05 Қараша 2018
11

Зеленовта ауған соғысы мен Чернобыль жауынгерлеріне арналған ескерткіш орнатылады

05.11.2018ж

 

Бұл туралы Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров ауданда тұратын ауған соғысы, Чернобыль апатын залалсыздандырған жауынгерлер және Семей полигонында Отан алдындағы міндетін атқарған ардагерлермен болған кездесуде мәлімдеді.

 

Ауған соғысы, Чернобыль апаты мен Семей полигоны кешегі КСРО-ны ғана емес, әлемді толғандырған оқиғалар. Біріңіз интернационалдық міндетіңізді атқарсаңыз, біріңіз әлемді үлкен апаттан құтқардыңыз. Әрқайсыңыз бсүгінгі жас ұрпақ жадында ерлік көрсеткен жауынгер болып қала бересіз. Кешегі тарихты ешкім жоққа шығара алмайды. Өкіншіке орай осы оқиғалар біздің тарихымыз. Бүгінгі бейбітсүйгіш Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет осы оқиғалардың қайталануына жол бермеу. Жауынгерлерге арнап ескерткіш орнататыз боламыз,- деді Асхат Берлешұлы.

 

Аудан кәсіпкерлерінің қолдауын тапқан бастама қазір талқылану үстінде. Аудан ардагерлерінен құрылған жұмыс тобы жергілікті суретшілер ұсынған эскиздердің үздігін таңдап, мүсіншілерге ұсынатын болады.

 

Бұл жұмыстардың алғашқысы Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуының 30 жылдығы қарсаңында бітетін болса, екінші жұмысты сәуір айында аяқтау тапсырылды.

 

Айта кетерлігі, ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш аудан орталығында бой көтеретін болса, Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан жауынгерлердің ерлігі үшін ескерткіш Дариян ауылында орнатылады.

 

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz