8000 ТОННА СИЫР ЕТІ МЕН 720 ТОННАДАН АСТАМ ҚОЙ ЕТІН ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРДЫ

Соңғы 4 жылда Батыс Қазақстан облысы 8 мың тонна сиыр еті мен 720 тоннадан астам қой етін экспорттады. Бұл көрсеткіш бүгінгі таңда республикадағы жоғарғы  көрсеткіш.  Баршаға белгілі, БҚО ірі және ұсақ қара малдың етін тірі және мұздатылған түрінде  Ресей, Армения, Иран және Тәжікстан сияқты елдерге экспорттайды. Ет облыс бойынша қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған 11 бордақылау алаңынан жеткізіледі. Облыстың 8 ауданында 15 мыңға жуық ірі және ұсақ  қара мал өсіріледі.  Ақжайық ауданында сыйымдылығы 1500 бас бордақылау алаңының құрылысы жалғасуда, ал Зеленов және Теректі аудандарында сыйымдылығы 3000 және 5000 бас ірі қара мал басын азықтандыру алаңдарының құрылысы жоспарлануда.

- 2017 жылға арналған ет экспорттау жоспарына тоқталатын болсақ,  сиыр еті 2 мың тонна, қой еті 90 тонна, яғни 86,8% орындалды. Экспорттаушылар қатарында «Батыс Марк Ламб» ЖШС, «Зира ЕТ», «Кублей» сияқты кәсіпорындар болды. 1,8 мың тонна ірі қара малдың еті және ет өнімдері экспортталды, оның ішінде 5,6 еседен асатын ет (505 тоннадан астам ет) сатылды. Бұл ел үшін ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Осы жылы 2 мың  тонна сиыр еті мен 180 тонна қой етін экспорттау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 9 тамызындағы мәліметі бойынша сиыр етін экспорттау жоспары 53,3% орындалды, ал қой етіне келетін болсақ, 338,2 тонна экспортталды. Соның ішінде  231,5 тонна жас мал еті Иран Ислам Республикасына экспортталды, – дейді облыстық ауыл шаруашылығының басшысы Берік Есенғалиев.

Ет өнімдерін, қой және жылқы етін өңдеумен айналысатын «Кублей» ЖШС, жас мал етін экспорттау бойынша мамандырылған  «Зира ЕТ» ЖШС, сондай-ақ «Гитинов», «Даурен», «Ерсайын» шаруа қожалықтар облыс бойынша негізігі өнім экспорттаушылары болып табылады. Экспорттаушы елдердің қатарын көбейту мақсатында  «Кублей» ЖШС Қытай еліне ет экспорттау бойынша тапсырыс берген болатын. 2017 жылдың мамыр айында Қытай сарапшылары ет өңдеу зауытында болып, жұмысына оң баға берді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

11

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»