08 Ақпан 2019
147

Қаратөбеде 162 үй салуға жобалық құжат дайын

 

Қаратөбе ауданының әкімі Ж.Асанатаевтың 2018 жылы ауданда атқарылған жұмыс туралы есебіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев оң баға берді.

 

         Есеп беру жиынына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары 2018 жылы облыс көлемінде атқарылған жұмыс туралы баяндады.

 

         Елбасының биыл Жастар жылы деп жариялауында үлкен мән бар екенін айтқан Ғали Нәжімеденұлы аудан жастарын жұмыстануға шақырды.    Жиын барысында өз тігін ательесін ашуды жоспарлайтынын айтқан жас маман Ақбөбек Ғатауованың бастамасын қолдайтындығын жеткізді.

 

         Айта кетейік, бүгінде Қаратөбе ауданында 3 992 жас бар.

 

         Есеп беру жиынында сөз алған еңбек ардагері Орынғали Бәкесұлы аудан және облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға халық атынан оң баға беретінін айтты. Еңбек ардагері Орынғали Ермекқалиев:

 

         -Қазіргі таңда ауданымызда 162 үй салуға техникалық-сметалық құжаттары, 9,2 шақырым көше жолын жөндеуге техникалық-сметалық құжаттары дайындалып, тексеруден өтіп тұр. Аудан тұрғындары атынан 2019 жылы осы жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды сұраймын, - деп облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиевке ұсынысын білдірді.