Балық шаруашылығы кешенін дамыту жөнінде кеңес өтті

Бүгін өңірдегі балық шаруашылығы кешенін дамыту жөнінде кеңес өтті. Кеңес отырысында Дөңгелек және Бітік су қоймаларындағы балық ресурстарының қазіргі күйі, Шалқар көлінің экологиялық жағдайы мен Анискино көлінің жағалауындағы қорғаныс бөгетін қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар балықтандыру жұмыстарын сөз етті.

-           Шалқар көлінің экологиясы мен сулы ортасының сапасын жақсарту және балық

ресурстарын сақтау мақсатында техникалық-биологиялық мелиорация мен балықтандыру жұмыстарының табиғи-ғылыми негіздемесін жасауымыз қажет. Сонымен қатар, "Жайық-Шалқар», «Барбастау Шалқар» каналдарын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруымыз тиіспіз, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов.

Шара соңында облыс әкімінің орынбасары Анискино көлінің жағалауындағы қорғаныс бөгетін қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді, қазан айының соңына дейін барлық балық шаруашылығы субъектілері балықтандыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»