2016 жылғы 14 қазанда Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті.

  

 

Шара 2016 жылғы 14 қазан күні сағат 09.00-де - ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінің ашылуынан басталып, одан әрі «Нұр Отан» ғимаратының фойесінде аудандар жетістіктері жөніндегі роликтерді тамашалаумен жалғасты.

 «Нұр Отан» ғимаратының акт залында облыс әкімі А.С.Көлгінов Ел Тәуелсіздігінің 25  жылғы тарихында облыстың ауыл шаруашылығы саласының дамуына шолу жасап, кейін сала үздіктерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек Ері» медалімен (3 адам), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен (6 адам), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен (11 адам), бұған 14 номинация бойынша облыс әкімінің дипломдарымен марапаттады.

Ауыл шаруашылылығы ардагері Р.Х.Сүйірбаев, шаруашылық басшылары В.И.Голоухов және Е.К.Елемісовтер құттықтау жолдап, шара соңы мерекелік концертке ұласты.  

Күннің екінші жартысында Зеленов ауданының Трекин ауылында дала қызықтары оздырылып, асыл тұқымды мал шаруашылығының және ауыл шаруашылығы жаңа техникаларының көрмесі ұсынылды. «Арбадағы желіс аттар жарысы», «Аламан бәйге», «Топ бәйге», «Құнан бәйге», түрлі спорттық шаралар, ұлттық ойындар, қазақша күрес сайыстары өтті. Мерекеге жиналған халық 12 ауданның тізіле тігілген ақшаңқан киіз үйлерімен дәм татып, аудан көркемөнерпаздарының өнерлерін тамашалады.   

Өз тарихында қандай да болмасын қиын-қыстау кезеңді  абыроймен өткерген халқымыз, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда маңдай тер, адал еңбегімен ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтірді.

Мысалы, тәуелсіздік жылдары (1993-1995 жылдары) ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 16 есеге өсті (7 млрд. теңгеден 107 млрд. теңгеге дейін).

Майлы дақылдардың алқабын әртараптандыру нәтижесінде 1991 жылғы 27 мың га-дан ағымдағы жылы 53 мың га-ға дейін немесе 2 есеге ұлғайды.

Сондай-ақ, картоп, көкөніс-бақша дақылдарының алқабы да 2 есеге ұлғайып, 12 мың га құрады (1991 жылы 6,3 мың га).

Біздің өңіріміз – асыл тұқымды «Көшім» жылқысы, қазақтың ақбас сиыры мен «Еділбай» қойының отаны.

Соңғы 20 жылда ірі қара мал басы 30%, қой мен ешкі – 50%, жылқы – 60%, құс саны 130% артты.

Бүгінгі таңда Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі шаруаларымыздың аяғына нық тұруына, бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде барлық жағдай жасалуда.

Ауыл шаруашылығы саласында 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында сыртқы сауда саттық айналымы 14,4 млрд.теңгені құрады, соның ішінде экспорт – 2,4 млрд.теңге, импорт 12,0 млрд.теңге. 

Өңіріміз ірі қара және ұсақ мал етін қатырылған, сонымен қатар тірілей түрінде, балық өнімдерін, ұн және ұннан жасалатын өнімдер, майлы дақылдар, макарон өнімдерін және т.б. экспорттайды.

«ІҚМ еті экпорты әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде соңғы 5 жылда осы мемлекеттерге 7300 тонна ет ет өнімдері экспортталды.

Аграрлық саланы мемлекеттік қолдаудың арқасында егіншілік мәдениеті жақсарып, ағымдағы жылғы табиғи-климаттық жағдайдың қолайлы болуынан және ауыл еңбеккерлерінің, диқандардың табанды еңбекқорлығының арқасында соңғы жылдардағы құрғақшылықтан кейін декордты өнім жиналып, өз жерлестерін қуантты.

Ағымдағы жылы облыста дәнді дақылдардан 318 мың тонна астық көлемінде мол өнім алынды немесе бұл өткен жылғыдан 35 есе артық (95,4 мың тонна). Орташа өнімділік 15 ц/га құрады.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan
Назад