БҚО мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы тағайындалды

Конкурс негізінде және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісімімен Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы тағайындалды.
Мұсағалиев Қадырболат 38 жаста. Білімі - жоғары. 2002 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын, 2010 жылы Еуразия Академиясы тәмамдаған.
Мұсағалиев Қадырболат еңбек жолын 2002 жылы Жастар шығармашылық орталығы әртісі болып бастаған.
• 2005-2009 жж. - Ғ. Кұрманғалиев атындағы облыстық филормониясының режиссері;
• 2009-2011 жж. - Ғ. Кұрманғалиев атындағы облыстық филормония директорының орынбасары;
• 2011-2013 жж. – Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайы» бас директорының орынбасары,
• 2013-2014 жж. - «Астаналық концерт компаниясы» мекемесінің бөлім менеджері;
• 2014-2015 жж. - Астана қаласындағы «Кинобейне жалға беру дирекциясы» ЖШС-нің директорының міндетін атқарушы;
• 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының директоры қызметінде болды.

 

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
IT Group Kazakhstan