Жалпы шолу

2017 жылғы 1 қазанға облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 45 заңды нысанды құрады:

  • 28  ауруханалық ұйым, оның ішінде 4 диспансер, 12 аудандық орталық аурухана, 3 аудандық аурухана,1 ауданаралық сауықтыру ауруханасы оңалту орталығы және 8 аурухана;
  • 6 дербес амбулаторлық-емханалық ұйым (қалалық емханалар);
  • 11 басқа да (қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық, 2 санаторий,облыстық кеңесші-диагностикалық орталық, патологиялық-анатомиялық бюро, «Мейірім» облыстық мамандандырылған бөбектер үйі, арнаулы медициналық жабдықтау базасы, облыстық қан орталығы, медициналық колледж,облыстық стоматологиялық  балалар емханасы).
  • аудандық орталық ауруханалар және аудандық ауруханалар құрамына 1 ауылдық аурухана, 60 дәрігерлік амбулатория, 61 фельдшерлік-акушерлік пункт, 220 медициналық пункт кіреді;
  • қалалық емханалар құрамында 4 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 4 медициналық пункт бар.

Облыста тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде қызметтер көрсететін  жеке меншік нысанындағы 12 субъект жұмыс істейді.
Облыста 1687 дәрігер (ДСМ жүйесі), 6190 (ДСӘДМ жүйесі) орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Облыс бойынша 10 мың тұрғынға: дәрігерлермен қамтамасыз етілу – 24,9, орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етілу – 89,1.
Облыста қазіргі уақытта 3534 бюджет койкасы жұмыс істейді.
Облыста дәрілік қамтамасыз ету 481 дәріханалық ұйыммен жүзеге асырылады, оның  259-і ауылдық жерлерде.
2017 жылғы 9 ай есепті кезең ішінде 2016 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда әлеуметтік маңызды аурулар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді:

  • жалпы өлім көрсеткіші-4,4 %-ға, Ана өлімі тіркелген жоқ.
  • туберкулезбен аурушаңдық 0,8%-ге,
  • туберкулезден өлім-9,1%-ге,
  • нәресте өлімі-14,7%-ға,
  • қатерлі ісік ауруларынан өлім-1,3%-ға,
  • жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан өлім -1,9%-ға төмендеді.

2017 жылы бюджет 15,6 млрд. теңгені (2016 ж.-27,4) құрады, бюджеттің игерілуі 11,1 млрд.тг– 100% құрады.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan