Халықтың көші-қоні

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2018 жылдың 1 тамызына 18 адам этникалық қазақтар қабылданып, оралман мәртебесі берілді, оның ішінде Ресей Федерациясынан 11 адам, Өзбекстан Республикасынан 5 адам, Түрікменстаннан 1 адам, Украинадан 1 адам. Келген оралмандардың арасында еңбекке жарамды жастағы тұлғалар – 11 адам (61%), зейнеткерлер – 4 адам (22%), балалар – 3 адам (17%). Еңбекке жарамды тұлғалардың ішінде 5 адам жоғары білімді, 5 адам орта кәсіптік білімді, 1 адам жалпы орта білімді, оның ішінде 1-уі тұрақты жұмыста, 5-уі өзін-өзі қамтыған, 4-уі бала күтімінде, 1-уі студент.

Көшіп келген оралмандардың облыс бойынша орналасуы: Орал қаласы – 16 адам, Зеленов ауданы 1 адам, Бөрлі ауданы 1 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен жыл сайын республикаға шетел маманандарын тартуға квота белгіленеді.  

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2018 жылына квота 15 экономикалық қызмет түрлері бойынша белгіленді: барлығы 2572 бірлік, сонын ішінде І санатты – 76 бірлік, ІІ санатты – 784, ІІІ санатты – 1099, ІҮ санатты – 47 және маусымдық қызметкерлерге – 566 бірлік. Ағымдағы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша квотадан нақты 1260 бірлік пайдаланылды, немесе 49 %.

Есепті кезеңге (01.08.2018ж.) облыста шетел жұмыс күшін тартушы 137 мекеме мен кәсіпорындарда барлығы 17466 адам қызмет жасайды, оның ішінде 1266 шетелдік мамандары, немесе – 7,2 % және 16200 қазақстандық азаматтар, немесе – 92,8 %. Жалпы жұмыс жасайтын шетелдік мамандардың құрамында білікті мамандардың үлес салмағы 71,3 пайыздан құрайды.


Оралман мәртебесін алған этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары бойынша:

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 22 шілдедегі №477-V Заңының (бұдан әрі – Заң) 23-бабына сәйкес:
- Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігінрастаудан босатылады.
-  Оралман мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:
1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.

Байланыс ақпараты: Орал қаласы Сарайшық көшесі, 44/2 мекенжайында орналасқан Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолығуға немесе  (8 711 2) 24 18 34 телефон арқылы хабарласуға болады.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»