Бөрлі ауданының әкімі баспасөз мәслихатын өткізді

1

7 тамыз күні Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиевтің қатысуымен 2018 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша Бөрлі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, ағымдағы жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
Аудан әкімінің мәліметінше, ағымдағы кезеңде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 67,3 млрд. теңге, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1трлн. 027 млрд. 244 млн. теңге құрады. Аудандағы ірі өндірушілердің бірі «Конденсат» зауыты 9,2 млрд.тенгені құрайтын 62,6 мың.тонна К5 экологиялық сыныптағы мотор отыны өнімін өндірді. Инвестициясы 1 млн.АҚШ долларды құрайтын «RT Alliance» ЖШС «Сұйық азот өндіру бойынша зауыт» жобасын а.ж. тамыз айында іске қосылады.
Ауданда шағын және орта бизнес те қарқынды дамуда. Қазіргі таңда 4 739 шағын және орта бизнес субъектілері 189 млрд. 359 млн.теңге көлемінде өнім өндіріп, қызмет көрсетті.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 61 шағын цехтар 97 млн 411 мың теңгеге өнім өндіріп, қызмет көрсетті.
Биыл Бөрлі ауданында жалпы сомасы 7 млрд. 300 млн. тенгені құрайтын 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
1) Пугачев ауылдық округінің «Аманат» шаруа қожалығы 600 басқа арналған сүтті әрі қарай өңдейтін сүт-тауарлық ферманың құрылысы жүргізілуде.Жобаның құны – 2 млрд 800 млн.теңге;
2) «Жарсуат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 800 га суармалы жерлерді қайта қалпына келтіріп, ауыл шаруашылығы айналымына енгізу. Жобаның құны – 2 млрд.теңге; 3) «Жарсуат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шошқа кешенін евростандартқа сәйкестендіріп, шошқа етін өңдеу кешенін құру.Құрылыс жұмыстары аяқталуда. Жобаның құны – 2,5 млрд.теңге.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласында жалпы сомасы 64 млн. 594 мың теңгені құрайтын 2336 адам қамтылды, 350 мүгедек адам 20 млн 427 мың теңгеге қажетті техникалық компенсаторлық құралдармен және арнаулы қызметтермен қамтылды. Бүгінгі күнге 996 жаңа жұмыс орны ашылды (жылдық жоспар – 897).
Биыл Ақсай қаласында 240 орынға арналған балабақша, Кентубек ауылында жаңа фельдшерлі-акушерлік пункті пайдалануға беріледі.
- Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі біздің қызметіміздің басым
бағыттарының бірі. Инвестиция есебінен Ақсай қаласындағы 120-пәтерлі үйдің, сонымен бірге Кентүбек және Пугачево ауылдарында жаңа үйлердің құрылысы аяқталды, Қанай және Жарсуат ауылдарында тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. «Қарашығанақ-1» шағынауданында екі 9-қабатты үйдің құрылысы жоспарлануда. Сонымен бірге Ақсай қаласының 10 ш/а-да екі 9-қабатты тұрғын үйдің (26,27А) құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталуда. Оған қоса, Кирово, Александровка, Успеновка, Бумаколь және Тихоновка ауылдарындағы тұрғын үйлер құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына байлау дайындалу үстінде,- деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатта аудандағы цифрландыру жүйесінің іске асырылып жатқаны белгілі болды. Мәселен, Орал қаласының аналогиясымен Ақсайда «Қолжетімді әкімдік» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қауіпсіз аула» жобасы бойынша қала аулаларында 40-тан астам камералар, шағын және орта бизнес объектілерінде 50-ден астам камералар орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады. Бала-бақшаларға автоматты түрде жолдама беру жүйесі іске қосу жұмыстары атқарылуда. Барлық мемлекеттік органдарда электрондық форматта мемлекеттік қызмет алушы азаматтар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды

Жүктеу: Презентация СЭР Бурлинского района.pptx

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»