Жеңілдіктер мен субсидиялар

Мүгедектерге жеңілдіктер

«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР заңына сәйкес мүгедектік тобына байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып ай сайын төленеді.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес мүгедектер төмендегі жеңілдіктермен қамтылады:

- протездік-ортопедиялық көмекпен(мүгедектің жасына және протездің түріне қарай беріледі);

-сурдотехникалық құралдармен(есту аппараты-ҰОСҚ және М 3 жылда 1 рет, І,ІІжәнеІІІтоп мүгедетеріне 4 жылда 1 рет, басқа сурдоқұралдар түріне қарай);

-тифлотехникалық құралдармен(құралдардың түріне қарай);

-міндетті гигиеналық құралдармен(тірек қозғалыс аппаратының бұзушылығы бар мүгедектерге памперс-жылына 480 дана, несепжыныс жүйесінің бұзушылығы бар мүгедектерге жылына 12 дана несепқабылдағыш, ішек ауруы бар мүгедектерге жылына 12 дана нәжісқабылдағыш);

-жүріп тұруы қиын мүгедектер жеке көмекшімен(күніне 8 сағаттан аспайтын);

-естімейтіндігі бойынша ымдау тілі мамандарымен(жылына 30 сағаттан аспайтын);

-жүріп-тұру құралдарымен(бөлмелік кресло арбалар-7жыл,серуендік-4жыл);

-санаторий-курорттық емделумен.

Бұл жеңілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен реттеледі.  

Басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектер, соның ішінде мүгедек балалар үйден әлеуметтік көмек алады. Бұл жеңілдіктер ҚР стандарттарымен реттеледі.

 

 

Әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік төлемдерді және әлеуметтік әріптестікті үйлестіру бөлімі бойынша:

Батыс Қазақстан облысы бойынша кедейшілік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтардың саны 2013 жылдың 1 ақпанына 1 152 отбасы, оның ішінде 5117 адамды құрады. Кедейлік деңгейі жалпы облыс халқына шаққанда 0,8%-ға тең болды.

2013 жылдың қаңтар айында атаулы әлеуметтік көмек 193 отбасына, оның ішінде 840  адамға 2,6 млн. теңге; 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы 2 992 отбасына, оның ішінде 7222 балаға 12,5 млн. теңге көлемінде және тұрғын үй көмегі 257 отбасына 3,3 млн. теңге көлемінде көрсетілді.

Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін 252 мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне (251 отбасына) 1,5 млн. теңге көлемінде материалдық көмек төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға төленетін әлеуметтік материалдық көмек көрсетілуде. 2013 жылдың 1 ақпанына осы материалдық көмек 754 адамға 6,7 млн. теңге көлемінде төленді.

2013 жылдың 1 ақпанына №3-ТН «Жасырын жұмыссыздық туралы (қысқартылғандар және жұмыспен жартылай қамтылғандар, еңбекақы бойынша берешектер туралы)» ведомствалық статистикалық есебіне сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбекақы берешегінің жалпы сомасы 16648,5 мың теңгені құрады. Соның ішінде:

1.     «Аксайжелезобетон» ЖШС-гі -       1968,0 мың теңге,

2.     «Уральскгордострой» ЖШС-гі –   7542,0 мың теңге,

3.     «Судоремонтный завод» ЖШС-гі –  2138,1 мың теңге,

4.     «СПП Металлоизделия» ЖШС-гі –  4847,0 мың теңге,

5.     «Казавтотранс» АҚ ОФ-ы –                       153,4 мың теңге.

Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру бөлімі бойынша :

2013 жылғы 1 ақпан  айына жұмыс берушілердің мәліметтері бойынша шетел жұмыс күшін тартатын 69 мекеме мен кәсіпорындарында 789 квота бойынша 654 шетел мамандары (соның ішінде 598 – рұқсат бойынша жұмыс жасайтын мамандар, 50 – Кеден Одағы қатысушы-елдерінің азаматтары, 6 – шетелдік компания филиалдарының бірінші басшылары) және 11708 қазақстан азаматтары,  барлығы 12362 адам жұмыс жасайды. Шетелдік жұмыс күшін тартқан мекемелермен жергілікті мамандар үшін қаңтар айында 37 жұмыс орындар құрылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша электронды мекен-жайға хабарласуға болады: otdel.litsenzy@yandex.ru.

Ардагерлермен және мүгедектермен жұмыстану бөлімі бойынша:

Мүгедектерді оңалту шаралары бойынша

2012 жылдың 31 желтоқсанына облысымыздағы мүгедектің жалпы саны 23611 адамды құрап отыр.

Мүгедектерді медициналық оңалту бағытында қайта қалпына келтіру терапиясымен, қайта жасау хирургиясымен, протездік-ортопедиялық  көмекпен және санаторлық курорттық емделумен қамтиды. Мүгедектерді медициналық емдеумен облысымыздың барлық емханалары айналысады. Бүгінгі таңда 724 мүгедек түрлі протез-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді, 721 мүгедек «Ақжайық» шипажайында ем қабылдап, медициналық оңалтудан өтті, оның ішінде 48 мүгедек балалар.

Мүгедектерді әлеуметтік оңалту бағытында да біркелкі жұмыстар атқарылды.

Мүгедектерді әлеуметтік оңалту шеңберінде олар өмірлік маңызы бар өтемдік (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етілді. Жыл басынан бері 175 кресло арбаға таңылған мүгедек кресло арбамен және 1056 мүгедек сурдо-тифлотехникалық құралдармен қамтылып отыр. Бүгінгі таңда облыс бойынша мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын 1027 мүгедек жеке көмекші қызметімен, 1298 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, есту қабілеті төмен 237 мүгедекке 25 ымдау тілі маманы қызмет көрсетуде.

2012 жылдың 31 желтоқсанына 33 үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде 703 бірлік әлеуметтік қызметкер 628 мүгедек балаға, 361 он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге және 2383 жалғыз басты қариялар мен бірінші, екінші топ мүгедектеріне арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті.

Мүгедектерді оңалтудың бір бағыты кәсіптік оңалту - кәсіптік оқыту, кәсіптік бағдар беру және мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтиды. Ағымдағы жылы 124 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылды. Оның сыртында 109 мүгедек ақылы қоғамдық жұмысқа, 22 мүгедек уақытша және 61 мүгедек әлеуметтік жұмысқа тартылды.

2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының» 2-ші бағытына сәйкес облыс көлемінде алты аудан бойынша (Ақжайық, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала)  мал шаруашылығын дамытуға, сүт өнімдерін өндіруге, наубайхана салуға және тігін цехын ашуға 24 мүгедекке 52900,0 мың теңге шағын несие берілді.

Медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмысын үйлестіру бөлімі бойынша:

Біздің облыста  9 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс жасайды.

1)    Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік  мекеме 6 ( Орал, Зеленов, Бөрлі, Тасқала, Казталовка, Шыңғырлау) 707 орынға арналған;

2) психоневрологиялық МӘМ -  (Круглоозерный)- 352 орынға арналған;

3) балалар психоневрологиялық МӘМ -  (Көшім) 101 орынға арналған;

4) балалардың күндіз болуына  арналған МӘМ -  («Шапағат»)  45 орынға    арналған.

5) 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектердің күндіз болуына арналған бөлімше –  (Орал)    10 орынға арналған.

 

Медициналық–әлеуметтік мекеме  - қызмет алушылардың стационарлық немесе күндізгі болу жағдайындағы  тұрақты немесе уақытша (үш немесе алты айға дейін) тұруына арналған ұйым.

Арнаулы әлеуметтік қызмет  жеке тұлғаларға: оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтiмiне және әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға:
1) жасы он сегiзден асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге;
2) психоневрологиялық патологиясы бар немесе тiрек-қимыл аппаратының функциясы бұзылған мүгедек балаларға;

3) жалғыз тұратын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектер мен қарттарға көрсетiледi.

Қабылдау шарттары

Бюджет қаражаты есебiнен арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн стационарлық және жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарға қызмет алушыларды қабылдау уәкiлеттi орган стационарлық және жартылай стационарлық үлгiдегi ұйымдарға ұсынатын мынадай құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:

1) қызмет алушының жазбаша өтiнiшi, ал кәмелетке толмаған және әрекетке

қабiлетсiз адамдар үшiн – заңды өкiлiнiң (ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршының, қорғаншының) жазбаша өтiнiшi немесе медициналық ұйымның қолдау хаты;

2) жергiлiктi атқарушы органның арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету туралы шешiмi;

3) уәкiлеттi органның жолдамасы;

4) баланың туу туралы куәлiгi немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi бар (ЖСН)

жеке куәлiгi. ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн және әлеуметтiк жеке кодты беру туралы куәлiктерi қосымша берiледi;

5) мүгедектiгi туралы анықтаманың көшiрмесi;

6) медициналық карта (осы стандартқа 2-қосымша);

7) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме;

8) он сегiз жастан асқан адамдар үшiн – соттың адамды әрекетке қабiлетсiз деп тануы туралы шешiмi (болған жағдайда);

9) зейнеткерлiк жастағы адамдар үшiн – зейнетақы куәлiгi;

10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар үшiн – Ұлы Отан соғысының қатысушысы және мүгедегi және оларға теңестiрiлген адам мәртебесiн растайтын куәлiк.

 

03.06.2015ж.

Қарасты медициналық-әлеуметтік мекемелер:

1) Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі (Орал қаласы, Сады көшесі, 28 үй, 8 (7112) 211971, 530663.

2)Круглоозерный психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі, мемлекеттік мекемесі ( Круглоозерное кенті, Советская көшесі, 87 үй, 8 (7112) 520215,520070.

3)Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі, (Зеленов ауданы, Көшім селосы, Романтеева көшесі, 11 үй, 8 (7112) 556315,556793.

4)Зеленов ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтк мекемесі, (Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Гагарин көшесі, 34 үй, 8 (71130) 22407, 23535.

5) Тасқала ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі, (Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Пушкин көшесі, 8 үй, 8 (71139) 21646.

6) Шыңғырлау ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтк мекемесі, (Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Достық көшесі, 16 үй, 8 (71137) 33433.

7)  Казталов ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі, (Казталов ауданы, Жалпактал ауылы, К.Мендалиев көшесі, 22 үй, 8 (71138) 21707.

8) «Шапағат» балалардың күндіз болуына арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі, (Орал қаласы,  Алматинская     көшесі,109/3    үй, тел: 8(7112) 285200, 241430

9) Бөрлі ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі (Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылы, Жамбыл көшесі, 15-үй, 8(71133) 25-262.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan