Зейнеткерлік төлемдерді есептеу тәртібі

Зейнетақы төлемдерін толық көлемінде есептеу орташа айлық кірістің 60 проценті есебінен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс  негізінде алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес  халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы  орган анықтайтын тәртіппен белгіленеді.

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы  төлемдерінің мөлшері 1%  өсіріледі, бірақ зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 % аспауға тиіс.

Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.

Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін жиырма сегіз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»