«Ашық есік» күніне келген 12 адамды облыс әкімі қабылдады

 Бүгін облыстық қазақ драма театр фойесінде өткен «Ашық әкімдік» қабылдауына 120-дан астам тұрғын келді. Олардың сауалына облыстық басқармалар мен коммуналдық ұйымдар және құқық қорғау органдарының мамандары жауап берді.

Тұрғындардың көбі облыстық жер қатынастары басқармасы, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының өкілдеріне жолықты.

«Ашық есік» күніне келген 12 адамды облыс әкімі Алтай Көлгінов қабылдады.

– «Ашық әкімдік» жобасын үшінші мәрте өткізудеміз. Менің қабылдауымда болғандар тұрғын үй мәселесін жиі көтерді. Оларға «Нұрлы жол» бағдарламасы ауқымында баспана алу жолдарын түсіндірдім. Ал, жер телімін алуға кезекке тұрғандардың тізімін сараптайтын боламыз. Олардың арасында жер телімін алғандар, жеке баспанасын салып алғандар немесе қаладан қоныс аударғандар бар. Яғни, нақты мұқтаж адамдарға беруді жоспарлаудамыз. Орал қаласы аумағындағы 200 гектар жерді шаруа қожалықтары иелігінен мемлекет меншігіне қайтарып алдық. Алдағы уақытта осы бос жер телімдеріне инфрақұрылым желілерін тартамыз. Оған бюджеттен қаражат бөлінді. Аудандарда үй салуға 3250 жер телімі беріледі. Орал қаласында 200-ден астам ескі үй болса, оның 43-і апатты деп танылған. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жаңа баспаналар салынып, апатты үйде тұрып жатқандарға қолжетімді бағамен ұсынылады, – деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

«Ашық есік» күні 31 мемлекеттік, 13 коммуналдық мекеме өкілдері қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Мамандар қабылдау кезінде 151 сұраққа жауап берді.

zhaikpress.kz

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan