13 Сәуiр 2019
331

Бүгін Оралда дәстүрлi ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

 

Жәрмеңкеге Бәйтерек, Жаңақала, Теректі, Казталов аудандарының, Орал қаласы және қайта өңдеу кәсіпорындарымен барлығы 96 тауарөндірушілер қатысты.

 

 

Жәрмеңкеде барлығы 3 бас жылқы еті, 13 бас сиыр еті, 32400 дана жұмыртқа, 7,2 тонна картоп, 0,6 тонна қырыққабат, 0,9 тонна сәбіз, 0,8 тонна пияз, 1,8 тонна балық, сондай-ақ шұжық, сүт өнімдері жеміс-жидектер барлығы жалпы 3,1 млн. тенгеге сатылды.

 

Айта кету керек, тауарөндірушілерге сауда орындары тегін берілді.

 

Жәрмеңкеде бағалар нарықтағы бағадан 15-20% төмен болды.

 

 

Фото: Темирболат Токмамбетов