ҚАУЛЫ

ҚАУЛЫ

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының

орнына сайлауды 2017 жылғы 26 наурызға тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағы және 113-баптарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

  1. Келесі сайлау округтері бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2017 жылғы 26 наурызға тағайындалсын:

Бөрлі аудандық мәслихатына:

- № 12 Пугачев сайлау округі бойынша.

Орал қалалық мәслихатына:

  • № 4 қалалық сайлау округі бойынша.

  1. Сайлау округтері және сайлау учаскелерінің шекаралары мен орталықтары бұрынғы шекарасында қалдырылсын.

  2. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарына кандидаттарды ұсыну 2017 жылғы 26 қаңтардан 2017 жылғы 23 ақпанға дейін жүргізілсін.

  3. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарына кандидаттарды тіркеу 2017 жылғы 26 қаңтардан 2017 жылғы 28 ақпанға дейін жүргізілсін.

  4. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті 2017 жылғы 1 наурызда басталып, 2017 жылғы
    24 наурызда жергілікті уақытпен сағат 24.00-де аяқталады.

  5. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін және ол сайлаудың өткізілуін қамтамасыз ету үшін аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын.

  6. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.





Облыстық сайлау

комиссиясының төрағасы Ғ.Қапақов

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan