Нұрсұлтан Назарбаев испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесті

Кездесу барысында Сантьяго Калатрава Мемлекет басшысына Қазақстанға келіп, елорданың сәулет нысандарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.

Қазақстан Президенті Астана бірегей сәулетімен және өмір сүру үшін жасалған қолайлылығымен ғана емес, сондай-ақ қайталанбас атмосферасымен ерекшеленетінін атап өтті.

– Елордада тұрғысы келетін адамдардың саны артып келеді. Қала халқының саны бір миллионға жақындады. Келесі жылы біз Астананың 20 жылдығын атап өтетін боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

***

Танымал испан сәулетшісі және мүсіншісі Сантьяго Калатрава әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген футуристік нысандардың авторы болып саналады.

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan