Теректі ауданына әкім болып Әділ Жоламанов тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Теректі ауданының мәслихатының келісімімен ротация бойынша Теректі ауданына жаңа әкім тағайындалды.

Аудан активіне жаңа басшыны облыс әкімі Алтай Көлгінов таныстырды.

Жоламанов Әділ Тауфикұлы - 1968 жылы туған, білім - жоғары, «Евразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын «экономист-бухгалтер», Евразия академиясын «құқықтану бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын 1989 жылы сәулет жоспарлау технигі болып бастаған.

-        Әр жылдары Сырым аудандық салық комитетінің салық инспекторы, бас салық инспекторы, төраға орынбасары, төрағасы;

-    Теректі ауданы бойынша салық басқармасының бастығы (2007-2011 ж.);

-        Теректі аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы (2011-2012ж.);

-        Сырым ауданы әкімінің орынбасары;

-        БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.

2015 жылдың маусым айынан бастап бүгінге дейін Ақжайық ауданының әкімі болды.

 

Айта кету керек, Теректі ауданының әкімі болған Кәрім Жақыпов денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен кетті. Облыс әкімі Алтай Көлгінов оған атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, зор денсаулық, табыс пен сәттілік тіледі.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»