Жалпы шолу

ЖалпыШОЛУ Білімберу.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ
 БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2017 жылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ
Мектепке дейінгі ұйымдар саны - 474 (29 265 бала), оның ішінде 166 б/б, 52  «мектеп-балабақша кешені», 256 шағын орталық.
Оның ішінде: жеке балабақша – 18 (1179 бала), жеке мектепке дейінгі шағын орталық - 6 (355 бала).
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту: 1 мен 6 жас- 63,6  % (РК – 56,4 %), 3 пен 6 жас – 99,7 % (РК – 85,8 %).
Мектепке дейінгі ұйымдарға кезектегі бала саны: 3 және 6 жас - 6740 бала, 1 мен 6 жас -24714 бала (Орал қаласында -17727 бала, 3 пен 6 жас -6032 бала).

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ
Жалпы білім беретін мектептер желісі- 388 мектеп (384 мемлекеттік, 4 жеке).
Оқушылар контингенті- 94 449, соның ішінде мемлекеттік мектептерде 94 369 оқушы.
Үш аусымдағы мектептер саны- 4.
Шағын жинақты мектептер- 228 немесе жалпы мектептердің 59,3 %.
Апатты жағдайдағы мектептер саны – 1.
Тірек мектептері (ресурстық орталықтар) – 15.


Қосымша білім мекемелері – 59 (қамту- 61,2 %, барлық түрлерімен- 74,6 %).

Мектептердегі педагогтар саны-11 971 соның ішінде жоғары білімді – 10 183 (85%), арнаулы орта білімді – 1 788 (14,9.
Санаттары бойынша: жоғары- 1664 педагог (13,9%), бірінші  – 4 192 педагог (35%).
2016-2017 оқу жылының басында жұмысқа қабылданған  педагогтар саны – 435, соның ішінде ауылдық жерге – 321. 2016-2017 оқу жылының басында қажеттілік-38 педагог.

Арнайы және инклюзивті білім беру

584 тәрбиленушіні қамтыған 3 арнайы түзеу мектеп - интернаты,  3 психологиялық - дәрігерлік – педагогикалық және 11 психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті, 68 логопедиялық пункттер жұмыс жасайды.
«Кедергісіз аймақ» элементтерімен 277 мектеп қамтылған (72,1%).
236 мектепте немесе мектептердің 61,5%-да  даму мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алуы үшін жағдай жасалған. Жазғы демалыс
2016 жылы жазғы кезеңде облыста 19 стационарлық лагерь, 352 мектеп жанындағы тамақтануы ұйымдастырылған және 222 тамақтануы ұйымдастырылмаған лагерь жұмыс жасады. Жазғы кезеңде түрлі лагерьлерде демалыспен 1-10 класс оқушыларының 91,4%-ы қамтылды.

Балалардың құқықтарын қорғау
Облыстың 359 (94,5%) мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылып, оларда  72 277 (77,5%)  оқушы, соның ішінде тегін ыстық тамақпен- 56 340 (78,0%) оқушы қамтылды.
Облыс бойынша әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының саны- 15 619  болса, олардың 15 550-і (99,6%)  тегін ыстық тамақпен қамтылды. 41 991  бірінші және төртінші сынып оқушыларының 41 584-ы (99,0%)  тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 4 мекеме қызмет жасайды, оның 2-уі білім беру жүйесінде 1 балалар үйі, 1 отбасы үлгісіндегі балалар ауылы) болып оларда 132 тәрбиеленуші бар.
178 бала патронаттық тәрбиеде, қорғаншылық пен қамқоршылықта 604 бала бар.
2006 жылдан бері мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 371 бала тұрғын үй алды, оның  198-і  балалар үйінің түлектері. Сонымен қатар 2016 жылы аталған санаттағы балаларға 41  пәтер берілсе, оның 26-ы балалар үйінің түлектеріне берілді.

БІЛІМ БЕРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Облыста республикалық бюджет есебінен 2700 орындық 5 мектептің (Орал қаласы Зашаған кенті 900 орындық, Деркөл кенті 2 мектеп әрқайсысы 600 орындық, Зеленов ауданы Дариян ауылында 300 орындық мектеп 100 орындық интернатымен, Орал қаласының №4 орта мектебі 300 орындық), шетел инвестициясы есебінен 1 мектеп  300 орындық, 1 балабақша 320 орындық (Бөрлі ауданы Аралтал ауылы 300 орындық мектеп, Ақсай қаласында 320 орындық балабақша), жергілікті бюджет есебінен 100 орындық интернат (Казталов ауданы Казталов ауылында) құрылысы жүруде.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ
Кәсіптік және техникалық білім ұйымдары саны – 38 (оның ішінде мемлекеттік – 27, жеке – 11).
Білім алушылар контингенті – 19 886.
Мемлекеттік тапсырыс арқылы білім алушылар саны -  10 103.
2016-2017 оқу жылында қабылданғандар – 7070 ( соның ішінде мемлекеттік тапсырыс арқылы – 3802).
Бітірушілер саны – 6663 (оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша –3162).
Жұмысқа орналасқаны  – 5190 (77,9%). Соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша  – 2475 (78,3%).   
22 колледжде дуальдық оқыту қолданылады. Кадрларды даярлауды байланысты Кәсіптік және кадрларды даярлаудан өңірлік кеңесі және 9 салалық кеңесі қызмет атқарады.
Облыстың ірі кәсіпорындары, атап айтқанда КПО б.в. Ақсай техникалық колледжі мен ауылшаруашылық колледжі арасында, Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен, «Зенит» Орал зауыты, «УральскАгрореммаш» акционерлік қоғамымен Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі арасында кадрлар даярлауда жөнінде әлеуметтік әріптестік келісім шарттар жасалды.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan