Эпидемиялық ахуал

2017 жылғы 9 айындағы  БҚО санэпидахуал туралы

2017 жылдың 9 айында былтырғы жылмен салыстырғанда жіті вирусты гепатит А аурушаңдығының 8 оқиғасы тіркелді, созылмалы вирусты гепатиттермен аурушаңдылық көрсеткіші 1,2 -ге   төмендеді (2017ж- 198 оқиға, 2016ж.- 238 оқиға).   
Сальмонеллезбен аурушаңдылықтың 47 оқиғасы тіркелді,көрсеткіш  былтырғы жылдың деңгейімен салыстырғанда 4 оқиғаға жоғарғы. Жіті ішек жұқпасымен аурушаңдылығының 204 оқиғасы тіркелді, көрсеткіші 1,1-ге төмендеген.  (9ай.2016ж.-241 оқ.). Облыста күл, полиомиелит, сіреспе, қызамық, қызылша оқиғалары тіркелген жоқ. Жіті вирусты респираторлы жұқпамен аурушаңдылық 25,3 % төмендегені байқалады.
Аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпиджағдайы тұрақты. Оба, құтыру, тырысқақ, сібір түйнемесі, Крым-Конго геморрагиялық қызбасы, туляремия тіркелген жоқ.  Ал, бруцеллез ауруы -69,  бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның -1, Ку-қызба - 2 оқиғалары  тіркелді. Белсенді туберкулез аурушандығының 240 оқиғасы тіркеліп, (2016 ж. 9 айында – 240 жағд) былтырғы жылдың деңгейімен бірге. Ошақтарда қарым-қатынаста болғандар 100% тексерілді.   
Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша стандартқа сәйкес емес тамақ өнімдерінің үлес салмағы – 4,5% (2016ж – 3,0%), сүт және сүт өнімдері 3,6% құрады (2016ж – 3,1%).
Ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздігі 2,4% құрады (2016ж – 1,9%).
Санитарлық ережені бұзғандығы үшін барлығы 969 айыппұл салынып, санитарлық заңнамаларды бұзғандығы үшін сотқа 23 іс берілді, 373 тұлға жұмыстан шеттетілді.


2017 жылғы 6 айындағы санэпидахуал туралы 

2017 жылдың 6 айында былтырғы жылмен салыстырғанда жіті вирусты гепатит А аурушаңдығының 7 оқиғасы тіркелді, созылмалы вирусты гепатиттермен аурушаңдылық 27,46% төмендеді (2017ж- 140 оқиға, 2016ж.- 193 оқиға).   
Сальмонеллезбен аурушаңдылықтың 28 оқиғасы тіркелді, былтырғы жылдың деңгейінен 5 оқиғаға төмен. Жіті ішек жұқпасымен аурушаңдылығының 122 оқиғасы тіркелді, көрсеткіш 19,1 былтырғы жылмен салыстырғанда осы деңгейде. Облыста күл, полиомиелит, сіреспе, қызамық, қызылша оқиғалары тіркелген жоқ. Жіті вирусты респираторлы жұқпамен аурушаңдылық 21,96 % төмендегені байқалады.
Аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпиджағдайы тұрақты. Оба, құтыру, тырысқақ, сібір түйнемесі, Крым-Конго геморрагиялық қызбасы, туляремия тіркелген жоқ.  Ал, бруцеллез ауруы -30,  бүйрек синдромды гемаррагиялық қызбаның -1, Ку-қызба - 1 оқиғалары  тіркелді. Белсенді туберкулез аурушандығының 164 оқиғасы тіркеліп, 7 жағдай (2016 ж. 6 айында – 171 жағд). Ошақтарда қарым-қатынаста болғандар 100% тексерілді.
Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша стандартқа сәйкес емес тамақ өнімдерінің үлес салмағы – 5,55 % (2016ж – 3,2%), сүт және сүт өнімдері 6,08% құрады (2016ж - 0%).
Ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздігі 2,1% құрады (2016ж – 1,7%).
Санитарлық ережені бұзғандығы үшін барлығы 666 айыппұл салынып, санитарлық заңнамаларды бұзғандығы үшін сотқа 20 іс берілді, 167 тұлға жұмыстан шеттетілді.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan