Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропа қайта құру және даму банкінің Энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі басқарушы директоры Нандита Паршадпен кездесті

Екіжақты кездесуде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) 1993 жылдан бері Қазақстандағы 222 жобаны қаржыландырды. Жалпы сомасы – 7,3 млрд еуро.

Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті. Халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимылды ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға басымдық бере отырып кеңейту міндеті қойылды.

Мемлекеттік хатшы ЕҚҚДБ әзірлеген, банктің Казақстанмен ынтымақтастығының 5 жылға арналған стратегиясы мемлекеттің және жеке сектордың рөлін теңгерімді ету; қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру, банк секторын күшейту және жергілікті капитал нарығын дамыту; өңіраралық өзара іс-қимылды және халықаралық интеграцияны күшейту; жасыл экономикаға көшуге көмектесу сияқты салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтатынын атап өтті.  

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі даму қарқынына  қанағаттанатындықтарын айтып, ЕҚҚДБ-ның табиғи ресурстар және энергетика секторындағы жобаларын іске асыру, соның ішінде, гендерлік теңдік пен әйелдердің осы сектордағы рөлін арттыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі мен ЕҚҚДБ арасындағы келісім аясында  «Бизнестегі әйел» атты жоба іске асырылып отырғаны атап өтілді. Бүгінде аталған жоба бойынша 7 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне 5,8 млрд теңге көлемінде несие берілді. ЕҚҚДБ қаржыландырумен қатар ноу-хауды игеруге жол ашады және әйелдер басшылық ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына басқару тәжірибесі мен технологияларды енгізуге көмектеседі.

 Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова кездесу соңында Н.Паршадты Еуропа қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры лауазымына тағайындалуымен құттықтап, биылғы 31 тамызда ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтетін «Әйелдер болашақ энергиясын қолдайды» атты халықаралық форумға қатысуға шақырды.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan