Еңбек нарығы

Жұмысқа орналастыру

2018 жылдың 1 тамызға облыс бойынша жұмысқа орналасу делдалдығымен жолыққан адамдардың саны 16531 адамды құрайды. Жұмыспен қамту органдарында ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген адамның саны 6233, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,9%-ы құрайды.

Есепті кезеңге жылы 6452 жаңа жұмыс орындары ашылды, соның ішінде 4289-і тұрақты жұмыс орындары. Жыл басынан бері жұмысқа орналасқаны 7483 адам.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыз азаматтардың саны 3906 адам.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 921 адам тартылды, олардың 652-ы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы.

Жастар практикасына 1018 түлек жіберілді, олардың 704 адамы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы.

Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға 1232 адам жіберілді, барлығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында.

Бос жұмыс орындарына 5544 адам жұмысқа орналастырылды.

 Еңбек нарығы  - Қосымша excel кестеде

 

(14.05.2018)

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2018 жылдың 1-ші сәуір айына айрықша қажетті мамандық түрлеріне мәлімет

2018 жылдың 1 сәуіріне облыс бойынша жұмысқа орналасу делдалдығымен жолыққан адамдардың саны 5562 адамды құрайды. Жұмыспен қамту органдарында ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген адамның саны 5491, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,6%-ы құрайды.

Есепті кезеңге жылы 1754 жаңа жұмыс орындары ашылды, соның ішінде 1423-і тұрақты жұмыс орындары. Жыл басынан бері жұмысқа орналасқаны 3290 адам.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыз азаматтардың саны 2069 адам.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 696 адам тартылды, олардың 519-ы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы.

Жастар практикасына 497 түлек жіберілді, олардың 319 адамы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы.

Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға 189 адам жіберілді, барлығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында.

Бос жұмыс орындарына 2097 адам жұмысқа орналастырылды.


(28.06.2017)

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылдың 1-ші маусым айына айрықша қажетті мамандық түрлеріне мәлімет

2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарында 3207 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,0% құрады.
2017 жылғы 1 маусымдағыжағдай бойынша 4414 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 858, өнеркәсіпте – 86, құрылыста – 538, көлік және қоймалауда – 97, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 467, білім беру – 127, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 1068, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында –417, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 756. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 2469-ы (55,9%) – ауылдық жерде.
Жыл басынан бері 5056 адам жұмысқа орналасты.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 3410 адам жіберілді.
Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 516 адам жолданды, соның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы»аясында – 215 адам.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 734 адам орналасты, соның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы»аясында– 387 адам.


(23.05.2017)

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылдың 1-ші мамыр айына айрықша қажетті мамандық түрлеріне мәлімет

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»