Әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде – әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия әлеуметтік әріптестік органдары арқылы тараптардың өзара іс-қимыл жасасуы нысанында қамтамасыз етеді.
Тұрақты жұмыс істейтін өңірлік комиссия мүшелерінің қатысу міндеттілігі, тараптардың өкілеттілігі, тепе-тең өкілдік ету, тараптардың тең құқықтылығы, тараптардың өзара жауаптылығы негізінде қалыптастырылады.
Өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік тараптары болып жергілікті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері табылады. Комиссияға қатысушылардың барлығы 15, әр тараптан 5 қатысушыдан. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері комиссия құрамына облыс әкімінің 2016 жылғы 30 шілдедегі №178-ө өкімімен енгізілген. Жұмыскерлердiң өкiлеттi өкiлдерi болып аумақтық кәсіподақтар бiрлестiктері, жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып өңірлік палаталардың өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері табылады.
Комиссия 2016 жылғы 27 маусымдағы № 2 комиссия шешімімен бекітілген «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясы туралы»ережесіне сәйкес әрекет етуде. Отырыстар тоқсан ішінде кем дегенде бір рет өткізіледі. Отырыстар қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданады.
Ағымдағы жылдың 28 маусымына комиссияның 2 отырысы өткізілді.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan