды

 

Шыңғырлауда Тұңғыш Президент күніне және «Shyngyrlau Runners Club» жүгіру клубының ашылуына арналған, бес шақырымдық қашықтыққа көпшілік жартылай жүгіру марафоны ұйымдастырылды.

Шыңғырлауда көлемі 8 мың шаршы метр жаңа алаң ашылды

 

Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева Ащысай ауылында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты бойынша жүргізіліп жатқан су құбырының құрылысымен, Шыңғырлау мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

Шыңғырлауда ұмытыла бастаған күйшінің есімі ұлықталды

 

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде көпшілікке есімі ұмыт болған, Шыңғырлау ауданының тумасы, әуесқой сазгер Болат Шалабаевтың есімін қайта жаңғыртып, күйлерін ұлықтауға арналған «Күйші мұрасы»атты кеш ұйымдастырылды.