06 Қараша 2018
11

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы

 

1.Батыс қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қызметі туралы қысқаша ақпарат   


1. «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіл саясатын жүргізу саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға 
құқығы бар.
6. «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада 
белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

 

2.Батыс қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының жеке және заңды тұлға өкілдерін қабылдау кестесі

 


Т.А.Ә.

ЛАУАЗЫМЫ

ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ МЕН УАҚЫТТТАРЫ

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

Мынбаева Айгул Адилгереевна

Басқарма басшысы

Сәрсенбі 
15.00-17.00
Жұма 
15.00-17.00

 8 7112 51 54 47

 

3.«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ МИССИЯСЫ:
Негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері: 


«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасау, мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру және Батыс Қазақстан облысында тұратын халықтар тілдерін дамыту болып табылады.


Міндеттері:


1) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;
2) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
3) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
4) тіл мәдениетін жетілдіру;
5) ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.


Функциялары: 


1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
2) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
4) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асыру;
5)ұлттық-мәдени бірлестіктердің ана тілдерін дамыту мәселесі бойынша қызметтерін үйлестіру;
6)Батыс Қазақстан облысында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру;
7)Қазақстан Республикасы азаматтарының ағылшын тілін меңгеруі үшін жағдай жасау;
8)облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету.
16.Құқықтары мен міндеттері:
1)Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
2)мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұрату және алу;
3)өзінің құзыреті мен өкілеттігі шегінде мемлекет меншігіндегі мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;
4)өзінің заңды мәртебесінен және осы Ережеден туындайтын басқа да құқықтар, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігі жүктейтін құқықтар.

 

4. Пошталық мекен жайы: 090006, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй.
5. Электронды поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 
6. Анықтама қызметінің телефондары: 8 7112 51 54 47, 50 06 17.
7. Ресми интернет ресурсы: tilder-bko.gov.kz