Өндірістің жеткіліксіздігіне байланысты дизельдік отын бағасы қымбаттады

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Жанар-жағармай бағалары туралы» тақырыбында табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Ғалымжанұлы Исләмовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Қазіргі уақытта Орал қаласы аумағында 13 нарық субъектісі бөлшек саудада мұнай өнімдерін сатумен айналысады. Облыс аумағында көтерме саудада мұнай өнімдерін сатумен 12 нарық субъектісі шұғылданады.

- Мұнай өнімдерін сату нарығында департамент күнделікті мониторинг жүргізіп отырады.  АИ-92 және АИ-95 бөлшек сауда нарығында, жыл басымен 2018 жылдың 7 тамызын салыстырғанда бағаның түсуі байқалады. Мәселен, АИ-92 бағасы орта есеппен 4,14 пайызға түссе(158,18 тг/л-ден 151,64 тг/л-ге дейін), ал АИ-95 бағасы орта есеппен 1,08 пайызға түскен (176,64 тг/л-ден 174,73 тг/л-ге дейін).

Қазіргі таңда дизельдік отынды сату нарығында бағаның өсуі орын алып отыр. Жыл басымен 2018 жылдың 7 тамызын салыстырғанда бағаның өсуі орта есеппен 17,94 пайызға (159,12 тг/л-ден 187,4 тг/л-ге дейін) өскен. Дизельдік отынның бағасының нақты өсімі осы жылдың маусым айында 4,71 % , шілде айында 6,25 %, тамыз айында 1,42 пайызға өскен. Дизель отының көтерме және бөлшек саудада сатумен айналысатын нарық субьектілерінің ақпараттарына сәйкес, дизельдік отынның бағасының өсуі сатып алу бағасымен, сонымен қатар Республикамыздағы дизельдің отын өндіретін зауыттарының аталмыш отынды жеткіліксіз түрде өндіруімен,  Қазақстан сауда нарығында дизельдік отынның жоқтығымен байланыстырады.

Ағымдағы жылдың 11 шілдесі күні БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, мұнай өнімдерін бөлшек және көтерме саудада өткізу нарығы субъектілері қатысуымен жиналыс өткен болатын. Шара барысында дизель отынының бағасын белгілеу, қалдық көлемі, сатып алу бағасы, ағымдағы сауда нарығындағы жағдай туралы сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ монополияға қарсы келісілген іс-әрекет пен үстем жағдайын теріс пайдалану болып саналатын іс әрекеттер тұрғысынан ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормалары түсіндірілді. Жиын соңында нарық субъектілеріне өз қызметтерін соның ішінде баға саясатын ҚР заңнамаларына қатаң сәйкес жүргізуі қажеттігі жөнінде ескертілді,- дейді Нұрбол Ғалымжанұлы.

ӨНДІРІСТІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДИЗЕЛЬДІК ОТЫН БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»