Басқарма туралы

«БҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын қолдауға, жастардың шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамытуға, жастар арасында салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыруға, азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаты жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын дамытуға, жастардың шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
«Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні жастар саясаты, жастар арасында салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыру, азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу мәселелері бойынша іс-шараларды облыстық деңгейде іске асыру болып табылады.
Міндеттері:
жастар саясаты мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін жағдай жасау;
азаматтылық пен патриотизмді, өз Отаны – Қазақстан Республикасына  сүйіспеншілікті, елдің мемлекеттік рәміздеріне, оның тарихына, мәдениетіне және халық салт-дәстүрлеріне құрмет сезімін; Конституцияға және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілік сезімін тәрбиелеу.
Функциялары:
мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;
«Жасыл Ел» бағдарламасы шеңберінде жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;
жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;
жастар ресурстық орталықтарының қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
қазақстандық патриотизмді және этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен қарастырылатын жағдайларда, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілері өкілеттіктерін, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асырады, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас оларға қатысты шешімдер қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.


«БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫ» ММ
Индекс: 090000, Мекен-жайы: Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 үй,
Электрондық поштасы: uvmp_zko@mail.ru

Аты-жөні

Лауазымы

Жұмыс телефоны

1

Сакошев Аян Кажимерұлы

Басқарма басшысы

50-45-32

Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімі

2

Есенгалиева Алия Махамбетовна

Бөлім басшысы

51-15-27

3

Айдынғалиева Аяужан Гилымановна

Бас маман

51-15-27

4

Нұркен Мейірбек Асқарұлы

Бас маман-заңгер

51-15-27

Ақпараттық-талдау жұмысы және жобаларды жүзеге асыру мониторингі бөлімі

5

Ашенова Ранида Рафхатовна

Бөлім басшысы

24-15-32

6

Бақытжанова Арайлым Маратқызы

Бас маман

24-15-32

7

Абуов Бакберген Талгатович

Бас маман

24-15-32

Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі

8

Кульжанов Данияр Дукенбаевич

Бөлім басшысы

51-19-37

9

 Ораш Нұрхат Серікқалиұлы

Бас маман

51-19-37

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan