Ескерткіштер

Республикалық деңгейдегі ескерткіштер

8521. Тарихи қала құрылысы кешені. Достық-Дружба даңғылы – Орал қаласының ең басты үлкен көшесі. Ол көз алдымызда өсіп қалыптасты. XVII ғасырда қала Жайық өзенінен қазіргі Пугачев алаңына дейін, шамамен 1 шақырым қашықтықта тұрғызылды. XVIII ғ. бойына оның шекарасы 2 рет ауыстырылды: қазіргі Некрасов көшесіне дейін, соңынан Коммунистік көшесіне дейін. XIX ғ. басында қалалық топырақ үйіндісі қазіргі Достық-Дружба алаңына жылжытылды.

  

72. Бұрынғы сауда-өндірістік коммерциялық банкі, қазір облыстық әкімшілік ғимараты. Ғимарат Абай атындағы алаңда орналасқан. 1896 жылы тұрғызылған. Сәулетші – Бунькин. Революцияға дейін ғимарат сауда банкісінің қарамағында, сонымен қатар дүкендер үшін пайдаланылған. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 179.

 

 

3

3.      Бұрынғы орыс-қырғыз /қазақ/ мектебінің үйі, қазір облыстық тарихи-өлкетану мұражай ғимараты. Ғимарат 1891 ж. салынды. Революцияға дейін мұнда орыс-қырғыз (қазақ) мектебі болды. Мұнда негізінен ер балалар алғашқы білім, ағаш шебері, темір ұстасы т.б. істерден білім алды. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 184.

 

 

 

354.      Жайық казактары әскері атамандарының үйі, қазір ішкі істер басқармасының поликлиникасы (емханасы).  Ғимарат XIX ғ-ң басында итальян сәулетшісі Дельмединоның бастауымен тұрғызылды. Атаман Д.М.Бородиннің қарамағында болды. Атаман Покатилов бұл үйді жиһаз-жабдықтарымен қоғамдық ақшаның есебінен өзіне және болашақ казак әскері атамандары үшін сатып алды. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Савичева көшесі, 43.

 

 

 

3415.      Көпес Каревтің бұрынғы үйі, қазір Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ғимараты. Революцияға дейін бірінші қабатта дүкендер, екінші қабатқа – офицерлер жиналысын өткізетін клуб орналасқан, үшінші қабат қонақ үйге берілді. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, А. Карев көшесі, 4.

 

 

 

 

456.      Бұрынғы әскери шаруашылық басқармасы, қазір Х.Есенжанов (бұрынғы А.Гайдар) атындағы кітапхана. Әскери-шаруашылық басқармасының ғимараты XIX ғ-ң 30-шы жылдарында салынды. Ол кезде қоғамдық ғимараттар сәулетші А.А.Гипиустың байқауымен жүзеге асырылып орындалды. Батыс-Қазақстан облысы, Достық-Дружба даңғылы, 166.

 

 

 

877.      Михаил Архангел шіркеуі. Михаил-Архангелдің шіркеуі – Орал қаласындағы ең бірінші ғимараттың бірі. 1740 жылы қаланды. Мәскеуден әкелінген шеберлердің басқаруымен жайық казактары Мәскеу Кремліндегі Успен шіркеуінің сәулетін ұстап, шіркеуді қалады. Құрылысы 1751 жылы аяқталды. Батыс-Қазақстан облысы, Достық-Дружба даңғылы, 63, «Курени» ауданы.

 

 

 

328.      Христа Спаситель шіркеуі. Христа Спаситель әскери храмы 1891 ж. маусымда бастап салынды да, 1907 ж. салынып бітті, Ресей әскерлерімен Жайық (Орал) казактарының әскери жорыққа қатысуының 300-жылдығын еске алуға (1591-1891 жж.) Храм қоғамдық қаржыға және құрбандық жинау арқылы салынды. Батыс-Қазақстан облысы, Достық-Дружба даңғылы, 202.

 

 

 

 

 

 

 

 

9.      Бұрынғы типтік қалалық орталық, қазір әскери прокуратура ғимараты. Тұрғын жәй мал-өндіруші П. Овчинниковтің қарамағында болды. 1878 ж. салынды.  Азамат соғысы және Орал қаласын ерлікпен қорғау жылдары бұл ғимаратта облыстық губерниялық төтенше комитет орналасқан, жұмысты көрнекті большевиктер, соңынан Қазақ ССР-ң ішкі істер комиссары С.М. Штыб, А. Айтиев басқарған. Батыс-Қазақстан облысы, Достық-Дружба даңғылы, 147.

 

 

8510.  В. И. Чапаев мұражайы кешені (В.И. Чапаев дивизиясының 25-штабы). В.И.Чапаев мұражайлық кешеніне бұрынғы 25-ші Чапаев дивизиясының штабы, қазіргі В.И.Чапаев мемориалдық мұражайы, В.И.Чапаевтың қаза болған жері (1919ж.), Чапаевшылардың бауырластар зираты (1919ж., 1957ж.) кіреді. Үй 1888 жылы салынған. Батыс-Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы.

 

 

 

 

811.  Чапаевтың қаза болған жері. Бұрынғы Лбішін бекетінде (қазір Чапаев қаласы), Орал өзенінің оң жағалауында, 1971 жылдың 4 қыркүйегінде, аты аңызға айналған Азамат соғысының Батыры В.И.Чапаевтың қаза болған жерінде ескерткіш – обелискі орнатылды. Батыс-Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы.

 

 

 

 

25412.  Чапаевшылардың бауырластар зираты. Ескерткіш скверде орнатылған. Мүсін гипстен құйылған. Композиция үш мүсінді, төртбұрышты тұғырға жауынгердің тұлғасы орнатылған. Тұғыр және стилобат ақ кафельді плиталармен қапталған. Тұғырда шинелді жауынгердің тұлғасы. Батыс-Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы.

 

 

 

5413.  Орда баспаханасы, қазір тұрғын үй.Мәскеуден Ордаға радиостанция, әскер баспаханасы жеткізілді. 1918 жылдың тамыз айында Мәскеуден Ордаға ұлттық мәселелер жөніндегі комиссариаты қазақ бөлімінің бастығы Мұхамедияр Тунганчин мен оның орынбасары Хусаин Бекентаев келді. Олар Ордада Совет баспасөзінің шығуын ұйымдастырды. 1918 жылдың қарашасынан бастап Ордада «Киргизская правда» (орыс тілінде) және «Қазақ дұрыстығы» (қазақ тілінде) газеттері шыға бастады. Екі газеттің де редакторы 1908 жылдан КПСС мүшесі, Бөкейордасы облыстық атқару комитетінің төрағасы Степан Петрович Милютин болды. Батыс-Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Орда ауылы, А.Теңізбаев көшесі, 19

 

8714.  Совет Одағының Батыры М.Мәметованың ескерткіш-мүсіні. Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткіш-мүсіні 1971ж. тұрғызылды. Мүсін қоладан құйылған, тұғыры тікбұрышты, жылтыр қызыл граниттен. Тұғырдағы жазу: «Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметова 1922-1943жж.». Батыс-Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Өтемісов көшесі, 26

 

 

Жергілікті деңгейдегі ескерткіштер

151. Бірінші әйелдер гимназиясының ғимараты, қазір БҚМУ-университетінің жағырафия факультеті. XIX ғасырдың соңғы ширегінде салынған (1876-1877 жж.) бұл ғимаратқа әйелдер гимназиясы орналасқан. Бірінші әйелдер оқу орны – Орал қаласындағы қыздар пансионы 1857 жылы ашылып, 1877 жылы әйелдер гимназиясы болып қайта құрылды. Гимназияда 1910 жылға дейін 20 тәрбиеленушісі бар пансион болды (кейбір жылдары 27 тәрбиеленушіге дейін болды). Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 121

 

462. Бұрынғы Штраус дәріханасы, қазір №1 дәріхана және саз мектебінің ғимараты.Ғимарат 1836 жылы салынған, авторы белгісіз. 1836 жылдан 1870 жылға дейін бұл ғимаратта қала және облыс бойынша бірінші оқу орны – Орал әскери училищесі орналасты. Білім Министрлігіне және Орынбор губернаторына бірнеше рет жазған наказ атаманының өтінішінен кейін 1812 жылы бірінші рет училище ашылды. Училище орналасқан ғимарат 1821ж. жанып кетіп, қайтадан 1831ж. ашылды. 1936ж. училище жаңа екі қабатты ғимараттың бірінші қабатына көшірілді, ал екінші қабатында клуб және жиналыс бөлмесі орналасты. 1870ж. училище ерлер гимназиясы болып құрылып, оған арнайы ғимарат салынды.Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 153

 

4873. Италиян сәулетшісі Дельмединоның үйі, қазір 1-қабаты автокөлік мектебі, 2-3 қабаттары пәтерлер.  Ғимарат Орал қаласының бірінші архитекторы М.Дельмедино (1821-1831) жобасымен салынды, ол атаман Д.М.Бородиннің шақыруымен үлкен өрттен кейін 1821 жылы Оралға келді. Оған арнайы архитектор қызметі тағайындалды. Әскери атаман Мизиновтың үйін ол атамандар сарайымен қатарлас салдырды. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 159

 

314. Д. Фурманов және Б. Қаратаев тоқтаған үй   (бұрынғы «Ресей»  қонақ үйі). Ғимарат 1889ж. салынған. Революцияға дейін онда «Россия» мейрамханасы орналасқан. 1919ж. мұнда Чапаев дивизиясының комиссары болып тағайындалған, жазушы Д. А. Фурманов тоқтады. Азамат соғысы жылдарында бұл ғимаратта Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев (1860-1934жж.) тұрып, жұмыс жасады. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 161

 

 

5. Қызыл мешіт. XIX ғасырдың 70-жылдары салынды. Авторы белгісіз. Мешіттің қатарында 1895-1905жж. Ғ.Тоқай оқыған бұрынғы медресенің ғимараты тұр. 1920-жылдардың аяғында мешіт жабылды, ал XX ғ-ң 30-шы жылдардың басында мұнарасы алынды. Қазіргі уақытта ғимарат меценаттар есебінен жаңғыртылып, құдайға сенушілерге берілген. Қызыл мешіт жергілікті маңызы бар XIXғ. тарих және архитектура ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауда тұр. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы,  8- Март көшесі, 29

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

354

6. Бірінші ерлер гимназиясының ғимараты, қазір Ж.Досмұхамедов атындағы педколледждің оқу корпусы. Ғимарат ХХ ғ-ң 80 жылдың аяғында тұрғызылды. 

Оралдағы бірінші оқу орны түрінде-Орал әскери гимназиясы. 1870ж. 

 Орал әскери училищесі ерлер классикалық гимназиясы болып қайта құрылды, 1890ж. екінші жартысында алты класстық Орал әскери училищесі болып жаңартылды. Азамат соғысы жылдары ғимаратта орналасты. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 173

7. Ғ.Тоқай болған Тухватуллиндер үйі, қазір Ғ.Тоқай музейі. Бұл үй татар демократиялық әдебиетінің негізін қалаушы зиялы жанұя Тухватуллиндерге 

жатқызылды. Ғ.Тоқай 12 жыл Оралда тұрды және ол барлық осы жылдарда Тухватуллиндердің жанұясымен араласып, оның бай кітапханасын пайдаланды. Жанұя басы, медресенің аға оқытушысы Мұтиғолла Тухватуллин және оның ұлы Ғабдолланың медреседегі жолдасы Камиль, б

 волюциялық бағыттағы «Фикер» газетін, «Уклар» сатиралық журналын шығарды. Кейіннен Тоқай осы газет-журналдың редакторы болады. 1905-1906 жылдары оның 600-дей өлеңдері берілді оның арасында «Бостандық», «Бірлік» жөнінде, «Пушкинге ода» және басқалары бар. Ғ. Тоқайдың даңқы өсе бастады. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Асан Тайманов көшесі, 57олашақ ақынның бойындағы талантын сыйлады. Камиль Оралда бірінші рет татар тілінде газет-журналдар шығарды. Ре

8. 1919 ж. Орал қаласын қорғау штабы орналасқан бұрынғы Пушкин мектебі, қазір 

қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Ғимарат 1898 ж. салынған. Революцияға дейін мұнда бастауыш Пушкин мектебі және әскери саз мектебі орналасқан. Орал қаласын ақ казактардан қорғау кезінде бұл ғимаратта 1919 жылдың сәуірінен шілдесіне дейін 22-ші атқыштар дивизиясының штабы орналасқан. 22-ші атқыштар дивизиясы Оралдың арғы бетіндегі жұмысшылар дружинасымен, қызыл партизандармен бірге ақ казактардың барлық соққысын өздеріне қабыл алып, 25-ші Чапаевшылар дивизиясы келгенше шыдамдылық көрсетіп, 11 шілде 1919ж. Орал қаласын қоршаудан құтқарды. Батыс - Қазақстан облысы, Орал қаласы, Л. Толстой көшесі, 59

 

 

9. А. Н. Островский атындағы драма театры. Орал драма театрының ғимараты 1859 жылдары инженер-құрылысшы Ю.Д.Куркчидің жобасы бойынша салынды. Театрдың орнында, өткен ғасырда тұрғызылған, тастан салынған бір қабатты ғимарат орналасқан, онда азғана уақытқа кітапхана орналасып, классик-жазушылар жөнінде лекциялар оқылды, ал 1929 жылдан 1937 жылға дейін бұл ғимаратта музей орналасты. Күрделі жөндеу түрінде бұл ғимаратқа драма театрының ғимараты тұрғызылды (оның бір қабырғасы театрдың көрермендер залының қабырғасына қалдырылды). Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д.Нүрпейсова көшесі, 17

 

 

10.  Бұрынғы көпес Ванюшиннің үйі, қазір № 38 мектеп. Ғимарат XIX ғасырдың екінші жартысында тұрғызылып, саудагер Ванюшиннің иелігінде болды. 1917 жылға дейін мұнда облыстың бірінші басқармасы тұрып, жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл ғимаратта Одессаның қоныс аударылған пехотный (жаяу) училищесі орналасқан. Ұлы Отан соғысынан кейін мұнда ауыл-шаруашылығы техникумы орналасқан. 1984 жылы қазанда ауыл-шаруашылық ғимараты Пионерлер үйіне берілді.     Қазіргі уақытта бұл ғимаратта №38 қазақ орта мектебі орналасқан. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 16/1

 

11.  Облыстық қазақ драма театрының ғимараты. 2002 ж. 11 –қыркүйегінде театр ғимаратының ашылуы барша Республиканың мәдени өміріндегі айтулы оқиғасы болды. ҚР Президенті Н. Назарбаев Қарашығанақ Петролеиум Оперейтинг б.в.(КПО) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде салынған  қазақ драма театрының ашылу салтанатына қатысты. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанда салынған бірінші театр және Орал қаласындағы тарихи орталықтың бірегей нысаны болып саналады. Театрдың бас көрермендер залы 280 орындық. Сахнаның көлемі – 15х21м. 2 әзірлік өткізетін залы, қоғамдық шаралар өткізетін холы,  құрметті қонақтар үшін зал, декорация дайындайтын цех, қазіргі заманғы топ-студия және қосымша жайлары бар. Театр коллективі өзінің 13 жылғы қызметінде 2 рет республикалық театрлар фестивалінде жеңімпаз атанып, республикадағы ең үздік театрдың бірі болды, 2005ж. театр ұжымы Қазақстанның драма өнерін көрсету құрметіне ие болып, Египетте өткен халықаралық театрлар фестиваліне қатысты. Қазақ драма театры әр түрлі өнер туындыларын жүзеге асыру үшін кездесетін қоғамдық өмірдегі нағыз мәдени орталыққа айналды. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы,  Достық-Дружба даңғылы, 185

 

12.  Абай Құнанбаев ескерткіші және екі фонтан (гранит). 27 тамыз 2002 ж. Орал қаласының орталық көшесіне Абай Құнанбаевтың ескерткіші орнатылды. Класссикалық стильде дайындалып, граниттен жасалған. Авторы – мүсінші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Нұрлан Далбай (Алматы қаласы). Абай Құнанбаевтың өмірі мен творчествосы – XIX ғ-ғы қазақ әдебиетіндегі бірден-бір басты тақырып. Абай – көреген көз, Абай – халықтың ақылы. Оның өмір және шығармашылық жолында халқының ең жақсы ойлары, сезімдері және істері көрсетілген. Ол жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы және бірінші ақын-реалист, композитор, философ, гуманист-ағартушы және халықтар достығын жырлаушы. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қ., Абай алаңы

 

 

 

 

13.  1919 ж. М.В.Фрунзе тоқтаған полковник Завьяловтың бұрынғы үйі.  Үй XIX ғасырда салынып, патша армиясының полковнигі Завьяловтың қарамағында болды. Авторы белгісіз.  1919 жылдың қаңтар айында Оралды қоршаудан босатқаннан кейін Самарадан 10 ақпанда шығыс майданының IV армиясының командармы М.В.Фрунзе келді. Ол қаланың партия және совет ұйымдарының жұмыс жағдайымен жете танысып, тиянақты көмек көрсетті. М.В.Фрунзе Орал қаласы гарнизоны бастығының міндетін өз мойнына алды. Келесі күні ол гарнизон бөлімшелерінің байқауын өткізді. Қаланың көп халық жиналған еңбекшілер мен және гарнизонның жеке құрамымен болған митингте М.В.Фрунзе шығып үлкен ұлағатты сөз сөйледі. 14 ақпанда Фрунзе Серебряков ауданының алдыңғы шебіне шығып, бөлімшелердің орналасуын қарап, Щаповқа кірудің әзірлігімен және жағдайларымен танысты. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ғ.Қараш көшесі, 14

 

 

14.  Бұрынғы Р.Ф.Функаның әмбебап дүкені, қазір “Талап” АҚ тіс емдеу емханасы.  Бұрынғы Р.Ф.Функаның әмбебап дүкені XIXғ. аяғындағы құрылыс. Ғимарат тастан, бір қабатты, жертөлесімен, тікбұрыш үлгісінде. Төбесі темірден, фигуралы. Қазіргі уақытта “Талап” АҚ тіс емдеу емханасы үшін пайдаланылуда. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қ.,  Ғ.Тоқай көшесі,39

 

 

15.  Мемлекеттік Банк бөлімшесінің ғимараты, қазір қазынашылық.      Ғимараттың бірден-бір авторы азаматтық инженер М.Клементьев.  Мемлекеттік Банктің Орал бөлімшесі 1876 жылы ашылды. 1908 жылдың тамызында бөлімшеге учаске сатып алынды, 3 үй иелігі жойылды және 1912 жылы Мемлекеттік банк бөлімшесінің ғимаратының құрылысы аяқталды. Жылу жүйесі және желдеткішін ағайынды Кертинг – Москва Орыс қоғамы жабдықтады  (1912 жылы). 1919 жылдан 1924 жылдың маусымына дейін бұл ғимаратта облыстық және 1922 жылдан – бөлімше, 1924 жылдан – СССР Мемлекеттік банкісінің конторы. 1925 жылдан бұл ғимаратта аудандық комсомол комитеті және аудандық атқару комитеті. Ғимараттың 3 қабатының тұрғын-жәй бөлімі 1932 жылға дейін пәтерге бөлінеді. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов  көшесі, 16

 

16.  “Орал” қонақ-үйі. Ғимарат төрт қабатты, тастан, П-үлгісінде. Төбесі темірден, ағашпен қоршалған. Алдыңғы жағы сыланған. Ғимарат ерте совет архитектурасы стилінде тұрғызылған. Бас кірер жерінің козырегі 4 тікбұрышты колоннамен 3-ші қабатқа дейін ұстап тұр. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы,  Құрманғазы көшесі, 80/2

 

 

 

17.  Жұбан Молдағалиевтің ескерткіш-мүсіні. Фрунзе көшесінің скверінде жерлес-ақынымыз Ж.Молдағалиевке ескерткіш-мүсін орнатылды. Ескерткіш ақынның туғанына 80 жыл толуына арналып тұрғызылды. Мүсін 3 натуралды көлем өлшемінде, қоладан дайындалған. Мүсінші – Ю. Баймукашев,  сәулетші А. Кононов. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы,  Ж. Молдағалиев сквері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18.  Бұрынғы әскери-шаруашылық басқармасы старшинасы П.Обратневтің үйі, қазір «Достық» сауда ғимараты. Достық даңғылының бұрышы мен Пугачев көшесіне (бұрынғы Қазан алаңы) орналасқан екі қабатты ескіден қалған көне Обратнев Павел Ивановичтің қарамағында болды. Ол осы үйдің қожасы болды, кең жүректі, парасатты, ержүректі адам болған, әскери старшина, әскери- шаруашылық басқармасының бірінші бөлімшесі бірінші столының іс жүргізушісі болды. Обратнев П.И. өзінің істеген істерімен тек қана қалаға ғана емес, сонымен қатар барлық казак әскерилеріне кеңінен танымал болды. Ол сапар шеккенді жақсы көрді. Қай елде болса да, ол сол елдің ұлттық киімдерін жыл сайын алып келіп отырды. Ал үйге келерде ол әрқашан Оралдың көшесінде сол ұлттық киімдермен көрінетін еді. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 136

 

19.   Пугачев болған Кузнецовтардың үйі, қазір Е.Пугачев үй-мұражайы. Үй «Шилихин өртінен кейін» (XVIII ғ. ортасы шамасында) орташа әл-ауқатты казак Петр Михайлович Кузнецовпен салынды. Мұнда «Жайық ханшасы» - Е.И.Пугачевтің екінші әйелі – Устинья Кузнецова туылып, өмір сүрген. 1774 ж. Е.И.Пугачев бұл үйде болды. Қазіргі уақытта бұл үй Орал қалалық мәдениет бөліміне қарайды. Бір бөлмесінде кітапхана  орналасқан, ал екіншісінде – орташа әл-ауқатты казактар отбасының жағдайына  қарай безендірілген.  Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 35

 

20.  Ротонда. Тастан жасалған ротонда XIX ғ-ң 50-ші жылдары салынған. Орталықта ротонданың ішкі жағына казак әскерлерінің атаманы болған Александрдың ұлы II-ші Николайға мүсін қондырылған. 1859 жылы Оралда атаман А.Д.Столыпиннің бастамасымен бульвар ашылды (оны Столыпин бульвары деп атаған). Ол жөнінде жергілікті газетте былай деп жазған: «Бульвар офицер мырзалар мен жергілікті жастардың демалуы үшін ашылды». 1862 жылы бульварға Столыпиннің Қырымда болған кездегі досы және қызметтесі Л.Н.Толстой келіп қатысты. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов бағы

 

 

21.  Бұрынғы Сальниковтың үйі, қазір “Изюминка” дүкені. Ғимарат екі қабатты, тастан, Г-үлгісінде. Төбесі темірден, ағашпен қоршалған. Ғимараттың алдыңғы жағы сыланған, терезе ойықтарының астында декоративті гипсті элементтері бар. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы,  Достық-Дружба даңғылы, 155

 

 

 

22.  Бұрынғы дәрігерлер және аурухана үйі, қазір №3 қалалық емхана. Бұрынғы дәрігерлер және аурухана үйі, XIXғ. басында салынған. Ғимарат екі қабатты, тастан салынған, қазір №3 қалалық емхана. Қабырғалары сыланған, сырланған. Карев көшесі жағындағы композициялық аркасы сақталған. Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласы, А. Карев көшесі, 22, Даулеткерей көшесі, 47

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan