04 Қантар 2019
212

Ақсайда коворкинг ашылды

Бүгін ақсайлықтарды қуантқан тағы бір жаңалық – Жастар ресурстық орталығының жанынан коворкингтің ашылуы.  Орталықтың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов пен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев арнайы қатысты.   

 

 

Мұнда мәжіліс залы, психологиялық кабинет, жастарды жұмыспен қамту орталығы орналасқан. Жұмыс әртүрлі бағыт бойынша жүргізіледі: семинарлар, тренингтер, волонтерлік қозғалыс, бос уақытты өткізу, қызығушылықтары бойынша үйірмелер, психологиялық көмек және т. б. Жас аралығы 14-29 жастар болып табылады.

-Бұл – Жастар жылының алғашқы жемісі. Жастар уақытын босқа өткізбей, осындай орталықтарда жаңа бастамалар мен тың ойлардың алаңын жасай алса керемет. Барша аудан жастарын аталмыш орталықтың ашылуымен құттықтай отырып, жақсылықтың жаршысы болуға шақырамын, - деді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы.

Коворкинг-орталықта автомодельдеу үйірмесі жұмыс істейді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналған үйірме жұмысына тегін қатысу жоспарлануда.


Төменгі қабатта "Аяла" қайырымдылық дүкені орналасқан.

Коворкинг-орталық штатына 26 адам кіреді, олардың 13-і ауылдық округтерде жұмыс істейді. Штатқа тағы 7 маман қабылдау жоспарланып отыр. Орталық жетекшісі Толқын Хадышева.

 

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

 

© zhaikpress.kz