Жеңілдіктер мен субсидиялар

Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша:

Тұрмысы жағынан аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) үкімет тарапынан басты әлеуметтік төлем түрлері қарастырылған: (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек және (ТҮ) тұрғын үй көмегі.

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 17 шілдесіндегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасыларға (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек төленеді.

2018 жылдың 1 тамызына АӘК алушылар саны 3013 отбасы, оның ішінде 14 241 адамды құрап, 386,6 млн.теңге төленген.

 Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері жергілікті уәкілетті органдардың шешімімен анықталып, халықтың әлжуаз топтарына тұрғын үй көмегі төлененуде. Облыс бойынша тұрғын үй көмегі 2018 жылдың 1 тамызына  3810 отбасыға 75,2 млн. теңге көлемінде көрсетілді.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне республикалық бюджеттен  төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, жергілікті өкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес, жергілікті бюджет есебінің мүмкіндігіне қарай қосымша әлеуметтік көмектер қарастырылған: атаулы және мерекелік күндерге төленетін біржолғы әлеуметтік көмек және коммуналдық шығындарды өтеу үшін төленетін ай сайынғы әлеуметтік көмек.

Жергілікті бюджеттен (ЖБ) санаттар бойынша төленетін біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері:

•        ҰОС –ның қатысушылары мен мүгедектері –ЖБ-тен 300,0 мың тенге;

•        Ленинград қоршауының тұрғындары – ЖБ-тен 20,0 мың тенге (Орал қаласында-60,0 мың теңге);

•        фашисттік лагерь тұтқындары – ЖБ-тен 20,0 мың тенге (Орал қаласында- 60,0 мың теңге);

•        міндеттер атқарған қызметкерлері – ЖБ-тен 20,0 мың тенге (Орал қаласында-60,0 мың теңге);

•        ҰОС қаза болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері –ЖБ-тен  20,0 мың тенге (Орал қаласында-15,0 мың теңге);

•        қайтыс болған соғыс мүгедектерінің - ЖБ-тен 15,0 мың тенге;

•        1941 жылғы 22 масым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдар – Жб-тен 10,0 мың теңге (марапатталған тыл еңбеккерлеріне-15,0 мың теңге).

Сонымен қатар, облысымызда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ленинградта қоршауда болғандарды, концлагерде тұтқында болған адамдарға ай сайынғы коммуналдық қызметтерді төлеу үшін берілетін айсайынғы әлеуметтік көмектің көлемі 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтарға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Осы орайда, Ұлы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге орай, 9295 адамға жергілікті бюджеттен 118,6 млн.теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек  көрсетілді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша.

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының негізінде жүзеге асырылуда.

Облыс бойынша жалпы мүгедектер саны 23684 адам, бұл облыстағы барлық халық санының 3,7%-ын құрайды.

Медициналық оңалту бойынша 169 тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерді 251 әр түрлі протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жолдама берілді.

Санаторий-курорттық сауықтырумен 357 мүгедек оңалтудан өтті.

Есіту қабілеті нашар 90 мүгедек 118 есіту аппаратарымен қамтамасыз етілді.

Үстіміздегі жылы кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және баптау қызметтерін көрсетуге республикалық бюжеттен 50400,0 тыс. тенге қарастырылып 9 мүгедек, соның ішінде 8 мүгедек баланың сөйлеу процессорлары ауыстырылды.

Әлеуметтік оңалту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды.

Үстіміздегі жылы есіту және көру қабілеттері нашар мүгедектерге 129 сурдотехникалық құралдармен және 831 тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар кресло-арбаға таңылған мүгедектерге 250 кресло-арбалармен қамтамасыз етілді.

Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын 1427 мүгедек жеке көмекші қызметімен, 1789 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, есту қабілеті төмен 224 мүгедекке 21 ымдау тілі маманының қызметі көрсетілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытының бірі – оларға кедергісіз орта құрып, қоғамға етене араластыру болып табылады.

Облыс бойынша  әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілері саны 1518 бірлікті құрайды, оның 1518-не паспорттау толық жүргізілді.  Паспортталған объектілердің ішінен 1078 объекті бейімдеуді қажет етеді, соның ішінде 965 объекті бейімделді. Барлық паспортталған әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарынан бейімделген нысандарының үлесі 92,6 (%) пайызды құрап отыр (2018ж-жоспар 80%).

Есіту қабілеті нашар мүгедектерге арнап «Ақжайық» телеарнасында жаңалықтар мен телебағдарламалар күніне 2 рет екі тілде сурдоаудармамен сүйемелдеу арқылы жүргізіледі.

Мүгедектерге бейімделген көлік құралдарын пайдалана отырып тасымалдау бағытында Орал қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған және кресло-арбаға таңылған мүгедектерге, көзі көмейтін 1 топ мүгедектерге және көзі көрмейтін мүгедек – балаларға,  психоневрологиялық ауруы бар мүгедек – балаларға, онкология және туберкулез дертіне шалдыққан, біткен анамалиялық (кемістігі) ақаулары бар мүгедек балаларға және  Бөрлі, Жаңақала, Теректі аудандарында  көзі көмейтін 1 топ мүгедектерге және көзі көрмейтін мүгедек – балаларға инватакси қызметі көрсетілуде.  

2018 жылдың 25 тамызына  24 автокөлік 12821 адамды тасымалдады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2476,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 72122,2 мың теңге бөлініп отыр.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»