Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

ОБЛЫСТЫҚ

САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫ

 1

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ

417000, Орал қаласы, Досмұхамедов к-сі, 45

тел./фак: 8(7112)512760

 

24.01.2018ж. №1

 

417000, г.Уральск, ул. Досмухамедова, 45

тел./фак: 8(7112)512760

zkoizbirkom@mail.ru

 

 

ҚАУЛЫ

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының

орнына сайлауды 2018 жылғы 25 наурызға тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағы және 113-баптарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

  1. Келесі сайлау округтері бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2018 жылғы 25 наурызға тағайындалсын:

Жәнібек аудандық мәслихатына:

-         №10 Борсы сайлау округі бойынша;

Зеленов аудандық мәслихатына:

-         №11 Макаров сайлау округі бойынша;

Казталов аудандық мәслихатына:

-         №13 Қарасу сайлау округі бойынша;

Шыңғырлау аудандық мәслихатына:

-         №6 Қызылкөл сайлау округі бойынша.

  1. Сайлау округтері және сайлау учаскелерінің шекаралары мен орталықтары бұрынғы шекарасында қалдырылсын.
  2. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарына кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 25 қаңтардан 2018 жылғы 23 ақпанға дейін жүргізілсін.
  3. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарына кандидаттарды тіркеу 2018 жылғы 25 қаңтардан 2018 жылғы 28 ақпанға дейін жүргізілсін.
  4. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті 2018 жылғы 1 наурызда басталып, 2018 жылғы
    23 наурызда жергілікті уақытпен сағат 24.00-де аяқталады.
  5. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін және ол сайлаудың өткізілуін қамтамасыз ету үшін аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын.
  6. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Облыстық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                 Ғ.Қапақов

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»