Облыста туризмді дамыту

1

Батыс Қазақстан облысының шетінде орналасқан алыста тұрған Орда ауылында Қазақстанның тарихи дамуында ерекше рөл ойнаған жер бар. Жәңгір ханның қаласы және Бөкей орданың Хан ордасы бұл XIX ғасыр басының ағаш сәулетінің тұтас ескерткіштер кешені. Бүгінгі күнде осында бар болған құрылыстар қалпына келтірілген және мемлекеттік қорғауға алынған, хан ордасының жерінде сәулет ескерткіші болып табылатын өзгеше мұражай кешені орналасқан.

Бөкей ордасын 1801 ж. Бөкей сұлтан құрған. 1801 ж. Бөкей сұлтанның ұлы Жәңгір туады. Жәңгір хан — аты аңызға айналған адам, оны жиі Петр Бірінше патшасымен салады. Жәңгір осы орындарда отырықшы өмір салтының негізін салған. Хан үйінен басталған ауыл хан ордасына айналды, Бөкей ордасының саяси-экономикалық және мәдени өмірінің алғашқы орталығы болып аталды. 22 жыл билік еткен уақыт бойы Жәңгір хан Ордада 1804 ж.қазақ-орыс мектебін, екі мешітті, дәрігерлік пунктты, Қазақстандағы алғашқы қазынашылығын ашты. Бұл қазақ даласында маңызды реформалары болды. 23 бөлмесі бар болған өз сарайында Жәңгір бай кітапханасы мен қару бөлмесіне ие болған.

Оның ордасы қай жерде орналасқандығы жайында шешім қабылдау алдында Жәңгір хан сол кезде атақты географ ғалымдарымен ақылдасты. Дәл осы жерде тұщы жер астындағы сулар жер үстіне жақын орналасқан. Бұл құмның үстінде терек, шегіршін, емен, ақ қайың, үйеңкі және қараған ағаштарының өскенін түсіндіреді. Тіпті талдар өседі. Бірақ ең басты кереметі – Ордадан тыс орналасқан қарағай орманы. Жәңгір ханның тұсында орман ауданы 16 мың гектарды құрады. Орманды аман қадыру үшін Жәңгір хан бақылаушыларды тағайындады.

Тарихи-мұражай кешенінің құрамына Бөкей орданың тарих мұражайы, Тәуелсіздік Мұражайы, Хан сарайының қарулық палатасы, Бөкей ордадағы халық білім берудің Мұражайы, А. Сергачевтың үйі, 1868 жылы салынған педтехникумының ғимраты және Жәңгір хан, Дәулеткерей (ханның немере ағасы) мен Мұхамедсалық Бабажановтың (ханның шәкірті, тарихшы және этнограф, оның мәйітін әскери полигон территориясынан көшіріп, қайтадан жерленді) үш кесенеден тұратын естелік пантеоны кіреді. Үш кесене түрлі сәулет стильдерінде салынған. Олардың әр қайсысы алып және салтанатты болып келеді.

Бұрынғы қазынашылық ғимаратында Бөкей Ордасының тарихы мұражайы тұр. Төңкеріске дейінгі кезеңнің залында Жәңгірдің тұсындағы уақытын баяндайтын XIX ғасырдың экспонаттары жиналған. Бұл бірегей құжаттар мен фотосуретер. Сауыт, қорымсақ және жебелер, ер тоқым мен әбзелдер, қылыш және қанжарлар — осылардың барлығы сол кездегі жағдайын жаңадан шығарды.

Осы мұражайдың құрылу кеңестік жылдарында басталған, себебі Бөкеев хандығының дәуірі әрқашан қызықты болды. 1962 жылы 35 экспонат жиналған Орда мектебі жанында мұражай құрылған. Осы шағын мұражайдан мұражай кешені басталды.

Мұрағаттық фотосуреттер бойынша бұрынғы көпшілікке арналған ғимараттар қалпына келтірілген: ханның жеке докторы болған дәрігер Сергачевтың флигелі, 1868 жылы құрылған педагогикалық училищенің ғимараты, және Жәңгір сарайының шығыс бөлігі — қарулар палатасы, қонақүй, асхана. Қару палатасындағы әр экспонат, яғни жүздер, дулыға, сауыт, әбзелдер өнер туындысы болып табылады. Қонақүй мен асханадағы бүкіл жиһаз, жабдық тіпті ыдысы XIX ғасырға жатады. Ғалымдар, өлкетанушылар мен тарихшылардың пікірі бойынша Жәңгір хан дәл осылай өмір сүрді.

Хан мешітінің ғимараты ерекше атауға болады. Осындай сәулет шешімін басқа жерде кездестіру екі талай. Онда шығыс және еуропалық стильдері бар. Бұл кездейсоқ емес. Жәңгір ханды халқын басқа ұлттың адамдарымен бейбітшілік пен келісіиде өмір сүріге шақырған алғашқы еуразиялық болып табылады. Мешітте тәуелсіздік мұражайы орналасқан, оның экспозициялары егеменді Қазақстанның қалыптасуын баяндаған.

Жыл сайын Бөкей орданың Хан ордасына бірнеше мың турист келіп жүреді, салыстырмалы алыстығына қарамастан осы жер Қазақстанның тарихына қызығатын адамдардың назарын өзіне қаратады. Кешен территориясында қонақүй орналасқан, осында тарихқа жақындап, бір кезде Жәңгір ханның Қаласы орналасқан жердің рухы мен әдемілігін сезініп, бірнеше күн өткізуге және ескерткіштер мен мұражайларды мұқият зерттеуге болады.


 1

Қалалық мәдениет және демалыс саябағы Қазақстан Республикасындағы ең көне саябақтардың бірі. 1840 жылы саябақтың негізі қаланып құрылды.

Бүгін де саябақ қала тұрғындары және қала қонақтарының сүйікті демалыс  орны болып саналады. Осында қыспен қоштасу, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Балаларды қорғау күні, Сабантой, Нептун күні, кәсіби және ұлттық мерекелер тойланады. Сонымен қатар т.б. жоспардан тыс іс шаралар ұйымдастырылады.

Саябақтың аумағы 24, 2289 га құрайды. Бүгінгі күні саябақта 2 аттракцион  жұмыс жасайды.  Атап айтсақ: «Шолу шеңбері», «Қоңыраугүл».

Бүгінгі таңда саябақта шамамен 4 мыңнан астам ағаш түрлері, оның ішінде ескіден қалған жұрнақтар тәріздес тарих қойнауының небір сырларын паш ететін 150 жыл жасаған 24 емен мен 7 қарағай бар. Емендердің ұзындығы 20-26м, ал жуандығы  80 см, қарағайлардың диаметрі 52 см, ұзындығы 30м. Бүгінде саябақта 23 ағаш, 12 бұта түрлері өседі.


 1

Орал қаласындағы Жәңгір атындағы өзгеше және бірегей тарихи-этнографиялық мұражай жаңа типтегі мұражайларына жатады, ол тәуелсіз Қазақстанда құрылған. Мұражайды құру тарихы ерекше және қазақ мәдениетін дамыту үшін қоғамдық және азаматтық бастамаларын сәтті іске асырудың үлгісі бола алады. Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің шағын университеттік мұражайы мұражайды құрудың негізі болды.

Университет ректоры, профессор К.К: Бозымовтың бастамасы бойынша студенттерді әлеуметтендіру мен жастарға қазақстандық рухында тәрбие беру мақсатында 2003 жылы университет тарихының мұражайын құру бойынша жұмыс басталды. Мұражай 2003 жылдың күзінде, университеттін 40-жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Жоғары оқу орнының тарихы мұражайын дайындауға А.А.Қарасаев, А.Д. Арбаев, Б.Б. Траисов,Г.К. Молдашев және т.б. сияқты мұғалім-ардагерлер өз үлесін қосты. Р.Ж.Исатаева Университеттің ғылыми кітапханасының бұрынғы директоры Р.Ж. Исатаева мұражайға бағалы экспонатарды берді.

Президенттің Қазақстан халқына 2003 жылғы Жолдауында ұсынылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында мұражайды дамыту жолдарын іздеу басталды.

2004 жылы 1 наурыздан бастап университтік болып бастаған мұражай Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайының құрылымдық бөлімшесі болады. Осы күннен бастап мұражайдың барлық экспонаттары мемлекеттік қорғауына алынған және сақтау керіліне ие болды, ал мұражай үшін қосымша штаттардың бөлінуі кейінгі дамуға жағдай жасады. 2008 жылы мұражайдың экспозицялық ауданы екі жаңа залдың арқасында 327 шаршы метрге кеңейді.

Жәңгір хан көшпенділер мәдениетінің салдарын және әлемдік өркениеттің даму үрдістерін алғаш түсінгендердің бірі болды. Ол Бөкей хандығындағы ішкі саясатында батыл шешім мен маңызды реформаларды қабылдайды. 1827 жылы Хан ордасының құрылысын бітіріп, үй салудың үлгісін көрсетеді. Қалалану мен қоғамның кәсіби білім беру, тауар-ақша байланыстарын дамыту және т.б. ерекше қадамдар жалпы айтқанда оған саяси тыныштықты және бағынышты халық өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін мүмкіндік бердіҚазақтардың сөз қорына «Қазақстан» сөзін ендіріп, аттас газетті шығарды. Мектебінің түлектері өлкенің және Қазақстанның көрнекті қайраткерлері, Алаш қозғалысы мен Алаш автономиясының белсенділері, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары, ағартушылар мен ғалымдар, Бейбітшілік және жауынгерлік еңбектің Батырлары болып шықты. Жәңгір ханның училищесі (1841 ж.) Хан Ордасының қарқынды өсуін қамтамасыз етті. Құмдағы астана ірі, өндірістік, мектеп және көп ұлттық әкімшілік орталыққа айналды. Сол кезден бастап, мектеп бүкіл Қазақстанда да қаланы құратын және біріктіретін бастау болып шықты.

Жәңгір атындағы тарихи-этногрфиялық мұражайдың негізгі мақсаты мен міндеті XIX ғасырының мемлекеттік қайраткері, реформаторы мен ағартушысы ретінде әдістемелік және ғылыми жоспары бойынша анық жасалған Жәңгір ханның заттық-деректі кейпін құру, қазақ халқының көп ғасырлық мәдениеті, тұрмысы мен дәстүрлерін нақты ашу болып табылған.

Экспозициядағы басты орынды Жәңгір ханның залы алып жатыр. Осы залда 2004-2008жылдары Қазан, Орынбор, Саратов, Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында табылған түпнұсқалық құжаттардың негізінде оның қызу және жемісті қызмет көрсетілген. Полиглот, саясаткер және дипломат, жебеуші және ғылымның жан-тәнімен берілген адамы, қазақ халқының берекесі мен өркендеуін ойлаған. Оның білімі, ойдың кең өрісі және қажымас қайраты оған Ресей мен Еуропаның көрнекті қайраткерлерімен іскерлік және ғылыми хат жазысуға мүмкіндік берді.

Этнография залында халықтың қолданбалы өнерінің туындылары, тұрмыс заттары, ат әбзелдері, ұлттық киім көрсетілген. Мұражай келушілеріне түпнұсқалық этнографиялық экспонаттары негізінде көшпенді халықтың материалдық және рухани мәдениеттің қайталанбас әлемі көрсетіледі. Залдың ортасында «Ауыл тойға дайындалып жатыр» әдемі суреттің алдында киіз үй орналасқан. Жас жұбайлардың киіз үй отауы, келіннің жасауы, қазақтардың тұрмыс заттары және халық-қолданбалы өнері экспозицияны толықтырады.

Бөкей Ордасы залында ХІХ ғасырдың көптеген құжаттар мен фотосуреттері, Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан алынған Жәңгір ханның мөрі тұрған кітаптар көшірмесі бар.

Құрылу күнінен бастап мұражай Орал қаласының мәдени өміріне белсенді түрде қатысқан. Мұражайдың он жылдық қызметі ішінде оған 30 мыңнан астам адам келген, мұражай қызметкерлері 1335 экскурсия және 130 мәдени-бұқаралық іс-шараны өткізген. Мұражай дамып жатыр, ал оның қызметкерлері жаңа экспонаттарды іздеу, стендтерді құрастыру және экспозицияны жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарып жатыр


1

Мекен - жайы: Орал қаласы, Достық даңғылы, 184. Телефоны: +7 (711) 251 1952

Батыс Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайы – еліміздегі ежелгі мұражайлардың бірі. Ол сонау 1836 жылы Орал әскери училищесінің педагогы М.К.Курилинмен ұйымдастырылған болатын. Мұражайды ұйымдастыруда М.К.Карелин, Н.С.Северцев пен Л.С.Берг сынды белгілі ғалымдар өз үлестерін қосқан. Бірнеше ондаған жылдар өткен соң, ол Орал нақтылы училищесіне ауыстырылып, Орал казактары тарихының мұражайына айналған. Кейін соның негізінде облыстық тарихи – өлкетану мұражайы құрылады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұражай жабық болған. 1980 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мұражай 1879 жылы тұрғызылған бұрынғы орыс – қырғыз мектебінің әсем ғимаратына орналасады. Бұл жылдары мұражай елдегі ең мықты мұражайлардың бірі ретінде танылып, КСРО Мәдениет Министрлігінің Құрмет Қызыл белгісімен марапатталған. Қазіргі таңда мұражайдың 8 филиалы бар: Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың үй – мұражайы, Е.Пугачевтің үй – мұражайы, суретші С.Гумервтің үй – мұражайы, Орал қаласындағы табиғат пен экология мұражайы, Зеленовский ауданы, Дарьинск ауылындағы белгілі жазушы М.Шолоховтың мұражайлық кешені, Сырым ауданындағы Сырым Датұлы атындағы тарихи – өлкетану мұражайы.

Мұражайдың экспозициясы 100 мыңнан астам экспонаттармен ұсынылған. Олар палеолит дәуірінен бастап қазіргі заманымызға дейінгі облыс дамуының тарихын көрсетеді. Мұражайдың бай топтамасы 8 залға орналастырылған: Жайық қаласының Алтын ордалық кезеңі мен пайда болуының археологиялары, Кіші жүз тарихы, Бөкей хандығының тарихы, кеңестік кезең тарихы, өнер тарихы, Батыс Қазақстан облысындағы ғылым мен білім беру, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі тарихындағы қазақ халқының этнографиясы.

Археология залында палеолит дәуірінің еңбек жарақтары көрсетілген. Бұл экспозиция келушілерге адамзат дамуының тарихын бейнелейді: керамикалық ыдыстардың пайда болуы, тасты өңдеудің басы. Әсіресе Анронов мәдениетіне жататын көрме қойылымдары мұражайға келушілердің қызығушылықтарын тудырады: садақтар мен найзалардың ұштары, темірден жасалған жауынгер сауыттары. Бұл топтамадағы бірегей заттардың ішінде сақ тайпасынан қалған күміс және алтын бұйымдар жатады: фалары, сырғалар, маңдайға тағатын әшекейлер, медальондар, маржандар, псалиялар. Алтын Орда дәуіріне арналған залдағы экспозициялар бұл мемлекеттің даму деңгейінің жоғары сатыда болғандығынан куә. Бұл жерде сол заманның сауыт – саймандары мен құрал – жабдықтары көрсетілген: қанжарлар, садақты жебелер, қылыштар, алдаспан, сонымен қатар бұлардың жанында «Құран» қасиетті кітабы да орын тапқан, аң аулау құралдары, тұрмыстық заттар. Сондай- ақ көрермендер бұл залдан ежелгі Жайық қаласына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған керамикалық тақталар, кірпіш, тиындарды да көре алады.

Кіші жүз бен Бөкей Ордасы тарихы залында қазақ хандары билік жүргізген кезеңдегі аймақтың даму тарихынан көрініс береді. Мұражайға келушілер бұл жерден Кіші жүз хандарының көркем портреттері, қазақ жауынгерлерінің қару – жарақтары, торсық, алтындалған қанжалдар мен хан скипертінің нақты көшірмелері, оюланған ер – тоқым, белбеу мен қамшыны тамашалай алады. Залдағы маңызды орындардың бірін 1723 – 1730 жылдары болған «Аңырақай шайқасы» оқиғаларының картинасы алады, көрерменге қазақ халқының жоңғар шапқыншылықтарына күресінің бейнелі әрі әсерлі тарихын көз алдына келтіреді. Залдың бір бөлігі Жәңгір хан билігі кезеңіне арналған.

ХХ ғасыр тарихы залы 70 – жылдық кеңес үкіметі кезеңін көрсетеді. Экспозицияның көп бөлігі Алаш Орданың Батыс бөлігі қызметіне арналған. Бұл жерде Алаш зиялыларының фотоматериалдары мен құжаттары көрсетілген. Сонымен қатар бұл залда репрессия кезеңі де бейнеленген. Ату жазасы орнында табылған заттар, жеке бас заттары, қасірет кітаптары, жеке істер – әр келушінің жадында ұмытылмас әсер қалдырары сөзсіз. Соғыс жылдары тарихына арналған экспозиция облыс тұрғындарының – Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың фотосуреттері, Орал қаласына эвакуацияланған кәсіпорындардың жұмысы туралы материалдар, сол кәсіпорындардың майданға арнап шығаратын өнімдерінің үлгілерінен құралған. Жеке стендте Кеңес Одағының Батыры мен Кавалер Қызыл ордендері атақтарына ие болған барлық 48 оралдықтардың фотолары жайғасқан.

Көркемөнер тарихы залында Құрманғазы атындағы халық аспаптары бірінші оркестрінің қалыптасу тарихын, Қазақстан Республикасы халық әртістерінің шығармашылығы туралы мәліметтерді, Хадиша Бөкеева мен Роза Жамаловалардың көз тартатын сахналық киімдерін көре аласыз. Мұражай экспонаттарының ішінде еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерінің фотоматериалдары мен жеке заттары ұсынылады. Тәуелсіздік тарихы залында ұлттық валюта, фотоматериалдар, тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев жазған кітаптар (жеке қолтаңбасымен қоса), облыстағы экономика, ауылшаруашылық, өндіріс салаларының дамуын көрсететін экспонаттар бар.

Қазіргі таңда мұражай мәдени – ағарту қызметімен белсенді айналысады, тұрақты ғылыми – зерттеушілік жұмыстар жүргізіліп тұрады. Семинарлар, дөңгелек үстел, конференция, фестивальдар мен көптеген іс – шараларды өтікізіп тұру дәстүрге айналған.


1

Қазіргі Орал қаласында ортағасырлық сауда қаласының бар болғаны жайында Х ғасырда араб тарихшысы Әл Идриси жазды. Ғалымдар көне елді мекендерінің қираған орындарын қала шетінде іздеу керектігін білді. Дегенмен, осы жаңалық 2001 жылы «Ақсай–Үлкн Шаған–Атырау» құбыр жүргізу трассасын зерттеу кезінде кездейсоқ жасалған. Ескі қала Свистун тауының етегінде Орал қаласынан оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан.

2005 жылы көне ескі қала «Жайық» деген атау алды, және осында археологиялық қазба жұмыстары басталды. Зерттеу жұмыстарын Марғұлан атындағы археология институтымен (Алматы) бірге тарих пен археология орталығы жүргізген.

Ескі қаланың қираған орнында археологиялық қазба жұмыстарының барысында тұрғын мекендер, өндірістік және қоғамдық міндетіндегі құрылыстар, яғни еденнің астында жылыту жүйесі салынған шығыс моншасы, кірпішті күйдіретін пештер мен керамикалық пештердің қалдықтары табылған. Ескі қаланың батыс жағына қарай екі шақырым жердегі қорымда екі камералы күмбезді кесенелердің полихромдық жылтырақпен безендірілген діни ғимараттардың қалдықтары табылған. Сонымен қатар ескі қаланың қираған орнында бірнеше бөлмеден тұратын, күрделі өңделмеген қабырғалармен бөліген тұрғын үйлер твбылған, бірнеше тұрғын, қоғамдық және шаруашылық объекттер табылған.

Ғалымдар барлық табылған құрылыстарды XIII – XIV ғасырмен даталаған және Алтын орда дәуіріне жатқызған. Археологиялық қазба жұмыстары Жайықтың қазіргі Орал қаласының бастаушысы болғанын дәлелдеді. Бүгінгі күні қазбаларда алынған мәлімет бойынша Жайық ескі қаласының нақты күнін айтуға болады, бұл 14 ғасырдың басы. Яғни Орал қаласы 700 жыл бұрын пайда болды.

Ғалымдар ашқан көптеген құрылыстардың ішіндеқаланың орталығында орналасқан «шығыс моншасы - хамам» ең қызықты және жақсы сақталғандардың бірі болып табылады. Оның қалдықтары қазіргі күндізгі үстіңгі жағынан 1,5 -1,7 м. құрайтын тереңдікте табылған. Сонымен қатар ор бортында 10-15 см-де қара күйіктің қабаты табылған. Жоғарыда, күндізгі үстіңгі бетінің деңгейіне дейін күйдірілген төртбұрышты кірпіштің, қаптаудың бөліктері, керамикалық құбырлардың қалдықтарының үйіндісі жатқан. Монша өлшемі 110-120 м2 анықталады. Орталық зал сегіз бұрыштық жобасына ие. Шығыс пен батыстан оған жуынуға арналған шағын жайлар жанасқан. Моншаны еден асты жылыту жүйесі жылытылады. Ыстықты өткізетін құбырлар барлық ішкі жайлардың еден мен софалар астымен орнатылған. Бүкіл құрылыстың астыңғы бөлігі ең кем дегенде жер астына 1,4 метрге тереңдетілген. Жуыну жайларға керекті су керамикалық құбырлардың таралған жүйесі арқыла барған. Қабырғадан құбырлар шыққан жайлардың ішінде аласа тас ыдыстары тұрған. Мұсылман қаласындағы көпшілікке арналған моншалар мешіттен кейінгі маңызды құрылыстар болып саналған және олар диі дәуірдің сәулет стиліне сәйкес болып сән-салтанатпен безендірілген.

2013 жылы Жайық ескі қаланың территориясында тағы бір маңызды құрылыс табылған. Археологтар жалпы мұнаралық формасына ие болған дөңгелек күмбезімен аяқталған ерекше, сирек конустық формасы бар кесенені қазып алды. Ескерткіш күйдірілген кірпішпен қапталған және негізінде ені 2 метра 15 см құрайтын өте қалың қабырғалары бар. Өкінішке орай, ол нашар сақталған, анық көрінетіні тек оның іргетасы. Құрылыстың осы бөліктегі ескі қаланың үстіңгі беті бірнеше рет бұзылғандықтан, ауыл шаруышылығына арнайы жерлер үшін пайдаланылғандықтан, жыртылғандықтан нашар сақталған. Периметрі бойынша кесене төртбұрышты шикі кірпіштен жасалған 40-50 метрдік қабырғасымен сыртқы әлемнен қоршалған. Адам қаңқа сүйектерінің түрлі жерде жатқаны ескерткіштің тоналғанын дәлелдейді. Құрылысқа кіру есігінің жанында бес бағана, құлпытас орнатылған, олар діни мақсатта пайдаланылған: сакралдық кеңістік, ғибадатхана орны, адамдардың табынуы. Кесененің конус тәрізді формасы ислам мен көшпенділер мәдениеті арасында байланыс болғандығын дәлелдейді.

Қазіргі кезде Жайық ескі қаланың қираған орнындағы археологиялық қазбалар жалғасуда, ғалымдар тағы бірнеше таңғаларлық жаңалықтарды жасауға үміт артады. Белгілі бағдарлама шеңберінде Алтын орда дәуірі тарихының ескерткішін көруге ниеті бар адамдарды жинауға ашық аспан астында ескі қаланың орнында мұражай ашу жоспарлануда.


Батыс Қазақстан облысы

Сіздерге тамаша орманы мен өзені, сайын даласы бар Орал өңіріне қош келдіңіздер дейміз. Өірдің өткен тарихы көптеген тұлғалар мен оқиғаларды өз қойнауына жасырып жатыр. Оның географиялық тұрған жері де бір контингентті құрайтын, әлемнің екі бөлігі - Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жерінде орналасқан. Бұл жер өркениеттің озық жетістіктері мен табиғаттың сол қалпында сақталған түпкірлерімен үйлесім тапқан. Бұл жерде болған ешбір адам табиғат сұлулығына көңіл қоймай кете алмайды. 

Батыс Қазақстан облысы Қазақстанның құрамына кіреді. Ол еліміздің солтүстік-батысында орналасқан және 151,3 мың шаршы метрді алып жатыр. Облыс аумағымен Еуразияның басты күретамырларының бірі - Жайық өзені, екі кішірек өзендер - Шаған мен Деркөл өзендері және ондаған шағын өзендер ағып өтеді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстанда көптеген көлдер бар. Ең үлкені - 200 шаршы километрді құрайтын, әрі әдемісі - Шалқар көлі, сондықтан да Орал өңірінің тұзды інжу-маржаны деп тегін атамаған. 

Облыс Қазақстанның үш: Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облысымен, сонымен бірге, Ресейдің бес: Орынбор, Самар, Саратов, Волгоград, Астрахань облыстарымен шектеседі. Облыс тұрғындарының саны: 606,5 мың адам. Әкімшілік орталығы – Орал қаласы,тұрғыны: 227,4 мың адам.

Орал қаласы Қазақстандағы көне қалалардың бірі, Жайық өзенінің оң жақ жағасы мен Шаған өзені құйылысы сағасында, ресми мағлұматтар бойынша 1613 жылы негізі қаланған. Басында Ресей мемлекетінің дала көшпенділері шапқыншыларын қорғайтын әскери постылардың бірі болған және оны Яик қалашығы деп атаған. Орал қаласының аты 1773 - 1775 жылдардағы 

Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінен кейін, Екатерина II Император патшайымының бұйрығымен басқаша аталды. Қаланың ең көне бөлігі - «Курени» ауданы. Бұл жерде, Жайық өзені жағасына, Яик қалашығының алғашқы тұрғындары бір кезде өз үйлерін салған. Қаланың өзінен аз ғана кейін салынған, сол кезде тұрғызған үйлер әлі де сақталған. 

Қалада, өскелең ұрпаққа асыл мұра, тарихпен айналысатын адамдардың бәрінің де қызығушылығын тудыратын оннан аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Е. Пугачев мұражай-үйі, 1751 жылы салынған Михаил-Архангель Соборы. Орал казак әскерінің үш жүз жылдығы құрметіне салынған Құтқарушы Христос Храмы, Алаш-Орданың Батыс бөлімі жетекшілері Халел және Жанша Досмүхамедовтер және басқа да көптеген адамдар бітіріп шыққан реалды училище ғимараты. 

Әр жылдарда бұл қалада И. А. Крылов, А. С. Пушкин, В. А. Жуковский, В. И. Даль, Т. Г. Шевченко, М. Өтемісов, С. Сейфуллин, С. Мұқановтар болған. Бұл жерде М. Шолохов, Ж. Молдагалиев, А. Сәпсеновтер өлкеден тақырыптар жинап, өз шығармаларына арқау еткен. Орал өңірі - қазақтың үлы композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұхит, Динаның, теңдесі жоқ әншілер Хадиша Бөкеева, Роза Жаманова, Рарифолла Қүрмангалиевтың ақын-жазушылар: Хамза Есенжанов, Тайыр Жароков, Қадыр Мырза Әлінің, алгашқы Кеңес Одагының Батыры атанган, Шыгыс қызы - Мәншүк Мәметованың туған жері. Еуропа мен Азия шекарасындағы қонақжай өңір, Батыс Қазақстан облысы өз қонақтарын тағатсыздана күтеді.

ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ
Мұражай 1996 жылдан бері жумыс істеп келеді. Мұражай қорында 10 мыңнан астам экспонаттар бар, олар: 300-400 мың жыл бұрын осы аймақта мекендеген қазып алынған жануарлардың сүйектері, пайдалы қазбалар, шыбын-шіркейлер, Батыс Қазақстан аймағын мекендеген, сонымен қатар, Қызыл кітапқа енген жануарлардың, құстар мен балықтардың тұлыптары. 

Мұражай қызметкерлері туған өлке табиғатын зерттеу жұмысымен үнемі айналысып отырады.

СЫРЫМ ДАТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ
Сырым датұлы атындағы Сырым аудандық өлкетану мұражайы 2002 жылы Жымпиты кентінде халық батырының туғанына 260 жыл толуына орай ашылды. Мұражайда археология, табиғат, этнография бөлімдері және қазіргі заман тарихы залы жумыс жасайды. Экспозициялардың көпшілігі ұлт азаттық қозғалыс - сырым Датұлы бастаған көтеріліске арналған. 

Мұражай жәдігерлері қатарында тас дәуіріндегі турмыстық сирек кездесетін үлгілері, тас қурбандары, жебенің бастары, балталар бар. 

Бұл заттардың барлығы Сырым ауданы аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Сонымен бірге, мұражайда Сырым Датұлы кезеңіне және Алаш Орданың батыс бөлігіне тиесілі болған сәндік әшекей бұйымдар, белдіктер, әскери сауыт-саймандар, құжаттардың төлнусқалары көрмеге қойылған.

М. А. ШОЛОХОВ АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ КЕШЕНІ
Ұлы жазушы М. А. Шолохов Қазақстандағы өзінің екінші отаны санаған. Ол 30 жылдай біздің өлкеге жыл сайын, ал кей жылдары екі рет келген кездері де болған. 1942 жылдың жазында Шолохов отбасы Камышинға, кейіннен Батыс Қазақстанға көшірілген. 

Шолоховтар отбасы өздерінің Вешенский станицасына ұқсас, соны еске салып тұратын Даринск аулын таңдаған. Шолохов Оралдан өзіне көптеген достар табады. Ол өмірінің соңына дейін достарымен қарым-қатынасын жоймаған. 1979 жылы Даринск аулында жазушы отбасымен бірге тұрған үйде М. Шолоховтың мемориалдық мұражай үйі ашылды. Онда негізінен жазушының және оның отбасының жеке заттары көрмеге қойылған. 

Бүгінгі таңда мұражай кешені бөлек орналасқан мемориал үйінен және ауданы 1039 ш.м. 6 көрме залынан тұратын 2 қабатты бөлігінен тұрады. Бірінші қабатта сурет галереясы және 60 орындық конференц-залы, ал екінші қабатта табиғат, археология және этнография бөлімі, ҚР Тәүелсіздігінің 10 жылдығына арналған зал және «М. Шолохов Орал өңірінде соғыс жылдарынан кейін» атты көрмесі орналасқан. Мұражай кешенінің ашылу салтанатына жазушының баласы, немересі, шөбересі, сонымен қатар, Белла Ахмадулина, Қадыр Мырза Әлі, Ақүштап Бақтыгереева сияқты белгілі ақын-жазушылар мен басқа да белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері шақырылды. Орал делегациясы жыл сайын көктемде Вешенское станицасына барады. Ал, күзде ұлы жазушының отандастарын Оралда қарсы алады.

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ МҮРАЖАЙ-ҮЙІ
Бұл үйде 1930 жылдан 1934 жылға дейін қазақ халқының даңқты қызын тәрбиелеп өсірген Мәметовтер отбасы өмір сүрді. М.Мәметова - Кеңес Одағының Батыры атағына лайықты Шыгыстан шыққан алғашқы әйел. 

Мәншүк майданға Алматы медицина институтының екінші курсында оқып жүргенде аттанды. Аз ғана уақыт ішінде үрімдей қыз пулемет ісін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар топ командирі де болды. Ұрыстар арасындағы аз уақыттағы тыныштықтарда Мәншүк майданнан: «Кешір, ана, мен тек жауды құрту үшін қолыма қару алып алға үмтыламын. Егер мерт болсам, тек Отан үшін, тек Сіздер үшін, әкем үшін» - деп хатжазды. Мәншүк 1943 жылгы 15 қазанда Псков облысының Невель қаласы үшін шайқаста қаза тапты. Ол өз отрядының шегінісін жарысып минутқа дейін пулеметтің қасынан шықпады. Мүражай 1982 жылы ашылды. Мұнда Мәметовтер отбасының фотосуреттері, қүжаттары, жеке заттары қойылған. 1987 жылы Орал каласының орталық алаңдарының бірінде Мәншүк Мәметоваға қоладан ескерткіш орнатылды. 

1993 жылы «Мәншүктің өшпес ерлігі» диорамасы ашылды.

Е. И. ПУГАЧЕВТІҢ МҰРАЖАЙ-ҮЙІ
Қала мұражайларының ішінде XVIII ғасырдың ағаш сәулеті және тарих ескерткіші - Е.И.Пугачевтің муражай үйі қала турғындары мен қонактарының үлкен сұранысына ие. 

Әр адамның санасына қала тарихымен, ондағы тарихи-сәулет ескерткіштерімен бірге Отан түралы ұғым да енеді. Осындай ескерткіштердің бірі - Емелян Пугачевтің муражай үйі. Бұл мұражай тек 1773-1775 жылдардағы Крестьян соғысымен ғана емес, ең алдымен осы үйден өз жұмыстарына тарихи деректер алған ұлы орыс зерттеушілерімен, жазушыларымен байланысты. 1967 жылдан бері бұл уйде кітапхана орналасты. 1991 жылдан бері ерекше тарихи ескерткіш облыстық тарихи-өлкетану муражайының қарауына берілді. Бұнда қазақтардың түрмыстық және әскери қүрал-саймандары, тулар, зеңбіріктер, құнды хан сыйлықтары және т.б. көрмеге қойылған. Муражай көрмесіндегі жүздеген жәдігерлердің әрқайсысы - жайық казактарының және өлке тарихының тағы да бір айқын көрінісі.

СУРЕТШІ СӘКЕН ҒҰМАРОВТЫҢ МҰРАЖАЙЫ

Мұражай 1995 жылы суретшінің көркем шеберханасынан ашылды. Сәкен Гұмаров қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданында дүниеге келген. Ол кішкентай кезінен балалық сезіміне әсер еткен даланың, текеметтердің суретін салған. Сәкен Гұмаров - КСРО Журналистер Одағының, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі. Ол 30 жыл сұңғат өнерімен айналысқан. Суретші өзі туралы: «Ес білгелі сурет салып келемін. Тек майлы бояумен жумыс істедім. Жанр мен тақырып тұрғысында өзіме шектеу қоймадым, ұлттық, таптық, әлеуметтік тақырыптарға ғана тоқталғаным жоқ. Шығармашылығыма саз өнері, сәулет, поэзия жанама және тікелей әсерін тигізді», - деп жазған. Сәкен Ғұмаров өмірде болған кездің өзінде 40 жеке көрме өткізілді. Олардың бесеуі Алматыда, үш көрме Мәскеуде, төртеуі Оралда және бір-бір ден Ялта, Сочи, Киев, Челябинск, Вильнюсте өткізілді. Сәкен Ғүмаровтың суреттері оны көрген адамдардың сезіміне ерекше әсер ететін. Бұл суретші сұңғаттары бойынан өмірге деген сүйіспеншілік сезімі сезіледі. Оның суреттері - дүние бірлігін түсінудің бір кілті. Мұражайда суретшінің жеке коллекциясынан алынған суреттер, оның жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары көрмеге қойылған.

«ШАҒАЛА» ОТЕЛІ

«Шағала» үш жұлдызды отелі қала орталығында, Оралдың бас даңғылынан бес минуттық жерде орын тепкен. 

Іскери адамга өте қолайлы, тыныш және әдемі орында орналасқан. Отель бір және екі бөлмелік, люкстардан тұратын 50 орынға арналган. Әр бөлмеде шагын бар, жуынатын бөлме, теледидар, телефон, кондиционер бар. Келген қонактарга шаштараз, химиялық тазалау және кір жуу орындары қызмет көрсетеді. Отельдің өз ас үйін жаңа піскен көкпен және көкөністермен қамсыздандыратын жылыжайы, сонымен қатар мейрамханасы, бары, мәжіліс залы (viр-залы) және тренажер залы бар. 

«Шағала» өтелі
090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Т. Масин көшесі, 67/1
тел.: +7 3112 50 98 55, 
факс: + 7 3112 51 04 59.


«ВИКТОРИЯ» ҚОНАҚ -ҮЙІ


Қонақ үй Орал қаласының көлік көп жүретін жол қиылысындағы 2 қабатты ғимаратта орналасқан. Бөлмелерде барлық жагдайлар, теледидар, тоңазытқыш бар. Қонақ үйде сондай-ақ мейрамхана, бар, автотүрақ, сауна, кір жуатын бөлме, үтіктейтін бөлме қызмет көрсетеді. 

«Виктория» қонақүйі
090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., 4-шағын аудан, 
Тел.: +7 3112 27 01 09

«БИВУАК» ҚОНАҚ -ҮЙІ

Қонақ үй Орал қаласы шетінде, облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталыгы жанында орналасқан. Қонақ үй бір қабатты, асхана, буфеті бар. Бөлмелері 2-5 орынды. Қабаттарда қолайлы жағдайлар жасалған. Холда теледидар орнатылған. 

«Бивуак» қонақүйі
090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., И. Тайманов көш., 71/1
тел.: +7 3112 53 11 31

«ПУШКИН» ОТЕЛІ
 
Отель қалпына келтірілген, 2002 жылдыңтамыз айында пайдалануга берілген гимаратта орналасқан. Күрделі жөндеу мен қалпына келтіру жумыстарын, италия жиһаздарын жеткізумен айналысқан, италияның «Ренко» компаниясы жүргізген болатын. «Пушкин» отелі Достықдаңғылы мен Е. Пугачев көшелері қиылысында, «Курениден» алыс емес жерде орналасқан. Отельдің 12 нөмірі «апартамент» санатында, 54 нөмірі «люкс» санатында. Әр нөмір кондиционермен, телефонмен, кабельді телевидениемен, мини-бармен, фан-койл жүйесімен (ауа темпиратурасын реттеу) жабдықталған. Интернетке қосылуы мүмкін (портативті компьютер болған жагдайда). 

Күзет қызметі, паркинг, мейрамхана (итальян асханасы), кеңесі залы, тренажер залы, сауна, кір жуу орындары бар. 

«Пушкин» отелі
090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., 
Достық-Дружба даңғылы, 148 а
тел.: +7 3112 51 35 60

«ОРАЛ» ҚОНАҚ -ҰЙІ
 
«Орал» қонақ үйінде 1-2 орынды «люкс» нөмірлеріне барлықжағдай жасалған: ванна, теледидар, телефон, тоңазытқыштар бар. Қонақ үй қосымша қызмет көрсету ретінде кафе, кір жуу орны, үтіктеу орны, автотүрақ, шаштараз, тіс емдеу қабинеті, авиа және темір жол кассалары, тігін шеберханалары қызметтерін ұсынады. 

«Орал» қонақ үйі
090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Фурманов көш., 80/2

«САЯХАТ» ҚОНАҚ -ҮЙІ

«Саяхат» қонақ үйі қала орталығында, Достықдаңғылы мен Т. Масин көшелері қиылысында орналасқан. Қонақ үй бес қабатты, лифтімен жабдықталған. 1 және 3-қабаттарда тәулік бойы жүмыс жасайтын кафе орналасқан. Іскер адамдарга компьютер, факс, ксероксты пайдалануға болатын кішкене бизнес-орталық қарастырылган. 

Қонақүйде барлықжагдайы жасалган бір орынды және екі орынды «полулюкс», «люкс» санатты бөлмелер орналастырылған. Әр бөлме теледидар, тоңазытқышпен жабдықталған. Екінші, үшінші қабат бөлмелерінде телефон орнатылған. Екі бөлмелі «люкс» нөмірлерінде НТВ+ антенналары немесе бейне магнитафондар орнатылған. Сонымен қатар, қонақ үйде өз қауіпсіздік қызметі бар. 

«Саяхат» қонақ үйі маңында «Пантера», «Пилот» түнгі клубтары, мейрамханалар, мүражайлар және көрме залдары орналасқан. 

«Саяхат» қонақүйі
090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., 
Т. Масин көш., 83 тел.: 51 30 03

«ПАНОРАМА» ТУРФИРМАСЫ

«Панорама» турфирмасы - Оралдагы алғашқы туристік агенттіктердің бірі -1995 жылы құрылран болатын. Он жылдың ішіңце фирма клиенттер арасын - да, сонымен бірге қазақстаңцық және шетелдік әріптестер арасыңца өз жұмыстарын көрсете білді. Компания жыл сайын 4 мыңда адамга қызмет көрсетеді. Дәстүрлі халықаралық және санаторий-курорттықтуризм, балалар мен ересектерге арналған оқыту багдарламалары бағытында қала отырып, «Панорама» фирмасы Орал өңірімен тығыз байланысты, дем алудыңжаңа маршруттарын жетілдіреді. БұлжорықЖайықөзенімен «Көгілдір жолдар» су маршруты, Шалқар көліне бір және үш күццік автобус маршруттары, «Пушкин жүрген жерлермен» Орал-Соль-Илецк - Орал атпен жүру маршруттары, көбіне шетелдік туристерді жиі қызықтарын «Бөкей хандыгына саяхат» үш күндік ұшақ маршруттары. Бұған қоса, «Панорама» турфирмасы Батыс Қазақстан рблысы мен Орал кдласы бойынша 20-дан астам қалалықжәне кдла мацындағы өңцірістік, мұражайлықсаяхаттарды, сонымен қатар, Еділ өзеніне теплоходпен круиз жасауды да ұйымдастырады. 

«Панорама» турфирмасы. 
090000, Орал қаласы, Фурманов көш., 165
e-mail: contacts@panoramatour.kz
panoramatour.kz
тел. (3112) 50 56 32, тел./факс (3112) 24 06 75

«НАТАЛИ ЭКСПРЕСС» ФИРМАСЫ
«Натали экспресс» фирмасы 1999 жылдан бастан жұмыс жасап келеді. «Натали экспресс» өз маршрутында жұмыс жасауына толық құқығы бар, бұл фирма туризмнің барлық түрлерін ұйымдастырады және өз жеке бағасы бар. 

Компания жыл сайын 3 мыңдай саяхатшыға қызмет көрсетеді. «Натали экспресс» ішкі туризмге көп көңіл бөледі. Батыс Қазақстан бойынша балалар мен ересектерге арналған саяхат кезінде, өткен мен бүгінгі тарихи оқиғалармен танысып қана қоймай, сонымен қатар, ұлттық буйымдарды сыйға алуға болады. «Натали экспресс» фирмасы әлеуметтік, экологиялық қызықты және спорттық туризмдерден басқа, сауықтыру және мәдени-танымдық турларды жасақтап, шетелде тіл үйренуде үлкен тәжірибе жинақтады. 

«Натали экспресс» туроператоры
090300, БҚО, Ақсай қаласы, 2-ші шағын аудан. 
Тел/факс.: (233) 315046,

«АЗИЯ-ТУР» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ
Азия-Тур" туристік фирмасы - халықаралық туризм бойынша Батыс Қазақстанның озық фирмасы - 1994 жылдан бастап Қазақстан нарығында табысты еңбек етіп келеді. Фирма қызметкерлері туризм саласында тәжірибе жинақтаған, жоғары білікті мамандардан тұрады. 

"Азия-Тур" туристік фирмасының қызметтерін пайдалана отырып, облыс түрғындары Испания, Франция, Кипр, Италия, БАӘ, Тайландтың элиталы турларында демалуға мүмкіндік алады, шетелге шығу құжаттарын тез де сапалы ресімдейді, шетелге шығуға байланысты сурақтарына толық кеңестер ала алады. 

«Азия-Тур» туристік агенттігі
090000, Орал қ., Достық-Дружба даңғ., 192/1
Е-mаіІ: аsiatour2000@mаіl.ru
тел.: (3112) 51-38-02, тел/факс.: (3112) 50-88-59,

«ЖАИКИНТУР» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ
«ЖаикИнТур» туристік агенттігі Канар (Тенерифе аралы) және Болеар (Ибиса аралы) аралдарында демалыс; Испанияда (материктегі демалыс); Экзотикалық демалыс, сондай-ақ Европа бойынша турлар үсынады. Өмір сәтін жіберіп алмаңыз! 

«ЖаикИнТур» туристік агенттігі
090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 194/1, 
тел.:(3112) 24 28 26

ОРТА АЗИЯ ТУРИСТІК КОРПОРАЦИЯСЫ
090300, БҚО, Ақсай қ., Өңдірістік зона, «Қазбургаз» ғимараты, 1-кеңсе

тел.: (233)305-90

«ГЕРМЕС-ТУР» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Фурманов көшесі, 167

Е-mаіІ: germestur@уаndех.гu тел/факс.: (3112) 50-33-30

«ВОЯЖ» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Достық-Дружбы даңғ., 221

Е-maіІ: vоуаgе@:smpt.гu

тел.: (3112) 50-43-83, 

«ONUR TRAVEL» САЯХАТ БЮРОСЫ

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Евразия даңғ, 62

e-mail: info@onur-travel.com 

www.onur-travel.com 

тел./факс (3112) 53 47 13 

«Нур Ай Ко» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Фурманов көшесі 167, 

тел.: +7 3112 50 37 17

+7 3112 51 19 54

«Word of Travels» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Нариманов көшесі 23, 

e-mail: Uralsk_travel@mail.ru

тел.: +7 3112 50 79 31

«Атамекен» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ


090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Гвардейский көшесі 23/1, 

тел.: +7 3112 51 85 19

«АСКА-tour» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ


090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Достық-Дружбы даңғ., 185/1. 

e-mail: acka-tour@mail.online.kz

тел.: +7 3112 51 58 86

+7 3112 51 25 68

«DENIZ TOUR» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ

090005, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Евразия даңғ., 61, офис 3 

e-mail: info@deniz.kz

www.deniz.kz 

тел.: +7 3112 50 68 40

ТУРОПЕРАТОР «Василец» 

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Т.Масин көшесі 67, 

e-mail: vasilets@ural.kz

тел.: +7 3112 50 34 74

+ 7 3112 50 79 51

«Молчанова» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Батурин көшесі 73, 

тел.: +7 3112 24 02 62

«Ветер Странствий» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Достық-Дружбы даңғ., 184-1, 

e-mail: stranvester@mail.ru

тел.: +7 3112 51 45 46

+7 3112 51 08 11 

«COLD TRAVEL» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Фурманов көшесі 150-67

тел.: +7 3112 51 57 61

«Орхидея» ТУРИСТІК АГЕНТТІГІ

090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Евразия даңғ., 89, 

тел.: +7 3112 23 94 86

ОБЖТжЭО ЖӘНЕ «ЕВРАЗИЯ» «ЕВРАЗИЯ» ТУРИСТІК-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРИЗМ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ
«Евразия» ТСК Деркөл өзенінің табиғаты әсем жерінде орналасқан. Көп жылдардан бері, «Евразияға» алау жанында, гитарамен ән салатын, табиғатты аялайтын, туризм және спортпен айналысатын, Орал өңірі тарихы мен экологиясымен әуестенген адамдар көп келеді. «Евразия» ТСК әр түрлі саяхаттар мен экскурсиялар, жаяу, су және автокөлік жорықтарын, ұзақ серуендер, отбасылық апта соңы демалыстарын, яғни, уикендтерді ұйымдастырады. Бұл жерде спорт пен туризм бойынша жоғары білікті педагогтар, инструкторлар жұмыс жасайды. Демалушылардың денсаулығын медперсоналдар қадағалайды. 

«Евразия» ТСК-нда турақты түрде интеллектуалды-танымдық шаралары, жалпы спорттық жарыстар, ойын-сауық шоу-бағдарламар өтіп турады. Қыс мезгілінде шаңғы базасын, шаналарды, сырғанау қуралдарын жалға алу жумыс жасайды. «Евразия» ТСК Облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы өз шараларын жиі өткізіп тұрады. Бұл ұжым үш бағытта: туризм, экология және өлкетану бағыттарында жумыс жасайды. Қызметтің негізгі түрі үйірмелік және клубтық жұмыстар болып табылады. Оқушылар велотуризм, экотуризм, өнертапқыштар туризмі, жаяу және шаңғы туризмдерімен айналысады. Орталықта жоғары білімді, I, II санатты тәжірибелі педагогтар жұмыс жасайды. Дәстүрлі және дәстүрлі емес тәсілдермен туристік-өлкетану және экология қызметтері өтіп түрады. Туриадалар, мұғалімдер және оқушылар арасында туристік көпжарыстар бойынша жарыстар, шаңғы, велосипед, су және тау туризмі, слеттар мен әр түрлі фестивальдар, байқаулар және ғылыми-практикалық мәжілістер жиі өтіп түрады. 

ОБЖТжЭО және «ЕВРАЗИЯ»
090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Тайманов көш., 71/1

«АТАМЕКЕН» ТУРИСТТІК-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

«Атамекен» туристік-сауықтыру орталыгы қала аймағында, Шаған өзенінің жағасында орналасқан (Жайық өзенінің оң жақ сағасы). Көкке оранған төрт жарым гектарда 300 орынды 4 ұйықтау корпусы, асхана, душ, медпункт, бассайен және спорт алаңдары орналасқан. Жаз мезгілінде шілде айынан тамыз айы аралыгында алты профильді ауысымда 1500-ге дейін балаларды қабылдайды. Шаралар профиль ауысымдарына байланысты жоспарланады: «Ралам саяхаты», «Ақылды ұлдар мен қыздар», «Туристік-экологиялық», «Халықаралық» және тағы да басқалар. Орынбордан келген балалар Халықаралық ауысымда жыл сайын демалады. 

Лагерь жумыстарының багдарламасы «Бау-бақша» көліне» жаяу жорық, «Шалқар» көлінде және «Қызыл мектеп» ескі мекенінде болу, қазақ және орыс драма театрларына, филармонияға, муз айдыны сарайына, мини-хайуанаттар саябағына; тақырыптық КТК-ға, ойындарга, би кештеріне және басқа да шараларга бару. 

Ашық типтегі бассейнде су полосы және жүзушілердің жеке сынақтары бойынша жарыстар өтеді, ал фито-бардан әрқашанда тіл үйіретін пайдалы коктейльдердің дәмін татуға әбден болады. балалар жазғы типті уйықтайтын корпуста, бөлмеде 18-25 адамнан турады. Асханасы 160 орынға есептелген. тамақтану күніне алты рет беріледі. Қысқы мезгілде орталықта туристік-өлкетану және экологиялық үйірмелер жұмыс жасайды. «Зимушка-зима», «Масленица», демалыс күндеріндегі шаңғы жорықтары, шаңғымен сырғанау және қар таудан сырғанау, балаларды ешқашан бей-жай қалдырмайтыны анық. Лагерьдегі өмір қызыққа толы.

«Атамекен» туристтік-сауықтыру орталыгы, 
090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Есенжанов көш., 54

АҚЖАЙЫҚ САНАТОРИЯСЫ

Ақжайық санаториясы 1984 жылы «Уральский» демалыс базасында құрылған. Ол Жайық өзенінің әдемі де жайлы жагасында облыс орталығынан 43 шақырым жерде орналасқан. Қалаға автобуспен байланысады. Санаторий 300 адамға есептелген, жыл бойы жұмыс жасайды. Емделушілер 2 адамға арналған бөлмелерде, жақсы жабдықталған корпуста орналастырылады. 

Санаторийдің негізгі табиғи емдеу факторы ішкі және сыртқы қолдану үшін хлоридті магний-натрийлі минералды су болып табылады. Санаторийде минералды су жіберетін ванналар мен емдеу душтары бар су емханасы, сонымен бірге, жақсы жабдықталған емдеу-диагностикалық кабинеттері мен зертханалары орналасқан. 

Бальнетерапияда электр сәулесімен емдеу, емдік дене шынықтыруы, массаж, климаттық емдеулер қолданылады. Клуб, кітапхана, би залы, бильярд, спорт алаңдары бар. Орал өзені жағасында жаз мезгілінде емдеу жағажайы жұмыс жасайды. 

Көрсеткіштер: қан айналымы агзаларының ауруы. Емдеу мерзімі: 24 күн. 

Ақжайық санаторий
090000, Қазақстан Республикасы, Орал қ., Теректі ауданы
тел.: 7 (243) 12-5-53

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»