Оралда 6 мектеп салынып, 50 көшеге жөндеу жүргізіледі

11111

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында қолға алынған істер жайына тоқталған Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев Орал қаласында студенттерге арналған 6 жатақхана жобасы дайындалып жатқандығын айтты. Оның мәліметінше, индустриалды колледжге 250 орындық 2 жатақхана, политехникалық колледжге 150 орындық 1 жатақхана, медициналық колледжге 500 орындық 1 жатақхана және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 250 орындық 2 жатақхана құрылысы жоспарланған. Осылайша 1650 студент жаңа жатақханалармен қамтылмақ.

-Орал қаласы бойынша алты мектептің жобалық сметалық құжаттамалары дайындалуда. Атап айтқанда, Жұлдыз шағын ауданында 600 орынға арналған эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы, 300 орынға арналған №18, 400 орынға арналған №31, 300 орынға арналған №33 мектептер жаңадан салынбақ. Сонымен қатар Зашаған кентіндегі «Арман» шағынауданынан №51, «Автомобилист» ауданынан №52 және Балауса шағынаудандарынан №53 мектеп салу жоспарланған. Тыңнан салынатын соңғы үш білім ошағының әр қайсысы 900 оқушыға есептелген. Қала орталығы мен шағынаудандардың көшелерін жөндеу жұмыстары да жалғасын табатын болады. Ағымдағы жылы Ет комбинаты, орталық, Зашаған және Деркөл шағынаудандарындағы 50 көше күрделі және орташа жөндеуден өтеді. Әлеуметтік маңызға ие бірқатар нысандарға кірме жолдар төселеді. Өткен жылы күрделі жөндеуге жабылған «Депо» көпірінің құрылысын осы жазда аяқтау көзделіп отыр. Бұл көпір пайдалануға берілген соң «Нефтебаза» ауданындағы көпір жөндеуге жабылады,-деді Мұрат Рахметұлы.

Кеңес отырысына төрағалық еткен облыс әкімі жоспарланған жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.

-Қала орталығы мен шағын аудандардағы жол жұмыстарын жөндеу жұмыстарын тез арада бастау керек. Көктемнің шуақты күндерін тиымды пайдалану үшін өткен жылдың соңында қаражатын қарастырып, мердігерлерін анықтадық. Енді уақыт жоғалтпай, жұмысқа кіріскен жөн. Инженерлік жүйелерді жөндеуді де ұзатпаған дұрыс. Жатақхана салу жұмыстарына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясыныда кәсіпкерлерді көптеп тарту керек. Қоғамдық көлікке келер болсақ, автопарк басшыларымен сөйлесіп, автобустарды жаңартуды қатаң жүктеу керек. Біз оларға көлік жаңғыртуға уақыт бердік. Нәтижесін сұрайтын кез болды. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізгенде бірінші кезекте қоғамдық көлік жүретін негізгі жолдар қамтылу керек. Сонымен қатар басым бағытты биылғы көктемде қиындық тудырған көшелерге салуымыз қажет. Облыс пен қаланың бюджеті бекітілді, атқарылатын жұмыстар мен мердігерлер анықталды. Енді уақыт жоғалтпай іске кірісуіміз керек,-деді кеңес отырысын қорытындылаған облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

zhaikpress.kz

Фото Айбатыр Нұраш

Сауалнама

Бос уақытыңызда Сіз дене шынықтыру және спортпен айналысасыз ба?
Мекен-жай
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружбы, даңғылы, 179
Сайтты қолдау
Cтудия «Web-Design.kz»