ҰБТ

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылғы ҰБТ қорытындылары

Ұлттық бірыңғай тест облыс бойынша 9 тестілеу пункттерінде өтті (Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым аудандарыорталығында және М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да орналасқан тестілеу орталықтарында).

Облыстық білімбасқармасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының қызметкерлерімен бірге барлық ҰБТ пункттер және оқушылардың тұру, тамақтану, қону орындарын алдын ала тексерді. Аудандық білім беру бөлімдерінің ішкі істер басқармасымен  бірлесе бекіткен оқушылардың тасымалы, қонуы және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы кезекшілік, тиісті мекемелермен бірлесе бекіткен тамақтану, тестілеуді өткізу және қону орындарында жергілікті медицина мекемелері басшыларымен бекітілген медициналық қызметкерлердің кезекшіліктері ұйымдастырылды.

Барлық тестілеу пункттерінде тестілеудің өту барысында ҰБТ – ы өткізу технологиясы сақталды. 2017 жылы ҰБТ-ға 4422 мектеп бітірушісінің 3036-і қатысып, жалпы мектеп бітірушілердің 68,66 % құрады.

ҰБТ қорытындысында орташа жинақ балл 80,34-і құрады.

100-ден жоғары балл жинағантүлектерсаны  - 566 немесе жалпы ҰБТ-ға қатысушылардың 18,64%.

4 түлек ҚР БжҒМ 2017 жылғы 7 сәуірдегі №156 бұйрығы негізінде халықаралық олимпиаданың қатысушы ретінде ҰБТ-дан босатылды.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»