Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысына заң жобалау жұмыстары жоспарын орындау аясындағы Парламенттің төменгі палатасының үшінші сессия кезеңіндегі қызметінің қорытындылары жөнінде мәлімдеді.

– Мәжіліс 24 заң жобасын, соның ішінде үшжылдық бюджетті, салық, әкімшілік және кеден кодекстерін, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қабылдады. Осылайша, заң жобаларының барлық топтамасы Сенатқа жолданды, – деді Н.Нығматулин.

Кездесу соңында Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы үрдісін уақтылы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында Парламент Мәжілісі қызметінің маңызды екенін айтты.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan