Хабарландыру

(21.05.2018)

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2018" республикалық конкурсына қатысыңыздар 

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің барлық кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2018» республикалық конкурсына қатысуды шақырады.

Конкурс мемлекет Басшысының бастамасы бойынша 2008 жылдан бері өткізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы     № 523 Жарлығымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері» бекітілді. Бұл конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады. Конкурсқа катысуға:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы  халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Үміткерлерге конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Конкурс екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде. Үміткерлердің өтінімдері жергілікті уәкілетті орган қағаз және электронды тасығышта қабылдайды. Өтінімдерді қарастыру облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақтық комиссиясының  қорытындысы бойынша құжаттар республикалық комиссиясына жолданылады.

Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:

      "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

      Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

      "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

      Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

      "Үздік ұжымдық шарт".

      Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

      "Экологияға қосқан үлесі үшін".

      Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

      Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

      Конкурсқа катысу үшін үміткерлер материалдарды екі данада жолдайды:

      1) өтінім;

     2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

      Үміткердің есебінде:

      заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

      ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

      3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

      4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 1 қыркүйегіне дейін.

Конкурс туралы толық ақпаратты www.enbek.gov.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтынан, немесе Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2, 405 каб., телефон 8/711-2/ 505-099, 8/711-2/ 512-866; эл. мекен жайы: u.sobes@bko.gov.kz.

 

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы


(23.09.2017)

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні сағат 10:00-17:00 аралығында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қызмет этикаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» мәселелері тақырыбында «Интернет-конференция» өткізеді.


(10.05.2017)

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес 2017 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстын өткізілуін ашық деп жариялады.
Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Конкурс «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша жүргізіледі.
«Парыз» конкурсы жөнінде толық ақпаратты www.enbek.gov.kz сайтынан, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік әріптестік басқармасының (+77172)- 743511 немесе БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (+77112)-514247 телефондары арқылы алуға болады.
«ПАРЫЗ» конкурсына қатысу үшін өтінімдерді Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (Сарайшық көш., 44/2 үй, 3 қабат, 304 каб., тел.514247) жолдауыңыз сұралады.

 

Батыс Қазақстан облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы


(04.05.2017)

Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың өңірлерде видеоконференция байланысын қамтамасыз ету арқылы халық алдында есептік кездесуін өткізетіндігін хабарлаймыз. Кездесу барысында Энергетика министрі Министрліктің қызметі, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, көмір, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндайды және сұрақтарға жауап береді.
Есептік кездесу 2017 жылы 1 маусымда сағ.11-00-де (Астана уақыты) мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимараты, Киноконцерт залы.
Видеоконференция байланысы Батыс Қазақстан облысы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Орал қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 19 мекен-жайы бойынша «Нұр Отан» Партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы әкімшілік ғимаратының отырыс залында.
Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуды 8(7172) 786862, 786884, немесе электрондық мекенжайға a.atantaeva@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz жолдауыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтында қызмет ететін «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болатындығын хабарлаймыз: http://www.energo.gov.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»