Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Әділет министрлігінің 2016 жылғы қызметі туралы есебін тыңдап, алдағы жұмыс жоспарларымен танысты.

Қазақстан Президентіне заң жобасын жасау жұмыстары жоспарының орындалуы жөнінде мәлімет берілді. Бұл ретте ел Парламентінің қарауына 18 заң жобасы енгізілген. М.Бекетаевтың мәліметі бойынша, биылғы екінші тоқсаннан бастап 28 заң жобасын ұсыну жоспарлануда.

Елбасы мемлекеттік орган қызметінің нәтижелеріне оң баға берді.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрлігі алдында тұрған, ұлттық заңнаманы қалыптастыруға белсене атсалысу, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама мен талдау жүргізу, еліміздің халықаралық аренадағы қызметін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету және зияткерлік меншік құқығын қорғау сияқты бірқатар маңызды міндеттерді айқындады.

Әділет министрі Мемлекет басшысына заң шығару және үйлестіру жұмысы, ашық форматтағы заң шығару жұмыстары жөніндегі ведомствоаралық комиссия қызметі туралы баяндады. Атап айтқанда, бұл ведомствоаралық комиссия жұмысының үдерісін журналистерге онлайн режімінде бақылауға, сондай-ақ отырыстардың қорытындысы бойынша БАҚ үшін брифинг ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan