Жаңалықтар

Орал қаласының Достық үйінде медиация тақырыбына арналған отырыс өтті.

Отырыстың тақырыбы « Мемлекеттік органдармен жоспарларды және меморандумдарды іске асыру бойынша тараптардың бірлескен жұмысын үйлестіру».

Кездесу барысында жанжалдарға қарсы қоғамды қалыптастыру, азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған медиаторларды белсенді тарту үшін соттармен жұмыс жасау механизмін әзірлеу,  мемлекеттік органдарда медиацияны дамыту бойынша қандай жұмыс жүргізілу керектігі талқыланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының  жаңа бағыттарының бірі медиация. 2017 жылы Батыс Қазақстан облысында  білім беру, денсаулық сақтау және ішкі істер  басқармаларымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған болатын. 
– Бүгінгі отырыста, білім саласы, денсаулық сақтау,  жергілікті полиция қызметі мамандарымен бірлесе  меморандум аясында   медиация   тақырыбын талқыладық.  Қалай болғанда да, мектептерде немесе денсаулық сақтау мекемелерінде медиация жоқ екенін мойындау керек. Сондықтан, біріншіден, меморандумдардың орындалуын және олардың қағаз жүзінде калып қалмауы үшін жоспарларында көрсетілген шаралар мен міңдеттерді жүзеге асыруымыз тиіс. Мен мектепте шамамен 30жыл, қалалық білім беру бөлімінде жеті жыл жұмыс істедім, сондықтан, мектептердеде мұғалім мен оқушы, ата-анамен мектеп әкімшілігі арасында  қақтығыстар болып тұратының білемін. Әрине, мекемелер орын алған жағдайларды жұртшылыққа жариялағысы келмейді.  Дұрысы - қақтығыстарды әділ түрде шешу.  Келісімде медиация туралы тараптардың жауапкершілігін ескере отырып, құпиялылық туралы тармақ  бар екенін де ұмытпауымыз қажет,- деп атап өтті БҚО «Қоғамдық келісім» КММ әлуеметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Алуа Рахишева.
Кездесуге қатысушылардың пікірінше, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. БҚО сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының судьясы Ерлан Идиров медиацияның оң аспектілерін атап өтті.

– Соңғы уақытта медиация арқылы тоқтатылған жағдайлар санының артуы байқалады. Меморандум аясында біз, БҚО ҚХА-мен бірге, медиаторлардың көмегімен оң шешімін тапқан даулы мәселелер туралы ақпарат алмасып  тұрамыз, - деді  Ерлан Идиров. Айта кету керек, медиация тек сот жүйесін жеңілдетіп, оны «қажетсіз» даулардан босатып қана қоймайды, мұндай дауларды келешекте азайтуға көмектеседі. Шын мәнісінде, сотқа қарағанда, медиация дауды шешеді, дауласушылар өзара тиімді шешім табады кезде,  белгілі қорытындыға жеткізеді, яғни бұл дау қайтадан пайда болмайды.
- Мен осы салада   екі жылдан астам  жұмыс істеп келе жатырмын. Осы уақыт ішінде мен медиация туралы 160 келісімді дайындадым. Адамдар әр-түрлі сұрақтармен келеді - мал ұрлау, ұялы телефон ұрлау, отбасылық даулар, жылжымайтын мүлік сатып алу және сату. Көптеген жағдайларда дау-дамайлар оң шешімін тапқанын атап өткім келеді. Маған келген медиация  бойынша істер ешқайсысы сотқа жеткен жоқ, - деді Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің қоғамдық медиатор Майра Сельбаева. Майра Сельбаеваның  айтуы бойынша, казіргі таңда медиация бұл мәселені сотқа бермей дауды шешудің баламалы тәсілі ретінде қажет. Қазақстандағы медиация институты бес жыл бойы жұмыс істеп тұрған келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешудің жаңа балама әдісі ретінде өз тиімділігін дәлелдеді. Статистикаға сәйкес, медиаторлармен байланысты даулардың 80% дан астамы тараптардың татуласуымен аяқталады. Алайда, медиация туралы халықтың хабардарлығы жеткіліксіз, оның әлеуетін толыққанды пайдалануға  мүмкіндік болмай тұр. Қортындылай келе, БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапаков, Ассамблея өз жұмысында медиация институтын дамытуға, оны әлеуметтік, тұрмыстық қақтығыстарды болдырмау мен жоюдың тиімді механизмі ретінде нығайтуға мүмкіндік беретін нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Медиацияны қолдану аясын кеңейту, жанжалдар мен дауларды шешудің осы баламалы әдісін халық арасында хабардар ету және кеңінен тарату.

«Қоғамдық келісім» КММ - ің баспасөз қызметі

112

 

 

«Қазақ халқының ұлы көсемі» 

 Орал қаласының Достық үйінің кітапханасында  кітапхана мамандарының  ұйымдастыруымен ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына орай  «Қазақ халқының ұлы көсемі» атты еске алу кеші өткізілді.

Шараның мақсаты оқушыларды патриоттық тәрбиеге, елін жерін құрметтеуге, осындай мақтан етер ұлы тұлғаларды көбірек оқып, ой сана сезімдеріне жетілдіру. Ең алдымен Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына тоқтала кетіп, бейнеролик көрсетіліп, әрі қарай мектеп оқушылары Молдабаева Айназ, Абдулова Арайлым, Маликова Аймира, Аманғалиева Салтанат, Орахова Диляра, Елдосқызы Фариза өлеңдерін жатқа айтты. Сонымен қатар Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің доценті Абдульманов Алтынбек Абуталиевич шарамызға қатысып, Ахмет Байтұрсынұлының жан-жақты қырларымен толықтай әңгімелеп айтып берді. Ахмет Байтұрсынұлы - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.  Сонымен қатар Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері Сағатбаева Әсел, Сүндетқалиева Гүлайна  қатысты, Ахмет Байтұрсынұлы туралы слайд көрсетіп, оқушыларға толықтай ашып айтты.  Шараның соңында оқушыларға бүгінгі шараның нәтижесі ретінде сұрақтар қойылу арқылы тақта да тұрған фото суреттер мен жылдарды, қойылған сұрақ арқылы бір-біріне жабыстырып қою арқылы ойын тренинг ойнатылды. Оқушылар назарына «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар бүгінгі өткізіліп отырған шарамыздан қазақ халқының мақтан тұтар ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынов арқылы көптеген мағлұматтарды қамту арқылы өздеріне керек мағлұмат алды.

 

 

Ассамблея  достарын ұмытпайды

Орал қаласындағы Достық үйінде БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының дүнген этномәдени бірлестігігнің жетекшісі Абдуманап Каримовке арналған еске алу кеші өтті.

Еске алу кешіне Абдуманап Каримовтың ассамблеялық достарымен бірге туыстары, жолдостары, балалары жиналды. Өзінің саналы ғұмырын Абдуманап Каримов Батыс Қазақстан облысына арнаады, оның достары болған азаматтар түрлі ұлт өкілдері еді - қазақтар, әзірбайжандар, орыстар, татарлар, армяндар және облыста өмір сүріп жатқан барлық этностардың өкілдері.

Абдуманап Каримов Жамбыл облысының Дунгановка (қазіргі кезде Жалпақ төбе) ауылында дүниеге келген. Бала кезінен бастап өз халқының салт-дәстүрін бойына сіңіріп өскен, өзінің сөзі бойынша «ұлты – дүнген, ал жаны – қазақ» болған, қазақ әнін, қазақтың ұлттық тағамын сүйген, қазақ тілін еркін меңгерген. Өзінің еңбек жолын құрылысшы, дайындаушы болып бастап, кейіннен кәсіпкерлікпен айналысқан. Достары мен туыстарының еске алулары бойынша, Абдуманап ешқашан бос отырмайтын, өзінің сүйген ісімен айналысып онымен қатар аңшылық пен балық аулау хоббиі еді. Оны көбі білетін, ол туралы жергілікті газеттер жазып,  ресейдің «Охота и рыбалка» арнасы тегі дүнген, жаны қазақ оралдық аңшы туралы сюжет түсірген болатын, алайда ол өзін эфирден көре алмады, 55 жылдық мерейтойына жетпестен, кенеттен дүние салды.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары  Ғайса Қапақовтың айтуы бойынша, Абдуманап Карімов үлкен мансап пен дәреже туралы ойланбайтын, ол адамгершілік қасиетті жоғары қойған азамат еді,  әрдайым тұрмысы төмен  отбасыларына көмектесіп, оның ішінде ешкімді ұлтқа бөлмей достыққа адал болып өткен азамат.

Қазақстан халқы Ассамблеясындағы достары «өздерінің Абдуманапын» еш ұмытқан жоқ және оған еске алу кешін арнап, оның достары мен туыстарының басын қосып жиналуды шешті.

1887 жылдан бері дүнген халқы өз тағдыры қазақ халқымен байланыстырып, басқа этностармен және барлық қазақстандықтармен бірге үлкен тарихи даму жолынан өтті. Орал өңірінде дүнген этномәдени бірлестігі 2007 жылдың 22 тамызында ашылды. Дүнгендердің негізгі кәсібі егіншілік болды, олар өздерінің еңбексүйгіштігімен, қолөнерге деген құштарлығымен, музыкалық фольклорға деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамындағы этностар арасындағы қарым-қатынасты әрі қарай үйлестіру ісін оның туыстар мен достары жалғастыруда.

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 

Проблемаларды сөзбен емес іспен шешу

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің V форумы өтіп, онда Кеңес мүшелерінің тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету,  қоғамдық бақылау механизмі ретіндегі Кеңестердін рөлін арттыру, қоғамдық келісім кеңестерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуының тиімділігі мәселелері талқыланды, сондай-ақ аудандық, қалалық, ауылдық деңгейлерде және кәсіпорындардағы Кеңестер жұмысының тәжірибесі қаралды.

Форум жұмысына барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар және ақсақалдар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
Бүгінде облыста барлық деңгейлерде және облыс орталығындағы кәсіпорындарда 239 қоғамдық келісім кеңесі құрылды. Оларда 4 507 адам тіркелген. ҚХА облыстық қоғамдық келісім кеңесі 52 адамнан тұрады, олардың ішінде мемлекеттік органдар басшылары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, аналаржәне ақсақалдар кеңестерінің мүшелері және өзге де қоғам қайраткерлері бар.
Форум қатысушыларын облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қошеметтеді. Өз сөзінде ол бүгінде Қазақстанның Тәуелсіздік алған уақыттан, әлемдегі бәсекеге қабілетті үздік 50 елінің қатарына кіруден бастап, келешекте жүзеге асырылатын үшінші жаңғыруға дейінгі жолды лайықты өтіп, жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.

  • Бүгінде біздің алдымызда Елбасы айқындаған басты міндет – бұл 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы және Қазақстанның әлем елдерінің бәсекеге қабілетті үздік 30 елінің қатарына кіруі. Бұл өте күрделі мақсат, алайда оған қол жеткізуге болады. Президент өз сөзінде айтқандай бұл даму тек экономикада емес, барлық салаларда болуы тиіс, соның ішінде қоғамдық санының жаңғыру болуы тиіс. Бұл жаңғырудың басты бағыттарының бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы болып табылады. Ол басты міндетті – барлық өзгерістерге және ең бастысы өзімізді жаңғыртуға рухани дайын болуды белгілейді. Бұл мақсаттарға жету үшін біз барлығымыз бірге алға жылжуымыз қажет. Ал бұл істе өте маңызды рөл қоғамдық келісім кеңестеріне бөлінеді. Тәжірибе көрсеткендей, олар жергілікті жерлердегі істің нақты жағдайын біледі және неғұрлым маңызды проблемаларды уақытылы анықтайды, халықты толғандырып жүрген ең өзекті мәселелерді көтереді және талқылау нәтижесі бойынша мемлекеттік атқарушы органдар алдына қойылатын нақты ұсыныстар шығарады.  Сондықтан аудандар мен кәсіпорындар кеңестерінің өкілдері тұрғындардың проблемалары мен өзекті мәселелерін айта алатын бұл форумның біздер үшін маңызы зор, - деп атап өтті Ғ.Оспанқұлов.

Өз кезегінде, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумында бұдан былай Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір қоғамдық келісім кеңесі тұрғындардың кеңестер өкілдеріне жүгінетін проблемаларын шешу паспортын тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті екендігін атап өтті.

  • Енді кеңестер қоғамдық бақылаудың іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын сөзбен емес, іспен көрсетіп, есеп беруі тиіс. Аталған паспортта үш позиция көрсетілуі тиіс: кеңеске қандай проблемалық мәселе келіп түсті, оны шешу бойынша қандай шаралар қабылданды және қол жеткізілген нәтиже. Бұл қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін арттыру мақсатында жасалып отыр. Олар қоғамдық бақылау бойынша нақты жұмысты ұсынуы тиіс, сондай-ақ бұл жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқандығы, бюджеттен бөлінген қаржылар босқа шығындалып жатқан жоқ па, сол туралы түсінік береді, - деді Ғ.Қапақов.

Жыл сайын қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі кеңейіп келеді. Бұл жағдай тұрғындарға өздерінің мәселелері естіліп, проблемалары шешіледі деген үміт береді және бұл туралы форум барысында ұйымдастырылған, «Маңызды сұрақтар уақыты» тақырыбындағы «бос микрофон» пікірталасы барысында сөйлеуге мүмкіндік берілген форумның қатысушылары айтты. Аудандық қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар туралы хабарлап, сондай-ақ туындаған қиындықтарымен бөлісті. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері өздерінің ойларымен және пікірлерімен бөлісіп, қайырымдылықтың жарқын мысалдары туралы айтты. Форум соңында қоғамдық келісім кеңестерінің белсенді мүшелерін және «Үздік медиатор», «Үздік медиация кабинеті» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Осылайша, бірінші номинация бойынша жеңіске Бөрлі ауданының медиаторы Майра Сельбаева ие болды, ал үздік медиация кабинеті үшін жүлдені Ақжайық аудынына кабинет жетекшісі Жігербай Кажгалиев алып кетті.
Ресми бөлім аяқталған соң Ассамблея үйінде «Туған елім – тірегім» тақырыбына «Достық-Дружба» фестивалі өтіп, оған туған жер туралы композицияларымен аудандардың шығармашылық ұжымдары мен солисттері қатысты.

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз қызметі

 


Батыс Қазақстан облысында  «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Орал қаласында журналистика саласындағы «Шаңырак» республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға барлығы 64 жұмыс үсынылды – 15 облыстық, қалалық, аудандық, газеттерде жұмыс істейтін журналистерден болса, 5 телевидение саласының  журналистерінен. Қазылар алқасы жұмыстарды қарап шығып, әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады. Облыстық, қалалық және аудандық БАҚ тан  – Мұнайдар Балмолда, Гүлжамал Кенжеғалиева, Жанна Балыкова, Роза Сатканова, Гаухар Курмангазиева, Бауыржан Шимерденұлы, Гүлжамал Кенжегалиева, Гүлсезім Бияшева, Айгуль Логашкина, Оксана Игликова, Оксана Каткова әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.
Байқауға қатысқан журналисттер жыл  бойы өңірдегі этносаралық қатынас туралы тақырыбында жазып жергілікті жерлердегі қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы, мемлекеттік тілдің жағдайы мен болашағы,  «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы аясында  есімдері тарихқа мәңгілік жазылған тұлғалар туралы басылымдарға жазып, телевидение арқылы көпшілікке жеткізуге тырысты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы «Приуралье» және «Орал өңірі» газеттерінің журналисттері жазып, «Ақжайық» телеарнасының журналисттері бағдарлама құрды.    
Марапаттау салтанатында БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, Журналистер клубының төрағасы, «Ақжайық» телеарнасының басшысы – Асланбек Губашев, байқаудың қазылар алқасының төрағасы, «Шаңырақ» және «Информбиржа news» газеттерінің редакторы, БҚО ҚХА мүшесі Сергей Кульпин сөз сөйледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Толқын Нургуатова,
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы

 

 


Сабантой мейрамы тойланды.

Орал қаласының  мәдениет және демалыс саябағында татар халқының дәстүрлі Сабантой мейрамы тойланды. Жиналған жұртшылықты Сабантоймен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің мәлім еткеніндей, аталмыш мереке татар бауырлар ғана емес, өңірде тату-тәтті өмір сүріп жатқан 130 этнос өкілдерінің ортақ тойына айналды. Биылғы Сабантойдың ерекшелігі, ол Елбасы жариялаған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырылып отыр. «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек», - деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап өткеніндей, осындай ортақ мерекелер арқылы ел бірлігі нығая түседі. Татар халқының мейрамымен Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов те құттықтап, мұндай мерекелерімен  мерейіміз өсе түсетінін атап өтті.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағында Татарстан астанасы Қазан қаласынан арнайы келген белгілі әртістердің қатысуымен концерт қойылды. Оған облыс аудандарынан келген шығармашылық ұжымдар да белсене қатысты. Жиналғандарға, әсіресе, татар халық әндері айрықша әсер қалдырды. Сонымен қатар «Теңге алу», «Таяқ тарту»,  «Құмыра сындыру», «Бұрым өруден» халықтық сайыстар тосындығымен ерекшеленсе, балалар асфальтқа суреттер салдыы. Арқан тарту, гір тасын көтеру, татар күресінен озып шыққандар да сый-сияпатсыз қалған жоқ. Енді бірқатары татар әндерін орындаудан сынға түссе, кейбіреулері сырнайларын сызылтты. Жан жадыратар татар билері де биленіп жатты. Мерекеге келгендер  қонақтар татар ұлттық тағамдарынан дәм татты.

 «Таң» (Астана қ)  татар-башқұрт мәдени орталығының атқарушы директоры Светлана Тенишеваның айтуынша, Сабантой соқа және той деген түркі сөздерінен алынған. Сабантой көктемгі егіс жұмыстары біткеннен кейін тойланады. Егінді егіп, көңілін жайлаған ағайынның қуанышын білдіреді.  Кәзіргі уақытта,  Сабантой Татарстан ғана емес, Қазақстанда да кеңінен тойланып келеді.

Өңірде  сегіз мыңнан астам  татар халқының  өкілдері тұрады. Оралдықтар, әсіресе, татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың есімін ерекше қастер тұтады. Орал қаласында балалық және жастық шағы өткен ақынның ескерткіші орнатылып, көшеге аты берілген.

 

БҚО «Қоғамдық келісім» КММ-сі

Аналар кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан Халқы Хатшылығының сектор меңгерушісі Шанаи Назипа Ыдырысқызы  Батыс Қазақстан облысы  Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан ашылған  «Аналар кеңесінің» мүшелерімен кездесті.

 Кездесуді ашып, сөз сөйлеген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова аталмыш кеңестің жұмысының  алға басуы үшін мемлекеттік мекемелер тарапынан  қолдау көрсетуге дайын екендігі туралы  айтып кетті.

Назипа Ыдырысқызы кездесудің  форматын өзгертіп сұхбат ретінде аналармен әңгімелесу түрінде   ананың қоғамдағы ролі, жасөспірімдер  арасында суидцидтің көбеюі туралы айтып, білім саласының  жылдан  жылға әлсіреп бара жатқанын сынға алды.

 Кезегімен сөз алған аналар кеңесінің мүшелері өз ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 Колледж директоры Балганым Какимова   кәзіргі таңда экономикалық жағдайдың төмендігі, әлеуметтік проблемалар, ішімдікке салыну әке институтының жоқтығы  туралы айтса, патронатты ана Роза Нурболатова баспана жоқтығы көбңне балалрымыздың және аналарымыздың азуына апаратыны туралы жеткізді.

 «Қоғамдық келісім» КММ нің  баспасөз қызметі

«Жайық жарығы» ЖШС-да қоғамдық келісім кеңесі құрылды

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында  «Жайық жарығы» ЖШС-да қоғамдық келісім кеңесінің құрылуына байланысты жиын өтті. Оған қала әкімі аппараты жанындағы ұлтаралық келісімді нығайту және дамыту бөлімінің басшысы Валентина Юртаева,  «Жайық жарығы» ЖШС директорының орынбасары  Тілек Мұханбетқалиев қатысты.

Аталмыш бөлім басшысы түрлі ұлт өкілдері қызмет ететін «Жайық жарығы» мекемесінде қоғамдық келісім кеңесінің құрылуы туралы былай деді. –  Облыс бойынша қоғамдық келісім кеңестерінің саны 167 болса, қаланың өзінде жиырмадан астам қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-шы сессиясында қоғамдық келісім кеңесін құру туралы тапсырма берген болатын. Қоғамдық келісім кеңестерінің  басты мақсаты -  этносааралық  толеранттылықты нығайта отырып   ұжымдарда   қызметкерлердің жағдайын жақсарту,  өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

Айта кету керек, аталмыш мекеме  25 жылдан астам нарықта кызмет етуде, ұжымда 120 қызметкер – түрлі этнос өкілдері жұмыс жасайды. Шаһардағы барлық мерекелік іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлестері  зор. Қала мен оның маңындағы елді мекендерді жарықтандыру, бағдаршамдар мен субұрқақтардың уақтылы жұмыс жасауын қадағалау бүл мекеменің басты міндеті болып келеді

Жұмысшылар жыл сайын арнайы киіммен және қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық көмекппен, сыйақымен  қамтамасыз етіледі.. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз – 2014» байқауының орта және шағын кәсіпкерлік саласындағы «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша алтын жүлдегер атанған мекеме әсем шаһарымызды жарықтандырып оданда әдемілендіруде.  

Осындай ынтымағы жарасқан, түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан мекемеде қоғамдық келісім кеңесінің құрылуы  өскелең ұрпаққа патриоттық  тәрбие беруге, жұмысшы жастарды қолдау мәселелеріне  септігін тигізетініне сенімдері мол.

БҚО «Қоғамдық     келісім» КММ - сі

 

«ҚХА - 20 ізгі ас аясында» «Арба» қоғамдық бірлестігі автокөлікке ие болды

 Ассамблея жылы, «ҚХА -  20 ізгі іс»  республикалық қайырымдылық акция  аясында  Мемлекеттік рәміздер күні, «UNISERV» компаниясы мүмкіндігі шектеулі жандардың «Арба» қоғамдық бірлестігіне , арнайы автокөлікті табыс етті. «UNISERV» компаниясының бас директоры Нұрғазы Сәтбаевтың айтуынша, автомобиль барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етілген.

 Сонымен қатар, оның жүргізушісіне жыл бойына ай сайын  жалақы төлеп , және де 1000 литр жанармай сертификатын тағайындады.

 «UNISERV» компаниясы еңбек нарығында 14 жылға жуық жұмыс істеп, алғашқылардың бірі болып, қоғамдық келісім кеңесін құрды.  Шараға қатысқан   БҚО  ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов өз сөзінде  «UNISERV» компаниясы біріншілер болып этносаралық толеранттылықты нығайту мақсатында   қоғамдық келісім  кеңесін құрғанын     айтып кетті.  Бизнес-құрылымдар  арасында өтетін «Жүректен - жүрекке» атты үздік қайырымдылық жобасына  аталмыш компания қатысуға  ниет  білдіруде.  Жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналып  жарияланған болатын.  «Арбалықтарды» қолдауға қаланың этномәдени орталықтарының өкілдері келген болатын.

Аталмыш компания Нургазы Сатбаевтың басшылығымен қаланың әлеуметтік өміріне белсене қатысып, денсаулығы төмен, тұрмысы нашар отбасы балаларына және мүмкіндігі шектеулі жандар біріккен  қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсетіп келуде.

Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жиналғандарды мерекемен құттықтап, өңір басшысының атынан аталмыш бірлестік төрайымы Гүлмира Батпақұловаға екі ноутбукті сыйға тартты.

 БҚО «Қоғамдық келісім» КММ-сі

       «Дөңгелек үстел» кездесуі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында, «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформаларын жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» тақырыбына дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел шарасына БҚО ҚХА-ның төраға орынбасары, В.К. Шохина, педагогика ғылымдарының докторы,  Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, А.С. Имангалиев, Г.В. Плеханов атындағы РЭУ-дың, РУДН халықаралық институты, «инновацияларды басқару» кафедрасының профессоры Ю.М. Баюханов, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сінің, сараптамалық-талдау бөлімінің басшысы, А.Жумина қатысты.

Сонымен қатар, БҚО мемлекетік органдарының, бизнес құрылым өкілдері,  мемлекеттер емес ұйымдар, М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылары мен студенттері қатысқан болатын.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, Асхат Салимович, өз кіріспе сөзінде, осындай дөңгелек үстелдердің негізгі өткізу мақсаты, 100 нақты қадамды жүзеге асыру механизмдерін түсіндіру   екенін және «дөңгелек үстел» қатысушылары ретінде   биліктің мемлекеттік құрылымында жұмыс жасайтын өкілдердің кездейсоқ шақырылмағанын атап өткен болатын. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы болашақта қазақстандықтардың жетістіктерінің негізгі платформасы болып табылады. БҚО ҚХА-ның төраға орынбасары В.К. Шохина, Қазахстан халқы Ассамблеясы туралы және  Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын тәжірибеде қалай жүзеге асып жатқанын айтып өтті.

Г.В. Плеханов атындағы РЭУ-дың, РУДН халықаралық бағдарламалар институты, «Инновацияларды басқару» кафедрасының профессоры Ю.М. Баюханов, менеджмент облысындағы эксперт ретінде, берілген бағдарламаның болашағын айта кетіп, сонымен қатар, экономикалық реформаларды өткізу мәселелерінде, табысты мемлекет тәжірибелерін енгізу қажеттілігіне тоқталды.

БҚО « Қоғамдық келісім «КММ   

Еуразиялық одақ шекараларды кеңейтеді

 М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде

 ҚХА 20 жылдығының аясында  Л. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық    университеті өкілдерінің, М. Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ҚХА кафедрасының және  «Евразия Поволжье»  ақпаратық талдау орталығының, «Мастерская евразийских идей»  атты  ғылыми  зерттеулерді қолдау  қорының  қатысыуымен «Казақстан Еуразиялық интеграция жобасында»  атты дөңгелек үстел оздырылды.              Отырысты  Батыс Қазақстан облысы Қазақстан  халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, БҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі  Ғ. Қапақов ашып, өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының  қоғамдағы   орнын атап өтті:

 -Біздің ел - тәуелсіздігіміздің жаңа тұғырына, интеграция барысының жаңа деңгейіне шықты, сондықтан алдымызда қиын сұрақатардың тұрғанын жоққа шығара алмаймыз, бұл сұрақтарды шешуге ғылыми қауымдастықтыңда көмегі керек.М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті этно-педагогика және саясаттану бағытында көптеген жұмыстар атқаруда. Осы тәжірибені қолдана отырып, Орал өңірінің он алты этно-мәдени бірлестігінің, Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысына ғылыми қауымдастық өз септігін тигізетініне сенімді екенін, айтып кетті. М. Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ҚХА кафедрасы  және  «Евразия Поволжье»  ақпаратық талдау орталығымен (Саратов қ. РФ) «Еуразиялық интеграцияның барысы мен болашағы» атты ғылыми – зерттеу  консорциумын құру туралы келісімге қол қойды. Еуразиялық кеңістіктің сұрақтарын ғылыми  тұрғыдан зерттеуге арналған ынтымақтастық  туралы құжатқа М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚХА кафедрасының меңгерушісі В.Салов және «Евразия Поволжье»  ақпаратық талдау орталығының директоры, Саратов мемлекеттік университетінің Балтық және ТМД елдерін зерттеуге арналған ҒБО басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты М. Лапенколар құжаттарды бекітті. Тарих ғылымдарының кандидаты, БҚМУ-дың дүниежүзі тарихы кафедрасының доценті  З. Мухлисованың «Евразиялық интеграцияның барысы мен болашағы» атты баяндамасында, ЕАЭО-қа әлемдік қауымдастықтың көзқарасы туралы айтылды. : "Казақстан Республикасы сырткы жане iшкi саясатындагы еуразиялык идея эволюциясы», атты баяндаманы Л.Гумилев атындағы  Еуразия Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің аймақтану  кафедрасының доценті (Астана қ.) А.Оспанова оқып, өз баяндамасында Елбасымыз, көреген саясаткер  Н. Назарбаев  Еуразиялық одақ идеясын осыдан 15 жыл бұрын қозғағаны туралы айтып кетті.

  Ғылыми қызметкерлердің баяндамалары аудитория тыңдаушыларын, ҚХА өкілдерін өте қызықтырып сол жерде бір  пікір талас алаңы пайда болғандай. Ғалымдардың айтуы бойынша ЕАЭО қатысушы елдердің экономикасына  жаңа бір үрдіс әкелетініне сенімді және де шекаралас аймақтардың бұл істе орындары бөлек екені туралы да сөз қозғады. 

  БҚО «Қоғамдық келісім» КММ

 

Ақжайық ауданының делегациясы «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасының аясында Сырым ауданына келді

27 наурыз күні аудан әкімі Нариман Төреғалиев бастаған Ақжайық ауданының делегациясы «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасының аясында Сырым ауданына келді. Меймандарды Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Сырым Датұлының кесенесінің басынан қарсылады. Ақжайық ауданының делегациясы үшін орталық алаңдағы қазақы үйдің ішінде салтанатты қарсылау ұйымдастырылды.

Қонақтар алдымен аудан орталығындағы Сырым Датұлының ескерткіші мен Алаш саябағындағы Алашорда үкіметінің көсемдеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Алаш саябағында Ақжайық ауданының өкілі, ақын, Қазақстан ақын - жыршылар Одағының мүшесі Сағынтай Бисенғалиев «Сырым шыққан төбе» атты өлеңін оқыды.

Ақжайықтықтар Сырым ауданындағы сапарында Алаш мұражайы мен С. Датұлы атындағы тарихи  - өлкетану музейінде болды.

Түс ауа Ақжайық ауданы делегациясының ресми бөлігі Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептегі Қадыр сыныбымен танысты. Ақын атындағы мектеп оқушыларының Қадыр өлеңдерін жатқа оқудағы шеберліктері тыңдаған адамды әсерсіз қоймайды. Осындай пікір білдірген Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев мектеп директоры Марат Ақбасовқа Қадыр сыныбы үшін естелік сыйлық табыс етті.

Кейін қос ауданның қоғамдық келісім кеңестерінің қатысуымен  «Менің елім – мәңгілік ел!» атты дөңгелек үстел өтті. Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков төрағалық еткен дөңгелек үстелге Қазақстан Халқы ассамблеясының БҚО бойынша төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев және екі ауданның қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қатысты.

Жиын барысында елішілік бірлікті , қоғамдық және этносаралық татулық пен мәдениетті нығайту сияқты «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасының негізгі мақсаттары сөз болды. Әсіресе, аймақтық ассамблеялардың байланысын өркендетуге маңыз беру туралы көп айтылды.

Аудандардағы қоғамдық келісім кеңестерінің жергілікті жердің қоғамдық – саяси орыны туралы өз сөзінде Сырым аудандық мәслихатының хатшысы, осы кеңестің аудандағы төрағасы Әнуарбек Ғалымов айтты.

Көршілес Ақжайық ауданы – Қазақ поэзиясына найзағай ақын Жұбан Молдағалиевті берген жер. Сырым ауданындағы Қадыр Мырзалиев шығармашылығының насихатталу қарқынына үлес қосқан Қадыр сыныбы тәжірибесін көршілеріміз Жұбан Молдағалиевтің поэзиялық мұрасын насихаттау үшін қолданып көрмек. Жалпы алғанда, Қадыр мен Жұбан ақындардың атын иеленген екі аудандағы білім ошақтарының әріптестік байланысынан біраз баянды нәтиже күтіледі.

Күн тәртібіндегі тақырыпқа байланысты ардагер – ұстаз Ким Федянин, Ақжайық аудандық мәслихатының хатшысы Дәулетжан Жақсыбаев өз ойларын білдірді.

Арнайы сөз алған Қазақстан Халқы ассамблеясының БҚО бойынша төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов татулық пен тұтастық жылындағы шаралардың мазмұнына үлкен мән беру керектігін айтты. Өйткені, қалың бұқараны бірлікке шақыру, ұлттардың ұйысқан ынтымағын дәріптеу осындай шаралардың ұйымдастырылу деңгейіне тікелей байланысты.

Жиын соңында Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев сырымдық әріптесіне естелік кітаптар табыс етті.

Күн аяғы аудандық Мәдениет үйінде өткен Ақжайық ауданы көркемөнерпаздарының «Жұбан елі – жарасымның мекені!» атты концерттік бағдарламасымен қорытындыланды. Жоғары кәсіби шеберлікпен дайындалған өнер кешінің ерекше өткендігін екі – ауыз сөзбен жеткізу қиын.

Биыл – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Концерттік бағдарлама осы тарихи тақырыптағы театрландырылған көрініспен басталды. «Ақтабан шұбырындыны» шынайы берген көріністі көңілде қалдырған - Қазтуған жыраудың зары. Қонысымен қоштасқан Қазтуғанның жыры сай- сүйекті сырқыратады. Бірақ, қойылымның сарыны трагедиямен тұра бермейдіОсы көріністен кейін сахнада Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» өлеңі оқылды.

Жас ақын Біржан Кухаев оқыған ақжайықтық ақын Сағынтай Бисенғалиевтің «Рухнама» атты өлеңі Ұлы Жеңіс жолындағы жанкешті қазақ жауынгерлерін жырлайды.

Ақжайық ауданында 21 өзге ұлт өкілі тұрады. Солардың бірі, «Радуга» славян ұлттық – мәдени орталығы осы кеште Е. Ваенгоның «Желам вам» әнімен өнер көрсетті.Үлгілі «Сымбат», «Балауса» және «Дарын» бишілер тобы «Достық» атты хореграфиялық композицияны орындады.

Концерттік бағдарлама «Ақжайық – өлкем!» атты әнмен қорытындыланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді үлкен қоғамдық институт арқасында татулық пен бірлік елдегі басты құндылыққа айналды. Кейін Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков ақжайықтық әріптесінен «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега – жобасының эстафетасын салтанатты түрде қабылдады. Қос аудан басшылары өзара естелік сыйлықтармен алмасты.

Концерттік бағдарлама аяқталғасын сырымдықтар Ақжайық ауданы қолөнер шеберлері мен фотосуретшілерінің туындылары қойылған көрмені тамашалады.

 БҚО «Қоғамдық келісім» КММ

 

 

22 сессия делегаттарымен  кездесу өтті

«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы – халықаралық келісім мен ішкі саясат тұрақтылығының  кепілі»  тақырыбында Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен Қазақстан халқы  Ассамблеясының ХХII  сессиясының делегаттарымен кездесу өтті.

Шараның басты мақсаты - этносаралық келісімді, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.  Бір шаңырақтың астында тұрып жатқан  түрлі этнос өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сақтап, елін, жерін сүюге ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға бағыттау.

Кездесуге Қазақстан халқы  Ассамблеясының ХХII  сессиясының делегаттары:  БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары,  БҚО ҚХА хатшылығының басшысы Ғ.Х.Қапақов,   БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш  этно -мәдени бірлестігінің төрағасы Д.А.Саратов , «Яик» фольклор-этнографиялық казактар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы В.В.Новиков,   Батыс Қазақстан облысының «Еднання» украин  этномәдени бірлестігінің төрағасы  В.И.Тарасенко,  БҚО әкімі аппараты  «Қоғамдық келісімі» КММ-нің бас кеңесшісі Т.В.Болдырева,  жоғары және арнайы оқу орны студенттері мен оқытушылары  шақырылды.

Шараға «Ұлт достастығы – ұлылықтың бастауы» тақырыбында кітап көрмесі дайындалды. Шара барысында  «Мәңгілік ел» идеясы туралы сөз қозғалды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды мемлекеттік ұлттық саяси, мәдени және этносаралық келісім механизімі,  түрлі ұлттар арасындағы мәміле құралы екені туралы  БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары,  БҚО ҚХА хатшылығының басшысы Ғ.Х.Қапақов айтып кетсе,

«Вайнах» шешен - ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Д.А.Саратов өз сөзінде 1995 жылы бірінші сессияға Қазақстан Республикасының  Президенті Н. Назарбаев  түрлі этностардың  өкілдерін жинап, сол уақытта кеңестік одақтан шыққан  басқа мемлекеттерде орын алып жатқан жәйсіз  жағдайларды болдырмау мақсатында бәріміздің басымызды біріктіру  үшін бір ұжым құруымыз керек деді. Осылай Қазақстан халқы Ассамблеясы дүниеге келді, деп   20 жыл бұрын  көбінің сенімсіздігіне ұшырап, бірақ жылдар өте Қазақстанда ғана бар  азаматтық институттың Қазақстанның бірлігін нығайтуға  үлес қосып келе жатқан  Ассамблеяның қалай құрылғаны туралы  айтып берді.

 Ж. Молдагалиев атындағы облыстық әмбебап  қітапханасының    директоры Роза Исатаева  Ассамблея жылы  аясында  «читающий автобус» акциясын  өткізу идеясын ұсынды, акция барысында   автобус жолаушылары  қатарында  этномәдени бірлестіктерінің төрағалары  қатысып ҚХА тарихынан әр ұлыстың салт дәстүрлері туралы әңгіме айтылатыны туралы сөз қозғады.

 Қазіргі уақытта Ассамблея жылына арнап  библиотека қызметкерлері мультимедиялық жинақ әзірлеуде.

 Толкын Нургуатова

 «Қоғамдық келісім»   БҚО КММ

 

«Ақ Жайық – достық мекені»

Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай  Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақ Жайық – достық мекені» атты көрменің ашылуы және «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мәдени-көпшілік шара өткізілді.

Наурыз мейрамы ертеден келе жатқан көне мейрамдардың бірі. Бұл мейрамды тек қазақ халқы ғана емес, сонымен қатар барша түркітілдес шығыс халықтары тойлайды.  Демек, бұл мейрам түркі халқын рухани жағынан біріктіретін ортақ мереке болып отыр. Көпұлтты еліміздің батыс өңірінде де өзге ұлт өкілдерінің Наурыз мейрамын қарсы алуының өзіндік ерекшеліктері бар.

Көрмеге Батыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музей қорында сақталған әр түрлі ұлттардың ұлттық киімдері мен саз аспаптары, тұрмыс заттары қойылды. Осы арқылы жастарға өзге ұлттардың тарихынан, салт- дәстүрлерінен мол мәлімет берілді.

Шараның екінші кезеңінде өңіріміздегі шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қарсы алудағы ерекшеліктері көрсетілген бейнебаян назарға ұсынылды. Бейнебаяннан соң БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Х.Қапақовқа сөз берілді. Өз кезегінде Ғ.Х.Қапақов  музей қызметкерлерін, шара қонақтарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілектерін жеткізді.

Шара соңында көрермендерге арнап жайылған дастарханнан дәм татқызып, наурыз көже ұсынылды.

Шараға БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Х.Қапақов, «Қазақстан кәрістері» ассоциациясы республикалық  қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының мүшесі А.П.Ким,   М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері және Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенттері,  БАҚ өкілдері  мен  музей қызметкерлері қатысты.

 

 «Қоғамдық келісім»   БҚО КММ - сі

 

 Батыс Қазақстан облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кешенінде 18 наурыз күні   ҚХА 20 жылдығы аясында Наурыз мейрамына арналған «Туған елім – тірегім», шарасы өтті 

Шараның құрметті  қонақтары  болған БҚО білім басқармасы, БҚО  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, БҚО мүгедектер қоғамының төрағасы, «Өркен» қосымша білім беру орталығының, облыстық білім беру мекемелерінің басшылары.

Шара мақсаты Наурыз - ұлт мейрамы екендігінін тарихи маңызын түсіндіру. Ата бабамыздан жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақстандықтар бұл мейрамға  аса құрметпен дайындалуда.  Қонақтарға   шара барысында  ұлттық ойындармен салт дәстүрімізді дәріптеу мақсатында түрлі қойылымдар көрсетілді. Сурдопереводтың көмегімен  балалар «Мой Казахстан», «Атамекен»  әндерін айтып, «Бәйшешек», «Достык  билер мың бұрала билесе, «Қыз қуу», «Үйді аластау» салттарынан көріністер қойды.

 Шара барысында  балалар технология сабағында  өз қолдарымен  жүннен жасаған  киім үлгілерінің топтамасын көрсетті. Осы топтамаРесей Федерациясының Пенза қаласында  өткен   көрсетілімде  1 орынға ие болғаны туралы,  мектеп – интернат  директоры  Жанна Кумаргалиева айтып кетті. 

«Қоғамдық келісім»   БҚО КММ - сі

 

ҚХА жылына орай өңірде ұйымдастырылған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының эстафетасы Шыңғырлау ауданынан Бөрліге жеткізілді

Алдымен Ақсай қаласындағы мектепте волейболдан спорттық шара өткізілді. Бұдан кейін қос аудан делегациялары дөңгелек үстел басында кездесіп, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықтың жергілікті жерде де жарқын көрініс тауып отырғанын атап өтті. 

Шыңғырлау және Бөрлі ауданының әкімдері Алдияр Халелов пен Марат Түсіпқалиев ежелден екі өңір арасында достық қарым-қатынастың орнағанына, ендігі міндет соны одан әрі дамыта түсу екендігіне назар аударды. Қос ауданға да тән көрініс - мұнда сан ұлт өкілдері қоян-қолтық еңбек етіп, шалт-шадыман тұрмыс кешуде.

Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов ҚХА жылы аясында атқарылып жатқан істердің өрісі күн сайын кеңейіп, ол облыс, аудан орталықтарында ғана емес, ауылдық округтерде де жалғасып жатқанына тоқталды. Ерекше атап өтер жайт, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата заңның 20 жылдығына арналған шаралардың бәрі ҚХА жылы аясында ұйымдастырылып, елдің бірлігі мығым, ертеңі жарқын екендігі көрінуде.

Бөрлі жұртшылығы шыңғырлаулықтар арнайы қойған концертті тамашалап, республикалық «Қазақстан дауысы» тележобасының финалисі Таңат Жексенбаев, Сансызбай Сұлтанғалиев, Жұмабай Байғалиев сынды әншілерге, фольклорлық ансамбль мен аудандық музыка мектебінің өнерпаздарына қошемет көрсетті. Мерекелік шара соңында Алдияр Халелов бөрліліктерге бар жақсылық тілеп, аудан басшысы Марат Түсіпқалиевтың қолына мега-жоба эстафетасын салтанатты түрде табыс етті. Марат Бақтығалиұлы шыңғырлаулықтардың өнеріне ризашылығын білдіріп, ықылас гүлін табыстады. Екі ауданның басшылары естелік сыйлықтармен алмасты.

«Қоғамдық келісім»  БҚО КММ

Арба» қоғамдық бірлестігі ашық есік күнін өткізді 

Орал қаласындағы «Арба» қоғамдық бірлестігі жаңа ғимаратқа орналасуына байланысты бүгін ашық есік күнін өткізді. 
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысқан шарада «Арба» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлмира Батпақұлова жаңа орында тігін, мүгедектер арбасын жөндеу шеберханалары, компьютер сыныбы, дайын тәтті тағамдар үшін тұрмыс бөлмесі және сылап-сипау кабинеті жұмыс жасап жатқанын атап өтті. 

Соның ішінде массаж кабинеті бұдан бір ай бұрын ҚХА 20 жылдығына орай «20 ізгі іс акциясы бойынша«Келешекке көзқарас» әлеуметтік жобасы аясында корей этномәдени бірлестігінің бастамасымен ашылған. Дәрігер-сылаушы Виталий Анның сөзіне қарағанда, мұнда келушілер сылауға үйренеді. Курсты бітіргеннен кейін олар жұмысқа орналаса алады. Күні бүгін бес адам шеберлік сыныбынан өтуде. Сондай-ақ тігін бөлмесінде мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы тапсырыспен көрпе-көпшік дайындаса, компьютер бөлмесінде компьютерде жазу, онымен жұмыс жасауды үйренеді. Ал тұрмыстық бөлмеде олар тәтті тағамдар пісіріп, ғимаратқа келушілерге ұсынады. 

Қоғамдық бірлестіктің тыныс-тіршілігімен танысып, компьютер сыныбына ноутбук тарту еткен өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, мүмкіндігі шектеулі жандардың мұндай еңбегі үлгі етуге тұрады. Мәселен, емдік сылап-сипаудың қыр-сырын меңгерген қоғамдық ұйымның мүшелері қазір өздері осы бағытта жұмыс жасауда. Бұл, бір жағынан, оларға қосымша табыс, әрі бос уақытын тиімді пайдалану үшін аса қажет. Тағдырдың тауқыметін тартқан осындай жандарға кәсіпкерлер, басқа да адамдар бейжай қарамай, қолдау көрсетіп келеді. Мемлекет өз тарапынан бар жағдайды жасауда. Елбасымыз әр Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қажеттігін назардан тыс қалдырған емес. Төрт құбыласы тең, он екі мүшесі сау адамдар да «анау жоқ, мынау жоқ» деп өмірден түңілгендей жағдайда жүреді. Олармен салыстырғанда, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге ұмтылысы, жан жылуы ерекше. Олардың болашаққа деген жоспарлары да ауқымды. 
«Арба» қоғамдық бірлестігіне материалдық тұрғыдан қолұшын созып жүрген жандар аз емес. Осы кездесудің өзінде «Uniserv» ЖШС бас директоры Нұрғазы Сәтбаев көтергіші бар арнайы автокөлік алып беруге уәде етсе, Бөрлі ауданындағы «МонтажТехСервис» ЖШС басшысы Болат Сәрсенов «Келешекке көзқарас» жобасына қолдау көрсетуде

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 3 сәуір күні Салтанат сарайында «ҚХА – 20 игі іс» акциясы бойынша «Тайказан» эстафетасы Батыс Қазақстан облысы Ақтобе обылысына тапсырды.

Жыл басталғаннан бері Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындармен ұйымдар және жеке адамдардың көмегімен ардагерлер кеңестеріне мүгедектер қоғамына, арнаулы мектептерге, мұқтаж жандарға қайырымдылық шаралар ұйымдастырылып түрлі көмектер көрсетілді. «Биылғы жыл біз үшін ерекше болып табылады - іс-шаралар, мерейтойлар көптеп өткізілуде. Мемлекетіміздің басшысының ұлтаралық татулық моделін бірыңғай монолит қылуды қамтамасыз ету үшін көп күш салып жүрген соғыс ардагерлеріне және этномәдени бірлестіктердің басшыларына көп алғысымызды айтамыз. Осы шаралардың барысында халыққа көмегіміз тиіп, біздің обылыстың «Тайқазанға» қосқан үлесіміз деп есептейміз. Біздің мақсатымыз - бейбітшілік пен келісімді сақтау болып табылады, деді шараны ашу барысында БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.

Облысымызда Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктердің қатысуымен ағаш отырғызу бойынша сенбіліктер өткізілді, «Арба» қоғамдық бірлестігінде массажбен емдеу кабинеті ашылды, Батыс Қазақстан облысы аудандарында және Орал қаласында жастар бірлестіктері қарияларға көмектесті, қазіргі уақытта БҚО ҚХА волонтерлер қозғалысы құрылуда. Бұл күн сайын облыс аумағында атқарылып келетін игі істердің бір бөлігі ғана болып табылады. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын таппақ. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен - Қазақстан облысы ҚХА еріктілер қозғалысы құрылып тұсаукесері ұсынылды.

Қазақтың батырларының киімін киген екі жас жігіт Қазақстан халқының достығы мен бірлігінің символы ретінде он түсті шашпау байланған «Тайқазанды» алып шығып шеңбер жасап шықты.

«Менің Қазақстаным» әнін есту және сөйлеу мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептің балалары қимыл әрекеттерімен әдемі орындап берді, содан кейін сол мектептің қыздары «Достық» атты би билеп ұмытылмас концерттік бағдарлама тарту етті.

БҚО «Қоғамдық келісім» КММ

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»