Облыстың мәдени өмірі

Опубликованно: 06 ақпан 2018, 19:16

Абдул Ғабитұлы тағайындалуы

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтің бұйрығымен 2018 жылдың 18 қаңтарынан бастап "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының шығармашылық жұмыстары бойынша директордың орынбасары Рахметов Абдул Ғабитұлы тағайындалды.

Опубликованно: 06 ақпан 2018, 19:10

Медет Рысқалиұлы тағайындалуы

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтің бұйрығымен 2018 жылдың 18 қаңтарынан бастап "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жалпы мәселелер бойынша директордың орынбасары лауазымына Мерғалиев Медет Рысқалиұлы тағайындалды.

Опубликованно: 06 ақпан 2018, 19:05

Алматыда Хадиша Бөкееваның тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

Облыс басшысы А.Көлгіновтың қолдауымен жерлесіміз, КСРО Халық әртісі Хадиша Бөкееваның тұрған үйіне (А.Зенков көшесі, 96) ескерткіш тақта орнатылды. Сол ескерткіш тақта орнату салтанатына облысымыздан БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев бастаған делегация барды. Оның құрамында Ақжайықтың ақшағаласы, ақын Ақұштап Бақтыгереева және облыстық қазақ драма театрының әртістері бар.
Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы және басқалары сөз алып, Сарыөзеннің жағасында түлеп ұшқан сахнаның хас шебері Хадиша апамыз туралы естеліктер айтты.
Осындай салтанатты шараның ашылуына мұрындық болған облыс әкіміне алғыстарын жеткізсе, сондай-ақ, туғанына 100 жыл толуына орай туған жерінде атап өткен Батыс Қазақстандықтарға да ыстық сәлемдерін білдірді.

Опубликованно: 06 ақпан 2018, 18:15

«В память 100-летия восстановления Патриаршества в Русской Православной Церкви» мерекелік медалімен және грамотасымен марапаттау.

2 ақпан күні Орал епархия өкілдері мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Қабдырұлы Мұсағалиевті «В память 100-летия восстановления Патриаршества в Русской Православной Церкви» мерекелік медалімен және грамотасымен марапаттады.

12

Опубликованно: 04 қаңтар 2018, 17:43

Жаңа жыл қарсаңындағы кездесу

Жылдың соңында Батыс Қазақстан облысының әкімі, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Алтай Көлгінов БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының активі – этномәдени бірлестіктер, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерімен, республикалық жобалардың жеңімпаздарымен, қайырымгерлермен кездесті.
- Бүгінде БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақстандық бірегейлік пен бірліктің дамуын нығайтудағы оның рөлінің артуын қамтамасыз ететін біртұтас құрылымы құрылды. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының 14 облыстық және аудандық кеңестері, 239 қоғамдық келісім кеңестері, 132 аналар кеңесі, 153 ақсақалдар кеңесі, ғылыми-сараптамалық тобы мен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кафедрасы. Бұнда журналистер клубы, облыстық мәслихаттың «Ынтымақ» депутаттық тобы, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты және барлық оқу орындарындағы 412 достық клубы, 3000 адамды біріктіретін «Мейірім шуағы» еріктілер қозғалысы кіреді. Бүгінгі таңда облыстық Ассамблеяның әрекет етуші активі 21 000 адамнан асады. Бұл зор әлеует. Жалпы, облысымыздағы тұрақты деп есептеледі. Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша батысқазақстандықтардың басым көпшілігі өңірдегі этносаралық жағдайды жағымды деп бағалайды. Сұхбаткерлердің 97,8 %-ы өздерін Қазақстанның біртұтас халқының өкілі есептейді. Бұл осында отырған азаматтар мен біздің барлық жерлестеріміздің баянды еңбектерінің нәтижесі. Барлығы биылғы жылы облыстық Ассамблея желісі бойынша 3 360 іс-шара өткізіліп, оған 140 000-нан астам адам қатысты, - деді Алтай Сейдірұлы. 
Содан соң, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелерін медальдармен және алғысхаттармен марапаттау рәсімі өтті. Ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді және қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан айтарлықтай үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен«Uniserv» ЖШС бас директоры, БҚО ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Сатбаев Нұрғазы марапатталды. Қазақстан Республикасында қайырымдылық пен меценаттық қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін «Жомарт жан» төсбелгісімен «Дархан» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Жолдыбаев Нұрлыбай марапатталды. Атап кететін жәйт, бұл адамдар көптеген жылдар бойы аз қамтылған отбасыларға көмектесіп келеді. Нұрғазы Сатбаев биылғы жылдың өзінде өз қаржысына өмірдің қиын соқпағына түскен отбасыларға екі үй сатып алып берді. Жолдыбаев Нұрлыбай өз туған ауылында медпункт салдырып, келесі жылы балабақша құрылысының жобасымен таныстырды.
Құрылымдық бөлімшелердің және этномәдени бірлестіктердің кейбір белсенділері облыс әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.

 

Толқын Нургуатова,
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»