БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2017 жылғы 26 наурызға тағайындалған

Батыс Қазақстан облысы мәслихаттарының

шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда

кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Батыс Қазақстан облысы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды.

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау №12 Пугачев сайлау округі бойынша Бөрлі ауданында және №4 қалалық сайлау округі бойынша Орал қаласында өткізіледі.

Бүгінгі таңда 6 адам ұсынылып, тіркеуден өтті. Олардың 4-уі өзін-өзі ұсынды, 2-ін саяси партия («Нұр Отан» партиясы) ұсынды.

Сайлау науқаны сайлау заңнамаларының нормаларына сай өткізілуде.

Сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түскен жоқ.



Облыстық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan