Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рам Натх Ковиндке Үндістан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан жаңадан сайланған Үндістан Республикасының Президентін құттықтады.

«Біз халықтарымыздың өсіп-өркендеуі жолында достық қарым-қатынасымыз бен тығыз ынтымақтастығымызды нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмылдыратынымызға сенімдімін.

Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Үндістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», –делінген жеделхатта.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan