Жалпы шолу

 

10.06.2015 ж.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша тұрғындар арасында белсенді жүргізілген жұмыстың нәтижесінде спортпен айналысушылар саны едәуір өсті. Бүгінгі күні спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 150 287  адамды құрады, ол облыс халқының 23,9% құрайды (2013ж.-138 242 адам немесе 22,2%  болған). Облыстың балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде (БЖСМ) спортпен шұғылданушылардың саны 11 184 адамды құрайды. 

 

Облыс құрама командасының 2698 спортшысы республикалық және халықаралық деңгейдегі 306 жарысқа қатысып, 139 оқу-жаттығу жиынын 449 спортшы өткізді.

2014 жылы облыста 4 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1 ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 33 спорт шебері дайындалып, 2 төрешіге спорттан ұлттық санаттағы төреші атағы тағайындалды. Бүгінгі күні облыстың 236 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық, жасөспірімдер және жастар құрама командаларының мүшелері болып табылады.

ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында (Сочи қ/сы, 07-23.02.2014 ж.) шорт-тректен ҚР ұлттық құрама командасы сапында батысқазақстандық спортшылар финалға шығып, 5-ші орынды иеленді.

ХVІІ жазғы Азия ойындарында (Инчеон қаласы, Оңтүстік Корея, 19.09-04.10.2014ж) байдарка мен каноэ есуден Алексей Дергунов 1000м қашықтықта жұптасып есуде алтын, 200м қашықтықта жұптасып есуде күміс жүлде иеленді, Андрей Ергучев 1000м қашықтықта «төрттік» есуде алтын, дзюдошы Азамат Мұқанов командалық сында күміс, жеке өз салмағында 66 келі қола медаль иеленді. Паразиялық ойындарда суға жүзуден Руслан Өтебалиев қола медаль иеленді.

IV Азия жағажай ойындарында (Пхукет қаласы, Таиланд, 14-21.11.2014ж) самбо күресінен Бағдат Жарылғасов командалық сында алтын, жеке өз салмағында 68 келі қола медаль иеленді.

Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (соның ішінде 12-сі аудандарда), облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі, олимпиада резервтерін даярлау орталығы, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, «Ақжайық» спорт клубы» АҚ, «Жайық» волейбол клубы» МКҚК, «Ақжайық» футбол клубы» АҚ жұмыс істейді.

Облыс бойынша спорттық ғимараттардың саны 1535 бірлікті құрайды, соның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 5 бассейн, 7 спорт кешені, 269 спорт залы, 1 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 119 ату тирі, 956 жазықтық ғимарат, 151 бейімделген спорт залдары, 12 теннис корты, 3 хоккей корты.

2014 жылы спортты дамытуға бөлінген қаржы 3,4 млрд.тг. қаржы бөлінді. 2014 жылы Орал қаласында Теннис кешені және Деркөл кентінде дене-шынықтыру кешені пайдалануға берілді. Сырым ауданы Қосарал ауылында, Казталов ауданы Жалпақтал ауылында демеушілердің есебінен спорт алаңы салынды.

Ат спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі күрделі жөндеуден өтті.

Орал қаласының Зашаған кентінде 320 көрермендік  орынға, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында және Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында 160 көрермендік орынға есептелген дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салынуда, сонымен қатар облыстық мәслихаттың шешімімен 4 спорт объектісін (ОЖСШМ, Су спорты БЖСМ, №4 БЖСМ, ОБЖСМ) күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауға бюджеттен қаражат бөлініп, Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, тамыз айында су спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында көпшілік сырғанау және көпшілік суға шомылу бойынша ақылы қызмет көрсететін объектілерде (Су спорты БЖСМ, Мұз спорт сарайы, Ақжайық спорт клубының «Юность» стадионы) қолжетімді бағамен спорттық қызмет көрсетіледі.

Аудандардағы спорт клубтарының саны 7 бірлікті құрайды (Бөрлі ауданы - «Сарыарқа» спорт клубы, Зеленов ауданы - «Жігер»  спорт клубы, Сырым ауданы  - «Қайсар» спорт клубы, Ақжайық ауданы - «Жігер» спорт клубы, Қаратөбе ауданы - «Қаратөбе» спорт клубы,  Орал қаласында -  «Намыс» және «Орал» спорт клубтары).

Бөрлі, Қаратөбе және Сырым аудандарының барлық ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарымен спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыратын спорттан әдіскер-нұсқаушы штаттары ашылды.

Батысқазақстандық  спортшылардың 2015 жылдың 5 айындағы жетістіктері туралы

1. Ищанова Назым – Тайпей қаласында өткен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының  қола жүлдегері

2. Смирнов Андрей – ММА Аралас жекпе-жектен Азия чемпионы

3. Тимралиев Дархан  каратэ-до-дан кадеттер мен кіші жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері

4. Мукашев Малик – пара-таеквондодан Европа чемпионатының қола жүлдегері

5. Сайын Жанат – шахматтан Әлем чемпионы

6. Давлетова Анель – дойбыдан Азия чемпионы

7. Жоламанова Балауса - дойбыдан Азия чемпионы

8. Мирам Адильхан - дойбыдан Азия чемпионы

9. Бапиева Елизавета - дойбыдан Азия чемпионы

10. Мадеев Бейбит – дзюдодан Европа Кубогының қола жүлдегері және тағы басқа халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. 

Спорт. (2014 жылғы қаңтар-наурыздағы қорытындылары)

Облыс бойынша спорттық құрылыстардың желісін 1524 бірлік құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 5 бассейн, 7 спорт кешені, 269 спорт залы,  спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 124 ату тирі,  947 жазықтық ғимарат, 150 бейімделген спорт залы, 9 теннис корты.

Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, «Ақжайық» спорт клубы, «Жайық» волейбол клубы, «Ақжайық» футбол клубы жұмыс істейді.

Дене шынықтыру және спорт саласының 2014 жылға бекітілген бюджеті 3,1 млрд. теңге құрайды.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan