Мемлекеттік тілдің дамыту

(26.05.2017)

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың іс – шаралар жоспарына» сәйкес облыстық тілдерді дамыту басқармасымен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат

Елбасының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мақсатында Үкіметтің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 62 қаулысымен бекітілген «2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайту, тарихи атауларды ретке келтіру, облыс аумағындағы топонимикалық атауларды лексика-грамматикалық нормаларға  сәйкестендіру бағытындағы  жұмыстарды  кезең-кезеңмен жүргізіп келеді.
Бағдарламадағы маңызды бағыттардың бірі – мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында жыл сайын облысымызда тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылып келеді. Курсқа 2015 жылы 655 тыңдаушы қамтылса, 2016 жылы  660 азамат оқып, әр деңгейлік сертификаттарға ие болды. 2017 жылы ұйымдастырылып жатқан курсқа 665 адам қамтылып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалды реформасын іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарының 79 - тармағында атап көрсетілген ұрпақ тәрбиелеудің негізгі тетігі ағылшын тілін оқыту арқылы болашақ кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында мемлекеттік тапсырыс есебінен облысымызда тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына ағылшын тілін оқыту курстары жылма - жыл ұйымдастырылып келеді. Курсқа 2016 жылы 655 тыңдаушы қамтылса, 2017 жылы ағылшын тілі курсына 670 тұрғын оқытылып жатыр. Ағылшын тілін меңгеруге ниет білдіретін тұрғындардың саны да жыл санап артып келеді. Өткен 2015 жылы 1302 адам болса, 2016 жылы үміткерлердің саны 200 адамға көбейді. Бұл ағылшын тілін оқуға деген қажеттіліктің артқандығын көрсетеді.
Бағдарламаның мақсатты индикаторында мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі «ҚАЗТЕСТ» сынағын тапсырудың нәтижесі бойынша бағаланатындықтан, 2016 жылы  «ҚАЗТЕСТ» емтиханы өткізіліп, облыс бойынша 1180 адам қатысып, оның 197-і сертификаттық тестілеуден, ал 983-і деңгейлік  сынақтан өтті.  Сынаққа Теректі, Зеленов аудандары мен Орал қаласындағы «Қазтест» сынағына мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала,  халыққа қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері және ұлттық компания өкілдері қамтылды.
2017 жылдың сәуір айының 17-25-і аралығында облыстың 2599 тұрғыны «Қазтест» сынағын тапсырды, оның ішінде 2306 адам диагностикалық, ал 293 сертификаттық тестілеуден өтті. «Қазтест» емтиханымен Орал қаласы, Зеленов, Тасқала және Ақжайық аудандары қамтылды.
Ағымдағы 2017 жылға жоспарланған шараларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 67 млн 255 мың теңге қаражат бөлінді.


«Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» және «Ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеу» атты республикалық дөңгелек үстел туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Орал қаласында 2015 жылғы 28-29 мамыр күндері  «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» және «Ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеу» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Бүгінгі таңда сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы қоғамда  жиі сынға ұшырауда. 

Елімізде көрнекі ақпарат мәселелері «Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы ретте, жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау, тілін реттеу, жүйелеу, олардың қолданыстағы заңнама талаптарына сай ресімделіп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары талқыланып, тәжірибе алмасады. Сонымен қатар, осындай олқылықтарды жоюдың жолдары қарастырылады. 

Сондай-ақ, ономастикалық объектілерді, әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық талдау жұмыстарын жүргізу мәселесінің туындауына байланысты объектілерді, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың  құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау процедуралары 2016 жылға дейін арнайы тоқтатылып отыр.

Осы ретте, аталған мәселені талқылау, қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі жанынан зиялы қауым өкілдері, заңгерлер, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардағы тіл мәселесімен, оның ішінде ономастика саласымен айналысатын бөлім басшыларынан тұратын жұмыс тобы құрылды.

Шараның мақсаты – ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, ономастикалық жұмыстың құқықтық негіздерін, қолданылу тетігін және іске асыру нысандарын әзірлеу болып табылады.

 Дөңгелек үстелге зиялы қауым өкілдері, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, тиісті орталық атқарушы органдардағы жарнама саласына жауапты мамандар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары, қоғамдық бірлестіктер мен Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардағы ономастика саласымен айналысатын бөлім басшылары және Министрлік жанынан құрылған жұмыс тобының мүшелері қатысып, пікір алмасты. 

 

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының 2014 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

• Облысымызда тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгерту мақсатында жылма жыл тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан мемлекеттік тілді оқыту курсында биылғы жылы 700 тыңдаушы оқытылып жатыр. 
• «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын облысымызда тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді, биыл курсқа  655 тыңдаушы қамтылды.

• Мемлекеттік бағдарлама айқындап берген міндеттердің бірі –тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді дамыту бағытында  Қазақстан  халқының  тілдері күні мерекесіне арнап  облыстық тіл фестивалін өткізу  дәстүрге айналды. Ағымдағы жылдың  21 мамырында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың акт залында «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты Мұқағали Мақатаев атындағы Республикалық жазба ақындар байқауының облыстық кезеңі болып өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені М.Өтемісов атындағы БҚМУ–нің 3-курс студенті Базарбаев Азамат жеңіп алды.  
• Ағымдағы жылдың 13-16 мамыры аралығында «Қазтест» сынағы өткізіліп, бұл сынаққа мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала,  халыққа қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері және ұлттық компания өкілдері қатынасты. Тестіленушілердің саны 1500 адамды құрады. 
• 2014 жылдың 20-24 қаңтары аралығында  «Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін реттеу туралы» Президент Жарлығын насихаттау мақсатында Орал қаласының №10, 11, 12, 19, 25 мектептерінде ономастиканың негізгі саласы – антропонимика мәселесі бойынша төлқұжат алатын жастағы балалармен қазақы дәстүрге сай құжат алу жәйін насихаттайтын  «Есім – елдік өнеге» атты акция өткізілді. 
• Наурыз айында  қаладағы халықтың ең көп бас тірейтін жері – темір жол бекеті ғимаратындағы көрнекі ақпараттың орналасуы мен заң талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетілді. Қоғамдық бірлестіктермен бірге көрнекі ақпаратты біріздендіру мақсатында «Тіл тазалығы» айлығы аясында бақылау рейді жүргізілді. 
• 2014 жылдың 4 мамырында тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесі өткізілді. Аталмыш кеңестің жоспарына сәйкес күн тәртібінде Орал қаласындағы тілдік ахуал мәселесі қаралды. Кеңес отырысына Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Сатыбалдиев сөз сөйледі. Кеңеске Орал қалалық әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
• «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңның қабылдануы және осы заңды жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық актісі – «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беруді, тиісті аумақ халқының пікірін ескеру» қағидасы ономастика саласындағы қордаланған проблемаларды шешуге мүмкіндік беріп отыр. Осыған орай облыс бойынша 623 көшенің атауын өзгерту жоспарлануда, барлық аудандарда және Орал қаласында көше атауларының өзгертілетіндігі туралы ақпаратпен халықты құлағдар ету мақсатында жергілікті басылым беттеріне хабарландырулар берілді. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында  А.Гайдар атындағы «Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының» атауын «Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы», «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін» «Махамбет атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті», «Облыстық қазақ драма театрын» «Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры»  деп өзгерту  туралы ұсыныстар қаралып, облыстық мәслихатпен облыс әкімдігінің бірлескен шешімі шығып, бұл ұсыныстар түпкілікті шешім қабылдану үшін ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияға жолданды.
• Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Б.Мәкеннің төрағалық етуімен 2014 жылдың 2 шілдесінде «Тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің» отырысы оздырылды. Күн тәртібінде аталмыш кеңестің жоспарына сәйкес облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы салаларының мемлекеттік тілдегі құжат  айналымы көрсеткіштеріне талдау жасау мәселелері қаралды. Кеңес отырысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, қазынашылық басқармалары басшыларының баяндамалары тыңдалып, аталған салада қол жеткен жетістіктер мен кездесіп отырған қиыншылықтар жөніндегі мәселелер кеңес мүшелерімен талқыға салынды. 
Жалпы 2014 жылдың І жартыжылдығына облыстық бюджеттен 001 бюджеттік бағдарламасына 12 717,0 мың теңге бөлініп, 12 697,3 мың теңгесі, 002 бюджеттік бағдарламасына 16 620,0 мың теңге бөлініп толықтай игерілді. 2014 жылдың І жартыжылдығына қаржыны игеру 99,9% құрады. 

 

Мемлекеттік тілдің дамуы. Жалпы шолу. Өткізілетін шаралар.

Р/с

 Іс-шаралар

 Аяқталу нысаны

Орындау үшін жауаптылар

Орындау мерзімі

1.

2009-2011 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны облыстық мәслихаттың сессиясында бекіту

Сессия шешімі

Облыстық тілдерді дамыту  басқармасы

2008-2010 жылдар 4 тоқсан

2

Тіл Фестивалін ұйымдастырып, оның шеңберінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған түрлі байқаулар мен конкурстар өткізу

ҚР Тіл комитетіне, обләкімдікке ақпараттар

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын (ақпан-қырқүйек)

3

Өзге ұлыс өкілдері арасында «Абай оқуларын» өткізу

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын(сәуір)

4

Ономастикалық ахуалы күрделі аудандарда ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын(тамыз)

5

Ресей Федерациясының көрші облыстарындағы қазақ диаспорасымен рухани-мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған шаралар өткізу

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын (мамыр-шілде)

6

Облыстағы мектепке дейінгі тәрбие беру мекелерінде ұлттық тәрбие мен мемлекеттік тілдің оқытылуына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мониторинг жасау және осы қызметтің сапасын көтеру мақсатында ұсыныстар енгізу

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын (ақпан-маусым)

7

Облыстағы орыс және аралас тілде білім мен тәрбие беретін мектептерде қазақ тілінің оқытылуына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мониторинг жасау және осы қызметтің сапасын көтеру мақсатында ұсыныстар енгізу

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын (ақпан-маусым)

8

Мемлекеттік тілді оқытуға қажетті оқу-әдістемелік құралдарының электрондық нұсқаларын дайындап шығару

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын (наурыз-тамыз)

9

Батыс Қазақстан облысында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын қазақ тілін үйрету курстарында оқыту

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын (ақпан-қазан)

10

Ұлттық-мәдени орталықтарда "Тілдер мерекесін" ұйымдастыру

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын (сәуір

11

«Тілашар» жинақтарын (жазба және электронды нұсқалары) сатып алу

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын (ақпан-наурыз)

12

М.Мақатаев атындағы облыстық  көркемсөз оқу байқауы

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын(мамыр

13

Жергілікті электронды ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған мемлекеттік тілде бағдарламалар ұйымдастыру

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл бойынша

14

Жергілікті электронды ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік тілдегі арнайы танымдық-тағылымдық бағдарламалар ұйымдастыру

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл боынша

15

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының» Жарғысына сәйкес  жергілікті авторлармен дайындалған  оқу-әдістемелік құралдарды, жинақтар мен көмекші құралдарды баспалық әдіспен  шығару

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын

16

Қазақстан Республикасы азаматтарына ағылшын тілін оқыту курстарын ұйымдастыру

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын (ақпан-тамыз)

17

ІІІ-халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып өткізу

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

2010 жыл (қыркүйек)

18

Батыс Қазақстан облысындағы тілдік ахуалға талдау, сараптама жүргізу жұмыстарына байланысты аудандардағы  және мекемелердегі мемлекеттік тілде іс жүргізуші мамандармен тәжірибелік семинар ұйымдастыру

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

2010 жыл (мамыр)

19

Бөрлі, Теректі, Зеленов, Шыңғырлау, Тасқала аудандары мен Орал қаласы тұрғындарымен ономастика мәселелері бойынша мониторинг өткізу

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

2010 жыл (қараша)

20

Жергілікті радио арналардан  БАҚ-тан мемлекеттік тіл саясатын, ақпараттық жарнамалардың сапасын орыс тілінде насихаттау жұмыстарын жүргізу «Қазақ тілі- Қзақстан халқын біріктіруші фактор»

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл бойынша

21

Жергілікті радио арналардан  БАҚ-тан мемлекеттік тіл саясатын, ақпараттық жарнамалардың сапасын орыс тілінде насихаттау жұмыстарын жүргізу «Мемлекет тіл- ұлт айбары»

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл бойынша

22

Мемлекеттік тіл саясатын, ономастика, ұлттық тәрбие мәселелерін орыс тілінде насихаттайтын, жергілікті телеарналардан жұртшылық назарына тұрақты ұсынылатын арнайы телебағдарламалар ұйымдастыру

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл бойынша

23

«Әдеби әлем»  электрондық порталын қуру және қамту

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл бойынша

24

Электронды ақпарат құралдарына мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кенейтуге бағыттылған екі тілде телеарнада ересектермен жастар арасында ток шоу ұйымдастыру

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл бойынша

25

БҚО тілдік ортаны дамыту жөніндегі қоғамдық инспекцияның процесінде ҮЕҰ тұрғындар және мемлекеттік басқару органдарының өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру

БҚО әкімдігіне ақпарат

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл бойынша

26

Облыстағы елді мекендердің, географиялық объектілердің, мәдени мекемелер мен оқу орындарының, көшелердің атауларына және көрнекі ақпараттардың мазмұнына мониторинг жүргізу, сараптамалық материал дайындау

Кітапша шығару

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл сайын(қараша

27

Басқа ұлыстардың ана тілін оқып-үйренетін жексенбілік сыныптарын ұйымдастыру

БҚО әкімдігіне ақпарат

БҚО бойынша Кіші ассамблея, облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл бойынша

28

Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық нормалары бірізділігінің сақталуын қамтамасыз ету

БҚО әкімдігіне ақпарат

М.Өтемісов атындағы БҚМУ, «Ағартушы» МКК

Жыл бойынша

29

"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның 18-бабында белгіленген талаптардың жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сақталуын қамтамасыз ету

БҚО әкімдігіне ақпарат

БҚО ішкі саясат департаменті, облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Жыл бойынша

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan