04 Желтоқсан 2018
53

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өткізілді

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өткізілді


Ағымдағы жылдың 14 наурызында облыс әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановтың төрағалығымен, жалақы берешектерін өтеу және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды уақтылы аударуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша бойынша дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өткізілді.


Осы дағдарысқа қарсы штабтың отырысына БҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшылығы, банкроттық басқарушылары және кредиторлардың өкілдері шақырылып, берешектер пайда болған кезден бастап банкрот болып танылғанға және атқару өндірісі қозғалғанға дейін, әр бір кәсіпорындар бойынша сұрақтар жете қаралды.


Атқарылған шаралар нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бері 44,636 млн. теңге көлеміндегі жалақы берешектері өтеліп, 303 қызметкердің құқығы қорғалды. 
Отырыстың қорытындысы бойынша уәкілетті лауазымды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға және аудандар мен орал қаласының әкімдеріне жалақы берешегінің өтелуі бойынша барлық шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету тапсырылды.